Материалдар / "Тәуелсіздік тұғырым" атты мәнерлеп оқу сайысының сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тәуелсіздік тұғырым" атты мәнерлеп оқу сайысының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекесіне орай жоғары сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысының сценарийі. Сценрийде "Желтоқсан оқиғасының жалынды жастарының қанатты сөздері, 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін алу және "Жаңа Қазақстан" қойылым және сценрий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2023
218
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!»

(«Желтоқсандық жалынды жастар»,

«1991 жыл Қазақстан Тәуелсіздігін алу»,

«Жаңа Қазақстан») қойылым.


«Желтоқсан желі» әні қосылып тұрады.

Сахнаға бір топ оқушы шығып 1986 жылғы жалынды жастардың қанатты сөздерін, өлеңдерін оқиды, Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы өлеңдерін оқиды, қойылым соңында «Жаңа Қазақстанның» бейнесін көрсетіп «Атамекен» әнін хормен айтады.

Қойылым сөздері:

  1. Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
    Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
    Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
    Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
    Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
    Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
    Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
    Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
    Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
    Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
    Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
    Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.
    Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
    Кемсiтпекшi "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.



  1. Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні.

Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы,

Шаңырағы биік болып қазақтың.

Қисаймасын берік болсын рухы.

Тәуелсіздік еліміздің тұғыры,

Аспанынан көрінетін күн нұры.

Жасай берсін мәңгілікке Қазағым,

Таусылмасын, сарқылмасын ғажабың. (барлығы)







  1. Қасиетім, қастерлім

Өзің барда өзегімде жоқ шер, мұң

Кеше сенің келбетіңді арманқып

Боданына бұғауландың басқа елдің

Бабалардың басын тігіп бәйгеге

Аналардың жанарына жас бердің

Уа, еркіндік қош келдің

Өзегімді өртке ораған қоғамда

Өз үйіме, өзім өгей болам ба.

Алшаң басып жүре алмаса Алты Алаш

Азаттығым қадіріңде жоқ онда

Саған жету қиын болса қаншалық

Сақтап қалу, қиынр-ақ оданда

Алла берген азаттықтың әр сәті

Аманатқой маған, саған, оғанда. (барлығы)





  1. Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
    Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
    Қолға қонған бақ құсындай аялаған
    Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

    Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
    Атамыз бен бабамыздың сол ертеден
    Арманына жету үшін күрескені
    Тарихта шежіре боп қалған екен.
    (барлығы)





  1. О,туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,
    Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
    Сағынышымды қанат қып саған қарай
    Балапандай талпынып ұшамын мен.

Жат қылықпен жаныңды жараласам

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін Отансыздай

Үмітіңді ақтауға жарамасам.



  1. Менде арманда,

Сол арманға қол жетті арман барма.

Өзімізді өзіміз табалмастан,

Адасқанбыз сан тарап ормандарда.

Аспан түсіп туымыз желбіреді,

Шықты және теңгеміз ел біледі.

Әнұранда, елтаңба өзіңдікі,

Қараспанды қайсы аяқ төндіреді.

Тәуелсіздік болмаса ұғармедік,

Тоқтар менен Талғаттар шығармеді.

Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,

Әлем шырқап қосылып тұрармеді.







  1. Тауелсіздік -Қазақ үшін ғажап құт
    Ғажап құтқа жүрмейды енді мазақ түк
    Бөрі мінез Бабалардың арманы
    Айналайын, алтын қанат- Азаттық!
    (барлығы)



  1. Отыз екі жыл,отыз екі жыл азаттық
    Өзімізді құрсауданда босаттық
    Ақтадық біз ата баба үмітін
    Қолда қазір көк ту менен бостандық

Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе сенім оты сөнбегенін
Ызғарына аяздың төзгендерін
Бұл күннің оңайлықпенен келмегенін



  1. Артқа тастап азапты,
    Төнген бұлтта тарады.
    Жеңе алмады қазақты,
    Желбіреп көкте жалауы.
    Еркіндік елдің арманы,
    Қыран құс биік самғады,
    Азапқа салған қазақты,
    Үзілген үміт жалғады.
    Тәуелсіздік таңы атты!
    Қуан! Қазақ баласы.
    Ән мен күйге бөленсін,
    Қазақтың байтақ даласы.
    (барлығы)



  1. Тәуелсіздік таңы.

Елу елің сүйсіне кеп қарайды,

Ең бейбіт ел, ынтымағы жарасқан.

Деп біздерді бақыттыға санайды,

Тфә-тфә тамсандырдық талайды.

Бақыттымыз бағы асқан талайлы,

Құтты болсын отыз екі жыл қазағым.

Тәуелсіздік таңы бүгін арайлы! (барлығы)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған – «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ!» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. 1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Батыр жастарымызды еске алу үшін (1минут үнсіздік жариялаймыз.)

Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.

Олай болса, «Тәуелсіздік тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. ____________________________________________________

  2. ____________________________________________________

  3. ____________________________________________________

  4. ____________________________________________________

  5. ____________________________________________________

Әдәл қазылар алқасымен таныстық ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

  1. ____________________________________________________

  2. ____________________________________________________

  3. ____________________________________________________

  4. ____________________________________________________

  5. ____________________________________________________

Әділ –қазылар алқасы өздерінің бағасын беріп, төрелігін айтқанша, ортаға әсем әуенмен

_________________________________________________________ шақырамыз.

Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысына қатысқан барлық оқушыларымызды сахна төріне шақырамыз. Еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында – демекші, білімді болып, білікті, жігерлі де намысты , рухы биік, елінің ертеңіне айналар үлкен азамат- азаматшалар болып жүре беріңіздер. Бүгінгі тәуелсіздігміздің тұғыры әрқашан биік болсын. Сайысымыз өз мәресіне жетті.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!