Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік –тұғырымыз!»
Сабақтың мақсаты:оқушылардың өз отаны Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы
оқиғалардың бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік алуымызға себеп
болған жастар өмірін үлгі ету; Отанды сүюге, қорғауға Тәуелсіз елдің ұланы
екенін мақтаныш ете білуге, өз елінің ұлтжанды азаматы болуға баулу;
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ой толғау, шығармашылық қиялын дамыту.
Көрнекіліктер: слайд, кітаптар көрмесі, суреттер, бейне таспа
Сабақтың барысы:І.Кіріспе.
ІІ.Шындықтың шырағы сөнбейді.
ІІІ.Тәуелсіздік-тұғырымыз
ІY. «Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!» ой толғау
І.Кіріспе. Сынып жетекші сынып сағаты бойынша қысқаша баяндап өтті. ІІ бөлім. Шындықтың шырағы сөнбейді 1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын!Көгілдір туымыздың астында қырандай самғай беріңіздер,
баршаларыңызға ашық аспан, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бірлік,
жүздеріңізге күлкі тілеймін. 2 жүргізуші Атыңнан айналайын егемен ел:
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер!
Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы, келе берер! 1 жүргізуші:Рухсыз ұлт –ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген. 80 жылдардың 2 жартысында біздің
халқымыздың рухы өсті, мұхиттай буырқанып бусанып жатты. Тәуелсіздігіміздің өкпек
желі үздіксіз соғып тұрды. 2 жүргізуші: Қазақстан ол кезде әлі де болса қызыл империяның құрсауында болатын, бірақ әне-
міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді. Осы құлдық шынжырды мезгілінен
бұрын үзген алдаспан қылыштай болған оқиға 1986 жылдың 16-18 желтоқсанында
Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен қазақпын» деген
қазақ мұны білуі керек. Тәрбие сағатымыздың І бөлімі «Шындықтың шырағы сөнбейді». Бейне көрініс «Желтоқсан» 1 жүргізуші:Жас арудың жанарында желтоқсан
Қанды ғасыр табанында желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған желтоқсан
Қара тұман қабағында желтоқсан
Намысымның шырағы да желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да желтоқсан
Жігіттіктің ұраны да желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да желтоқсан
Хор: Желтоқсан желі
2 жүргізуші:Міне ағайын біздің елдің жас жігіттері мен қыздары Қайраттай өр намысты – елі үшін
жалын беретін патриот болуы керек қой. Осы желтоқсан оқиғасы кезінде
республикалық бостандығы мен тәуелсіздігі жолында азаматтық ерлік көрсеткен,
қайсарлықпен қаза тапқан жастарымызды еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктері бізге қашанда үлгі. Осы желтоқсан рухын,
намысын, ерлігін берсін, жас ұрпақ! Оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол
қоюымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. 1 жүргізуші: Тәуелсіздік 11 әріптен құралған
Сол ғасырлар бар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге арман. 2 жүргізуші:«Орнында бар оңалар демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ.
Жер болса, ел болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние
жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 1 жүргізуші: Енді Тәуелсіз Қазақстанның мерейтойына байланысты осы жылдарға көз жүгіртсек,
қандай тарихи даталар болды екен.
(Оқушылар кезек тарихи даталарды айтады) -1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. -1995 жылы Абай жылы болды. -30 тамыз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. -1997 жыл жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. -10 желтоқсан Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. -2015 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15 жылдығы. -2002 жылы Денсаулық жылы. -2003-2005 жылдар Ауылды қолдау жылдары. -2006 жыл Қазақстандағы Пушкин жылы. -6 қаңтар Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны бекітілді. -11 қаңтар Қазақстан Республиканың Президентін ұлықтау күні. т.б. 2 жүргізуші:Осы тарихи шежірелерді есте сақтап, біліп жүргеніміз абзал. Тәуелсізбіз деп
еркінтыныстатқан, бар байлығыма өзім иемін деп еңсе көтеріп сөйлейтін ұлы
құжат қой бұл, мұның бәрін елжірей еске ала отырып, асыл арманымызға жету
үшін халқымыз талай- талай тар жол тайғақ кешулерді, зұлматтар мен нәубеттерді
бастан өткергендіктен қайта-қайта айта береміз, айтуға тиіспіз де.
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде!
Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да
Жаса Қазақстаным, белді бекем буында!
Жеке номер: Жаса Қазақстан!
1 жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі
көрген жақсылығымыз дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең
алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Н.Назарбаев
жаңа кезеңде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп
өркениетке ұмтылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді.
(Оқушылар кезек қанатты сөздерді айтады)
Елбасының қанатты сөздері: 1. «Әрбір азамат өзін тең сезінетін татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды»
2. «Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі- бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген»
3. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болсаТәуелсіздік жеңістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет» 4. «Бүгінде - Қазақстан әлемдік қауымдастықта жауапты да құрметті әріптес, Орталық Азияның шешуші елі» 5. «Біз - жігерлі халықпыз. ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін»
Бейне таспадан «Жаңарған Қазақстаным» тақырыбы бойынша үзінді көрсетілді.
Жеке номер:
1 жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанымыз осы 2015 жылы бүкіл бұрынғы кеңестік кеңістігіндегі
елдер арасынан бүкіл мұсылман әлемі арасынан Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымы сынды аса беделді ұйымға төраға болып сайланды. 2 жүргізуші: Міне, біз еліміздің күн сайын өз жоспарларымызды іске асырып, жаңа Қазақстанды
– өз армандарымыз және үміттеріміздің мемлекетін құрдық. ІY бөлім. «Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!» Ой толғау
Оқушылар шығармашылығы ( Жекелеген оқушылар ой толғау, шығармашылық жұмысын ұсынады)
1 жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба, жарқыра! Тарихымызда таланттар көбейсін, Бас иемін ата-баба рухына. Бойымда әлі бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан жыр ағыздым, жыр құрап Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 2 жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп, нық ұста! Ғасырларға жалғастырып ерлікті Дақ түсірме ата- баба рухына Бізге үлгі аталардың ерлігі Ұлағаты, өнегесі, еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі! Хор : Ақ көгершін
Y бөлім. Сабақты қорытындылау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік-тұғырымыз!

шағым қалдыра аласыз