Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік тұғырымыз" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырымыз» атты шарамызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік. Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 

25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?! (бейнеролик көру)

Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толғанысқа бөлейді, кеудемізді қуаныш кернейді. Бұл – шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады. Тарихын қастерлейтін ұрпақ сіздерсіздер!
Олай болатын болса, сынақтан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. «Аукцион»ойынын ойнаймыз. Аукцион деген бір нәрсені сатып алу.Бүгін мен сендердің білімдерінді сатып алам. Мына жерде шарлар ілініп тұр. Шарларды жарып, ішіндегі сұраққа жауап береміз. Дұрыс жауап берген адамға сыйлығымыз бар.
• Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?(16 желтоқсан 1991)
• Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қай жылы 20 жыл толды?(2001)
• 1 желтоқсанда қандай мереке тойланады?(Президент күні)
• Мемлекеттік тудың авторларын атаңдар(
• Қазақстанда қанша облыс бар?(14 облыс)
• Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды(30 тамыз 1995)

Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін (үш биді ата)
• Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар (жалғастыр)

1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Сол жылдардан көрініс көру үшін назарларымызды экранға аударайық(бейнеролик көрсетіледі «Желтоқсан желі.Әрбір қазақ көруге тиіс видео»)

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына тапай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан күш.

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!

Көрініс «Қайраттың тұтқындалуы»

Жүргізуші:Тұрындар.Сот келеді.

Тергеуші:Сот процесін бастаймыз.1-ші куәгерді шақырамыз.Сізге сұрақ.Сіз алаңда Қайрат Рысқұлбеков Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба

1-ші куәгер:Боламын, өз көзімен көрдім.Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар.Ол ұлтшыл Қайрат, оңбаған.

Тергеуші:2-ші куәгерді шақырамыз.Сіз Қайрат Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргенініз распа?

2-ші куәгер:Рас-рас.Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.Менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековты айыпты деп табамын

Қайрат:Хақ, о халқым.Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды.Менің де соңғы ақтық сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

21 де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар.Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым.

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

Жүргізуші:Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты


Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. (слайд арқылы өмірбаяндарымен таныстыру)

Айбек:Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мүғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды.ол алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап,Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қара өлең айтып,шеру тартты.Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған.сөйтіп, албырт жас жатақхананның өзі тұратын бөлмесінің терезесінен сікіріп қаза тапты.

Жанаргүл:Ляззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазақ ауылында дүниеге келген.Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ляззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді.Ляззаттың жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені аңықталды.Осыған қарағанда ол жаалаушылардың қолдарынан қаза тапқан.Ляззат әпкемізді мәнгі есімізде қалдырамыз.Аруағыга бас иеміз.

Еламан:Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен.Ол Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын.Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді.1986 жылдың 16-желтоқсанында кешкі сағат 8де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақат алған Ерболды әкелді.Ол есін жимастан қайтыс болды.Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәнгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз

Тілекші:Қайрат Рысқұлбек Жамбыл облысы, мойынқұм ауданында,Бірлік ауылында дүниеге келген.1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі.Сол желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында ұстады.»

«Желтоқсан жұлдыздары»-жалынды жастарымыз бен қыршын кеткен боздақтарды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздік жариялап, еске алайык. Ән «Желтоқсан желі» орындайтын Саясат Назым

«Көшбасшы тұлғалар»
Тарих беттерінде тәуелсіздік жолында жүректері «елім», «жерім» деп соққан көшбасшыларды еске түсірейк.Алдарында бірнеше танымал тұлғалардын суреттері бар.солардың ішіннен тандап, кім екенін таныстырып өтулерін керек.
Жүргізуші:Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! (Президент туралы өлендерін оқиды)

Ернар:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Қайырбек:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Бекзат:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

Олжас:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Жүргізуші: 
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. 
(Ортаға шығып қыздар би билейді, билеп жүріп шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.) 
Жүргізуші: 
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 

Жүргізуші: 
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай оқушылардың тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін тыңдайык.

Серікбол: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінің бермеді

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады


Қуандық: Тұрағым Қазақстан елді мекен,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

Ән «Көк тудың желбірегені» Орындайтын:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.(оқушылар бір бір әріппен шығады)

Т – білдіреді теңдікті, (Ернар)

Ә — әдептілік, әлдікті. (Бекзат С)

У – уайымсыз уақытты, (Назым)

Е – егемендік елдікті (Бекет)

Л – дейді лағып лепірме (Нұрсұлу)

С – сенімділік секілді ең,(Олжас)

І – ілтипат қой, (Нұртілек)

З – зиялылық тілек қой.(Дильназ)

Д – шақырады достыққа,(Мансур)

І-ізет қой(Берік)

К – дейді күн боп көктегі (Алихан)

16 желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Хор: «Атамекен»

Қорытынды Басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «» жұмысымызды осымен аяқтаймыз.






























Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?




• Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қай жылы 20 жыл толды?




• 1 желтоқсанда қандай мереке тойланады?





Мемлекеттік тудың авторларын атаңдар




• Қазақстанда қанша облыс бар?






• Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды





Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін (үш биді ата)




• Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар (жалғастыр)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12