Тәуелсіздік
Қиын-қыстау жылды талай еңсердік,
Бодандықты үнсіздікпен өткердік.
Азаттықтың ақ таңы атып, арайлап,
Тәуелді ел-ек, «Тәуелсіз» боп өзгердік!
Қазақстан- тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақбозатпен оза шауып, жаңғырды аты әлемде!
Өткен күндер келмеске кетті қол бұлғап,
Болашаққа сенімен қарап, «Мәңгі елге!»
Тарихымызбен тайсалмай басып, ғасырға!
Әдебиетіміз айналды бүгін-асылға!
Мәдениетіміз жаңғырып қайта жаңаша,
Тіліміз міне, тұғыры биік қасымда!
Жылдан-жылға көркейіп, ашып арнасын ,
Тәуелсіздіктің көре берейік, жалғасын!
Көк туымда қанат жайған қырандай,
Қазақстан- тек биікке самғасын!
Қазағым
Ұят, обал деген сөзді жаттап өскен Қазағым!
Тағдырдың көп сынағына қарсы тұрған Қазағым!
Ашаршылық, зобалаңда тірі қалған Қазағым!
Қанша ғасыр тарихы бар өзің ғана Қазағым!
Желтоқсанда қыршын кеткен Қазағым!
Таржол тайғақ кешіп өткен Қазағым!
Қиындыққа мойымай сен қашанда,
Рухың биік асқақтасын Қазағым!
Ашуланса- арыстандай ақыратын Қазағым!
Қатулаланса- қабағынан қар жауатын Қазағым!
Сыйлағанның құлы болып қашанда,
Сыйсыздарды құл ететін Қазағым!
Қойдан жуас момын болған Қазағым!
Сен тимесең, мен тиме дейтін тағы Қазағым!
Намысына тисе егер аянбай,
Аттандап кеп атқа қонған Қазағым!
Жайлауында малын баққан Қазағым!
Қыстауында тыныш жатқан Қазағым!
Ешкімге де өздігінен соқтықпай,
Найзасына үкі таққан Қазағым!
Ешкімді де басынбаған Қазағым!
Басынан сөз асырмаған Қазағым!
Ынтасымен күш-жігерін қолға алып,
Жауларының басын алған Қазағым!
Құдайындай қонағын сыйлайтын да Қазағым,
Тектілікті бойына жинайтын да Қазағым!
Қыздарына қырық үйден тыйым сап,
Жеті атасын жаттайтын да Қазағым!
Барлық ұлтқа пана болған Қазағым!
Кемеңгер де, дана болған Қазағым!
Өзге ұлтқа бөліп беріп өз асын,
Төрге сүйреп, шапан жапқан Қазағым!
Жаратқан өзі жар болсыншы Қазағым!
Тағдырының сыйына бар болсыншы Қазағым!
Көк туымыз көкте әркез желбіреп,
Тәуелсіздік мәңгі болсын Қазағым!
Автор: Жадыра Елемесқызы
Абай Құнанбаевқа арнау
Қара өлеңмен кең дүниені тербеткен,
Абай ата өрісіңіз кең неткен!
Қалың елдің қамын жеп өле өлгенше,
Кең даласын өлеңменен сөйлеткен!
Оның жолы үлгі болған бар елге,
Асыл ана Ұлжан берген өнеге.
Құнанбайды дәретсіз емізбеген,
Зере әжесі беріпті мол тәрбие.
Бірдей көрді жұрттың ақ пен қарасын да,
Мыңмен жалғыз алысты нанасың ба?
“Ғылым керек, еңбек керек, бірлік керек”,
Деп үндеді ұлттың барша баласына.
Әуезов танытты оны бар әлемге,
“Абай жолы” романы елге өнеге.
Жүз жылдық тарихын бұл қазақтың,
Төрт томға сыйдырыпты сөзді тере.
Қара сөзбен кесте тіккен бұл ғұлама,
Жүрекке ем, ойға қорек Абай ғана.
Жүріп өтті жалғыздықпен мұң кешіп,
Қазақта Абай дана, Абай дара.
Қазаққа Абай керек, өлең керек!
Есімі ұмытылмас алтын діңгек!
180 жыл ғана емес мәңгі бақи,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік туралы өлең
Тәуелсіздік туралы өлең
Тәуелсіздік
Қиын-қыстау жылды талай еңсердік,
Бодандықты үнсіздікпен өткердік.
Азаттықтың ақ таңы атып, арайлап,
Тәуелді ел-ек, «Тәуелсіз» боп өзгердік!
Қазақстан- тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақбозатпен оза шауып, жаңғырды аты әлемде!
Өткен күндер келмеске кетті қол бұлғап,
Болашаққа сенімен қарап, «Мәңгі елге!»
Тарихымызбен тайсалмай басып, ғасырға!
Әдебиетіміз айналды бүгін-асылға!
Мәдениетіміз жаңғырып қайта жаңаша,
Тіліміз міне, тұғыры биік қасымда!
Жылдан-жылға көркейіп, ашып арнасын ,
Тәуелсіздіктің көре берейік, жалғасын!
Көк туымда қанат жайған қырандай,
Қазақстан- тек биікке самғасын!
Қазағым
Ұят, обал деген сөзді жаттап өскен Қазағым!
Тағдырдың көп сынағына қарсы тұрған Қазағым!
Ашаршылық, зобалаңда тірі қалған Қазағым!
Қанша ғасыр тарихы бар өзің ғана Қазағым!
Желтоқсанда қыршын кеткен Қазағым!
Таржол тайғақ кешіп өткен Қазағым!
Қиындыққа мойымай сен қашанда,
Рухың биік асқақтасын Қазағым!
Ашуланса- арыстандай ақыратын Қазағым!
Қатулаланса- қабағынан қар жауатын Қазағым!
Сыйлағанның құлы болып қашанда,
Сыйсыздарды құл ететін Қазағым!
Қойдан жуас момын болған Қазағым!
Сен тимесең, мен тиме дейтін тағы Қазағым!
Намысына тисе егер аянбай,
Аттандап кеп атқа қонған Қазағым!
Жайлауында малын баққан Қазағым!
Қыстауында тыныш жатқан Қазағым!
Ешкімге де өздігінен соқтықпай,
Найзасына үкі таққан Қазағым!
Ешкімді де басынбаған Қазағым!
Басынан сөз асырмаған Қазағым!
Ынтасымен күш-жігерін қолға алып,
Жауларының басын алған Қазағым!
Құдайындай қонағын сыйлайтын да Қазағым,
Тектілікті бойына жинайтын да Қазағым!
Қыздарына қырық үйден тыйым сап,
Жеті атасын жаттайтын да Қазағым!
Барлық ұлтқа пана болған Қазағым!
Кемеңгер де, дана болған Қазағым!
Өзге ұлтқа бөліп беріп өз асын,
Төрге сүйреп, шапан жапқан Қазағым!
Жаратқан өзі жар болсыншы Қазағым!
Тағдырының сыйына бар болсыншы Қазағым!
Көк туымыз көкте әркез желбіреп,
Тәуелсіздік мәңгі болсын Қазағым!
Автор: Жадыра Елемесқызы
Абай Құнанбаевқа арнау
Қара өлеңмен кең дүниені тербеткен,
Абай ата өрісіңіз кең неткен!
Қалың елдің қамын жеп өле өлгенше,
Кең даласын өлеңменен сөйлеткен!
Оның жолы үлгі болған бар елге,
Асыл ана Ұлжан берген өнеге.
Құнанбайды дәретсіз емізбеген,
Зере әжесі беріпті мол тәрбие.
Бірдей көрді жұрттың ақ пен қарасын да,
Мыңмен жалғыз алысты нанасың ба?
“Ғылым керек, еңбек керек, бірлік керек”,
Деп үндеді ұлттың барша баласына.
Әуезов танытты оны бар әлемге,
“Абай жолы” романы елге өнеге.
Жүз жылдық тарихын бұл қазақтың,
Төрт томға сыйдырыпты сөзді тере.
Қара сөзбен кесте тіккен бұл ғұлама,
Жүрекке ем, ойға қорек Абай ғана.
Жүріп өтті жалғыздықпен мұң кешіп,
Қазақта Абай дана, Абай дара.
Қазаққа Абай керек, өлең керек!
Есімі ұмытылмас алтын діңгек!
180 жыл ғана емес мәңгі бақи,
шағым қалдыра аласыз













