Материалдар / "Тәуелсіздік туы желбірейді" ашық тәрбие сағаты

"Тәуелсіздік туы желбірейді" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне орай мұғалімдерге керек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2018
1293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік туы желбірейді
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә. Назарбаевтың портреті,суреттер,нақыл сөздер.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Кіріспе сөз:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар!Тәуеліздігіміздің туы желбіреп,еліміздің егемендік алғанына 26 жыл толып отыр.Бұл мереке барша қазақстандықтарға,бәрімізге құтты болсын!Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндеттідеген.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.
Мұғалім:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан! деп 3 сынып оқушыларының тәуелсіздік туы желбірейдітақырыбындағы ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

Ата-бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!










Мұғалім:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

Мұғалім:
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.Ел үшін,тәуелсіздігіміз үшін жанын қиған Қайрат,Ләззат,Ербол,Сабира сынды аға әпкелерімізді еске алмай кете алмаспыз.

Желтоқсан оқиғасы
Оқушы: Аяна
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене айтуға болады. Сол жылдарда Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, балабақшаларының жаппай жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің жер-жерлерде қазақтарды төмен санауы, қала берді Алматы қаласына ауылдан келген ағайындарымыздың есепке тұра алмай, қор болуы, өз жерлерінде жүріп тұрғын үйге зар болуы сияқты себептер қазақ жастарының намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың түсіп, онын орнына Мәскеуден ұлты орыс-Колбиннің тағайындалуы отқа май құя түсті.
Оқушы:Аянат
Ұлттық намыстан басқа ештеңе ойламаған жастар-студенттер, жұмысшылар Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?-деген сұраққа жауап іздеп алаңға шықты. Кеуделерін намыс кернеген олардың жүздеп, тіпті мыңдап көбейе бергенінен қорыққан билік алаңдағы жастарды нашақорлар, маскүнемдер деп атап, елге жалған ақпарат таратты. Бейбіт түрде демонстрацияға шыққан жастар теңдік сұрады. Мәскеуден жастардың толқуын басу туралы бұйрық келіп, жан-жақтан әскерлер келіп, жігіттерімізді ұрып соғып, қыздарды шашынан сүйреп, итке талатты, қызыл қанға бояды.






Желтоқсан құрбандарын еске алу
Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбеков Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.

Ербол Сыпатаев Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны-Ербол Сыпатаев.1986 жылдың 18- желтоқсанында сағат 20- да ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының екінші курс студенті Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздын екінші бөлімшесінде туып өскен. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. Мектепті жақсы бітіріп, қазақ әдебиетіне ерекше бейімділігі жөнінде мақтау қағазын қоса алды.Әскер қатарында жүргенде де, институтта да мақтау қағазымен мадақталды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде қалдырамыз.

Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны- Мухамеджанова Сабира 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай Ауданында дүниеге келген. Сабира 1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даяралайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. Анасын шақырып, демонсрацияяға барлық қыздар Сабираның ұйымдастыруымен шықты деген жала жүйкесіне тиген қыз анасын көріп мауқын басқан соң жатахананың 5-қабатынан секіріп өледі. Үлбіріген қызғалдақ мезгілсіз қиылды.Біз Сабира әпкемізді желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалддырамыз.

Асанова Ләззат Алтынайқызы - Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.1985ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз! деген ұранмен шықты

Оқушы: Аяулым
Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың бірқатары түрмеге жабылып, сотталды, бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі істер қызметкерлерінің үнемі назарында болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді.
Тарихтың беті айналып, 1991 жылы көп аңсап, арман еткен тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Қазақ даласындағы өзге ұлт-азаттық көтерілістерден Желтоқсан көтерілісінің бір өзгешелігі-мұнда кілең сайдың тасындай қыз-жігітеріміздің қатысуы. Ұлттық намысты ту еткен олар қандай мақтауға да лайықты.Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандарды біз ардақтап, құрметтей білуіміз керек.

Оларды бір сәт үнсіздікпен еске алайық!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің еш қиындық көрмеді.
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.





Міне осы Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік. Бүгінде тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толуда. Құрметті жастар! Батыр да қайратты аға – әпкелеріміздің ерлігін үлгі тұтайық, естен шығармайық.Тәуелсіздігіміз құтты болсын!
Оқушы: Нұрбибі
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан,
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы: Досымжан
Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл,көк майсалы,көрікті жер.
Бостандықты аңсаған батырлардың,
Әруағына бас ұрып,тәу еткен жер.

Оқушы: Аяулым
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма.
Оқу оқы,білім ал,елің үшін,
Еңбек ет тыным таппай,жан аяма!

Оқушы: Балым
Ел болдық егеменді,теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Оқушы: Айым
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Ән: Гүлжазира Қазақстан

Оқушы: Бекасыл
Отаным-Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз Елбасына үлкен сенім.
Мен қазақпын,ұланымын қазақтың,
Тәуелсізбін,егеменмін,озатпын.
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Алатаудай көкке өрлеген азатпын.

Оқушы: Досымжан
Көз қуанып,күн сайын көркеміңе,
Көңіліміз сенеді ертеңіне,
Қазақстан алып ел,астана
Таңым ғана лайып ел төріне.



Оқушы:Құрбанәлі
Тәуелсіздік-тірегім алмас үнді,
Тәттіүміті халқымның сан ғасыры,
Көк байрақты,кемеңгер кемел ойлы,
Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Тәуелсіздік шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың.
Аяулысың білмеген алақаннан,
Суып барып қайтадан табылғансың.

Оқушы:Дінәли
Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.

Би: Әдемі -ай қыздар биі
Ән: Отан

Оқушы:Меруерт
Менің елім-Қазақстан,жүрегім,
Тек өзіңсің,Отан ана тірегім.
Аман болсын елім ,жерім,ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Менің елім-Қазақстан,Отаным,
Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсің абыройың,атағың.


Оқушы: Жадыра
Жаралдық машылықтан,толы ағыстан,
Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан,
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің-Қазақстан!

Оқушы:Айсауле
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.

Би: Ұлытау биі









Тәуелсіздік шежіресі

Оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.

Оқушы: 1993 жылы 15 қараша Ұлттық валюта күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Оқушы: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.

Оқушы: 1997 жылы Қуғын сүргіндерді еске алу жылы деп аталды.

Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Оқушы: 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы деп аталды. Шежірелі
Түркістанға 1500 жыл толды.

Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

Оқушы: 2002 жыл. Денсаулық жылы деп жарияланды.

Оқушы: 2003-2005 жылдары Ауыл жылы деп жарияланды.

Оқушы: 2004 жылы Қазақстан – Ресей жылы болды.

Оқушы: 2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

Оқушы:2007 жылы Қазақ тілін қолдау жылы.
Оқушы: 2017жылы Қазақстанның бас қаласы елордада дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі болып өтті.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!





1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып
Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

Би: Ата толғау
Ән: Қазақстан
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.


Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
Қорытынды:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды
қорытындылаймыз!






















2017-2018 оқу жылы

№37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ
ЖЕЛБІРЕЙДІ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ