Тәуелсіздік ұраным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік ұраным

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанға деген мейірімін күшейту Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік ұраным»
Күні: 10.12.2018 ж

Мақсаты: Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, мақалдар, плакаттар.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар сіздерді барлықтырыңызды Қазақстан Республика-сының Тәуелсіздігіне 27 жылдығы мен құттықтаймын. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.Осыған орай «Тәуелсіздік ұраным!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдаймыз.

Сұрақ-жауап

Балалар : ОТАН дегеніміз не?

Лола: Отан дегеніміз- адамның туып – өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен.

Хондамир: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, қырат та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар.

Алибек: Отаным менің кең-байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы еш уақытта соғыс тілемейді, бейбітшілік үшін күреседі.

Отан туралы сұрақ-жауап кезеңі


Жүгізуші: Бүгінгі ән жырымыз тек сіздерге арналады.

Ендігі кезек «Дует» Каттакулова М мен Тугушева О -ның орындауында

Мұғалім: Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз дей отырып кезекті тақпаққа береміз

Ахмаджан: Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам –Қазақстан!

Қойнауы қазынағы толған мекен,

Байлығымды айтсам- Қазақстан!

Эзоза: Қазақстан- бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе, даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған,

Батырларым демесем болар күнә.

Дилора: Отан дейміз-от жаққан жерімізді,

Отан дейміз- өсірген елімізді.

Отан деміз –туған жер,атамекен-

Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.

Илмира: Отан дейміз- кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы,

Отаның шеті де жоқ,шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйінен басталады.

Мұғалім: Қазақстан унитарлы мемлекет болып саналады.Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген және елімізде ірі де, әсем пайдалы қазбаларға бай қалалар көп.

Оқушылар аты аталған қалаларды суретімен көрсете отырып айтады.

Алматы-бұл жері жайсан облыс.

Ақтөбе-ақтарысы,мол ырыс.

Атырау- мол Қазақстан мұнайы.

Жамбыл-жайлауы шырайлы, қазыналы.

Жезқазған-кен бұзылмағанаймағы.

Көкшетау- көп-көгілдір аймағы.

Қарағанды-қара алтының қоймасы.

Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда-күрішті сыр сағасы.

Орал- көне Ақжайықтың жағасы.

Өскемен-өр шығыста,Алтай аясы.

Павлодар-қара Ертістің саясы.

Қызылжар- солтүстігім орманды.

Семей-аңызШығыстаудай қорғанды.

Талдықорған- жер жанаты,көп бағы.

Астана- Арқада астық алқабы.

Шымкент-ыстық, оңтүстігім мақталы.

Оқушылар аты аталған қалаларды суретімен көрсете отырып түсінік беруде

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

-Міне, балалар еліміздің басынан ұмтылмас талай оқығалар өтті. Уақыт өтіп жатса да, жүректерде ұмтылмайтын мәңі есімдер сақталады. Елін, жерін қорғаушы ерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетіп, мақтаныш тұту біздің міндетіміз.Әрқашанда елімізді гүлдендіруге, көркейтуге, оның әсем табиғатын қорғай білуге үлес қосайық!

Бір-біріңе бауырмал дос болыңыз

Білмегенді үйретер қос болыңыз

Осыменен біз сабақты аяқтаймыз

Әдемі оқушылар қош болыңыз – дей отырып ашық сабағымызды аяқтаймыз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі