Сахналық көрініс: "Тәуелсіздік vs Жаңа жыл"
Кейіпкерлер:
-
Тәуелсіздік (Т) – ұлттық киім киген, патриоттық рухтағы кейіпкер.
-
Жаңа жыл (Ж) – жарқыраған киімдегі, көңілді кейіпкер..
-
Мұғалім – сахнада ортада тұрған, балаларға бағыт-бағдар беретін ұстаз.
Тәуелсіздік (Т):
(Қолдарын айқастырып)
-Ата-бабам арман еткен Азаттығым тұрғанда, қайдағы Жаңа жыл. Жылтырап қайдан келдіңдер?
Жаңа жыл
(Ж):
(Жарқырап күліп)
-Не болды естеріңдң енді жидыңдар ма?
Т: Мен Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі еліміздің болашағын айқындайтын, тәуелсіз мемлекет ретінде еркін өмір сүруімізге мүмкіндік беретін күні емеспін бе? Бұл күн менің Отанымды мақтан ететін сәтім!
Ж: Тууу ,бір аяқ астынан не болды сіздерге Тәуеке?
Т: Тәуелсіздік күні еліміз үшін өте маңызды. Біз өз тәуелсіздігімізді қиын жолдармен қол жеткіздік. Әр қазақ баласы үшін бұл – мақтаныш пен абырой!
Бірақ меніңше, адамдар Тәуелсіздік күнін жиі ұмытып, Жаңа жылды тойлауға асығып кетеді. Ал Тәуелсіздік мерекесі бізге қаншалықты маңызды екенін бәрі біле бермейді.
Ж: Ал мен – Жаңа жыл! Әрқайсымызды жаңа үміттер мен тілектермен қарсы алатын ерекше мереке. 1 қаңтарда біз жаңа жылдың басын тойлаймыз. Жаңа жыл – көңіл күйді көтеретін, бүкіл отбасымызды бірге жинайтын маңызды мереке!
Біле білсең мені тек Қазақстанда ғана емес барлық елдер де, барлық адамдар да күтіп алады. Мен келіп, жаңа үміттер мен бақыт алып келемін. Жаңа жыл – бұл барлық армандар мен тілектердің орындалатын сәті!
Т: Эй, жаңа жыл сен тәуелсіздік болмағанда қайтер едің?
Ж:Есіңде болсын Тәуелсіздік, мына халық сен болмағанда да Жаңа жылды тойлаған.
Жай музыка қосылады
Т: Неліктен, халық желтоқсанның бірінен бастап алаңға үлкен шырша қояды? Биліктерігер бар, бәрі сол шыршаның жарығын қосып мәре-сәре болады. Тәуелсіздік келмей көшелерге жаңа жылдық безендірулер іледі...
Біздің қазақ мінезге бай ғой... Бірінші келетін Тәуелсіздікті емес, қалаларымыз шырша қойып жарысып жатыр . 1986 жылы сол алаңдарда шырша емес, қазақ деп қырылған жастардың қаны төгілген ...Осы неге екені белгісіз,сырттан келген жылтыраған мерекенің тасасында мына мен тәуелсіздік қалып қоя беремін. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерен ерлігі мен бізге әперген Тәуелсіуздігін жылтыраған шыршаға айырбастамайықшы!
Тәуелсіздік мына менің бойым сияқты, аз уақыт қана дайындалып,тойланады. Ал, Жаңа жыл Азиздің бойы сияқты ұзақ уақыт дайындалады, тойлайды, тіпті ұзақ уақыт демалады.
Мен жаңа жылды қарсы алуға қарсы емеспін. Керісінше, мен адамдарды қуанышқа бөленгенде, өз еліміз туралы ойлап, бірлігімізді ұмытпағанымызды қалаймын.
Ж:Сен Тәуеке елімізді тек қана қазақтар тұрады деп ойлама. Бірнеше ұлт өмір сүретін болғандықтан, олармен де санасуымыз керек.әрбір мереке өз орнына өте маңызды.
Тәуелсіздік күні біздің ұлттық мақтанышымыз, ал Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктер мен бақытты кезеңнің басы. Екеуін қатар тойлай отырып, біз тарихты ұмытпауымыз керек.
Біздің түк кінәміз жоқ, бар жазығым адамдарға қуаныш сыйлағаным ба?
Олай болса Жаңа жыл дәл қазір мына халықтың алдында өзіңнің бір ауыз сөзіңді айт!
Халқым,ояныңдар! Ата-бабам армандаған Азаттық күніне көңіл бөлуді ұмытпаңыздар!Жаңа жылды тойламаңдар демеймін, тойлаңдар! Тек менен кейін! Менің жолым үлкен! Менің жолым дара! Менің жолым биік!
Қазақ елі бұл Қазақстаан! Әні
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік vs Жаңа жыл
Тәуелсіздік vs Жаңа жыл
Сахналық көрініс: "Тәуелсіздік vs Жаңа жыл"
Кейіпкерлер:
-
Тәуелсіздік (Т) – ұлттық киім киген, патриоттық рухтағы кейіпкер.
-
Жаңа жыл (Ж) – жарқыраған киімдегі, көңілді кейіпкер..
-
Мұғалім – сахнада ортада тұрған, балаларға бағыт-бағдар беретін ұстаз.
Тәуелсіздік (Т):
(Қолдарын айқастырып)
-Ата-бабам арман еткен Азаттығым тұрғанда, қайдағы Жаңа жыл. Жылтырап қайдан келдіңдер?
Жаңа жыл
(Ж):
(Жарқырап күліп)
-Не болды естеріңдң енді жидыңдар ма?
Т: Мен Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі еліміздің болашағын айқындайтын, тәуелсіз мемлекет ретінде еркін өмір сүруімізге мүмкіндік беретін күні емеспін бе? Бұл күн менің Отанымды мақтан ететін сәтім!
Ж: Тууу ,бір аяқ астынан не болды сіздерге Тәуеке?
Т: Тәуелсіздік күні еліміз үшін өте маңызды. Біз өз тәуелсіздігімізді қиын жолдармен қол жеткіздік. Әр қазақ баласы үшін бұл – мақтаныш пен абырой!
Бірақ меніңше, адамдар Тәуелсіздік күнін жиі ұмытып, Жаңа жылды тойлауға асығып кетеді. Ал Тәуелсіздік мерекесі бізге қаншалықты маңызды екенін бәрі біле бермейді.
Ж: Ал мен – Жаңа жыл! Әрқайсымызды жаңа үміттер мен тілектермен қарсы алатын ерекше мереке. 1 қаңтарда біз жаңа жылдың басын тойлаймыз. Жаңа жыл – көңіл күйді көтеретін, бүкіл отбасымызды бірге жинайтын маңызды мереке!
Біле білсең мені тек Қазақстанда ғана емес барлық елдер де, барлық адамдар да күтіп алады. Мен келіп, жаңа үміттер мен бақыт алып келемін. Жаңа жыл – бұл барлық армандар мен тілектердің орындалатын сәті!
Т: Эй, жаңа жыл сен тәуелсіздік болмағанда қайтер едің?
Ж:Есіңде болсын Тәуелсіздік, мына халық сен болмағанда да Жаңа жылды тойлаған.
Жай музыка қосылады
Т: Неліктен, халық желтоқсанның бірінен бастап алаңға үлкен шырша қояды? Биліктерігер бар, бәрі сол шыршаның жарығын қосып мәре-сәре болады. Тәуелсіздік келмей көшелерге жаңа жылдық безендірулер іледі...
Біздің қазақ мінезге бай ғой... Бірінші келетін Тәуелсіздікті емес, қалаларымыз шырша қойып жарысып жатыр . 1986 жылы сол алаңдарда шырша емес, қазақ деп қырылған жастардың қаны төгілген ...Осы неге екені белгісіз,сырттан келген жылтыраған мерекенің тасасында мына мен тәуелсіздік қалып қоя беремін. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерен ерлігі мен бізге әперген Тәуелсіуздігін жылтыраған шыршаға айырбастамайықшы!
Тәуелсіздік мына менің бойым сияқты, аз уақыт қана дайындалып,тойланады. Ал, Жаңа жыл Азиздің бойы сияқты ұзақ уақыт дайындалады, тойлайды, тіпті ұзақ уақыт демалады.
Мен жаңа жылды қарсы алуға қарсы емеспін. Керісінше, мен адамдарды қуанышқа бөленгенде, өз еліміз туралы ойлап, бірлігімізді ұмытпағанымызды қалаймын.
Ж:Сен Тәуеке елімізді тек қана қазақтар тұрады деп ойлама. Бірнеше ұлт өмір сүретін болғандықтан, олармен де санасуымыз керек.әрбір мереке өз орнына өте маңызды.
Тәуелсіздік күні біздің ұлттық мақтанышымыз, ал Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктер мен бақытты кезеңнің басы. Екеуін қатар тойлай отырып, біз тарихты ұмытпауымыз керек.
Біздің түк кінәміз жоқ, бар жазығым адамдарға қуаныш сыйлағаным ба?
Олай болса Жаңа жыл дәл қазір мына халықтың алдында өзіңнің бір ауыз сөзіңді айт!
Халқым,ояныңдар! Ата-бабам армандаған Азаттық күніне көңіл бөлуді ұмытпаңыздар!Жаңа жылды тойламаңдар демеймін, тойлаңдар! Тек менен кейін! Менің жолым үлкен! Менің жолым дара! Менің жолым биік!
Қазақ елі бұл Қазақстаан! Әні
шағым қалдыра аласыз













