Материалдар / Тәуелсіздікке арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздікке арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір студентке әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2021
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы»

Желдей еркін,түздей кең,таңдай азат

Мен-қазақпын деген де қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар,халықтығын!

Жетер сан жыл шеккені малдай азап!

Ж.Молдағалиев

Қазақ халқы-жетімді аялаған,батырын

даралаған,үлкенін саялаған,еңбекті бағалаған-дана халық.

Болашақ үшін білектің күшін біріктіріп,сансыз белестерді өткерген халық.Тарихқа біраз көз жүгіртсек,сонау революциядан алдын тәуелсіздік үшін,бірлік үшін күрескен Қабанбай,Бөгенбай батырлар,адалдықты,адамдықты саралап,бейбітшілікті арман еткен,күрескен,жазықсыз жаланың құрбаны болған,қазақ жері үшін жанын қиған:Ахмет,Ілияс,Бейімбет, 1986 жылы «Алматы»-алаңына шығып,Колбиннің сараңдығына шыдамай,азаттық үшін жан берген Қайрат,Ләззат қандастарымыз,сонау алапат соғыстың топырағына қаны сіңген, «Қазақ үшін-мерт болған»Әлия мен Мәншүк-бәрі,бәрі-де «Қазақ» үшін жанын қиғандар емеспе?! Дәл осы кісілердің арқасында міне,біз «бозторғай жұмыртқалаған» заманда,тәуелсіздіктің таза ауасымен тыныстап келеміз.Елі үшін жанын қиған қандастарымызды әрдайым ауызға тиек етіп,мәңгілік жадымызда ұстамасқа болмас....

Сан қилы белестерді бағындырып, «Қазақтың қазақ болуына»-ықпал жасаған тағы бір тума дана еліміздің басшысы,тірегі-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 130-дан астам халықтың,өзге ұлт өкілдерінің басын қосып,ел бірлігін,ынтымағын сақтауға ерен еңбек етіп жүрген елбасымызға да мың алғыс.Талай-талай қиындықтың қойнауында «шырпып жанған от секілді жалындаған қазақ»-бүгін міне,өзге елдермен терезесі тең,керегесі биік...

1991 жылы тәуелсіздігімізді алдық,бізідің тәуелсіздігімізді мойындап,құттықтаған Түркия,Өзбекстан,Ресей сынды мемлекетер болса,ендігі кезекте «Қазақтар аяғын нық басуы,биікке өрлеуі қиын»-деп пікір білдірген елдер де болды.Әйтсе де,қиындықпен ынтымақты халықпен бірге елбасымыз сондай оңды-соңды сөздерді жоққа шығарып,міне,20 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Қазақстан 2030» жолдауын арнады.

« 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азияда алдыңғы қатардан орын алады,және өзге дамушы елдерге үлгі болады-деп сенемін»,-деді.

Қоғамның келешегі- жастар,яғни біздер.Аман болсақ елбасымыздың стратегиялық бағдарламасына,көпшілік болып ат салыссақ, «дамыған елу елдің қатарына кіруге үлкен мүмкіндігіміз бар»

«Тәуелсіздік алдық,арманымыз орындалады»,-деп беймарал жүретін біз емес,егер жалқаулықты мойынға міндірсек,артта қалған ел боларымыз хақ!Бірақ «Жаман айтпай,жақсы жоқ»,-деген ғой атам қазақ!Алдымызға алапат мақсат қойып,болашақтың ірге тасын бірге қаласақ және де барлық істі асқан жауапкершілікпен атқарсақ,бізге өзге ел емес,біз өзге елге үлгі көрсететін боламыз!Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүру,еркін тыныс алу бүгінгі ұрпаққа бұйырғаны,әрине,жүрекке жылу оялататыны рас,дегенмен қайда болсақ та,қайда жүрсек те «Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін» жастар естен шығармауы:бабалық,аталық,әкелік ғасырдан бері ұласып келе жатқан тәрбиелікті жүрекке қондыру бүгінгі жастарда қалыптасуы керек.

Ата-бабаларымызға қасиетті мекен,құтты қоныс болған осынау кең-байтақ «қазақ сахарасы»кімдердің

көз құртын жемеген,көкейін теспеген?Атын ойнақтатып,мылтығын кезеніп кімдер келмеді дейсіз бұл жерге?!

Жасанып келген жатжұрттықтардың барлығы да жергілікті халықтың қанын судай шашты.Еңкейген қарттан,еңбектеген ұлға дейін жазасыз қалдырмады,сонау «жоңғар-қалмақ» Осындай жан түршігерлік қиындық құнын біреу түсінсе,біреу түсінбейді.Меніңше,әр әке өз баласына осындай тағылымы терең тарихты жастайынан бойына дарытып отыруы тиіс,сонда бала тәрбиелі,иманды,кез-келген ортада өзін көрсететін,намысшыл болып өседі.Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болуына ат салысады деп ойлаймын!

Шыны керек,расында қазір көп жастар «тәуелсіздіктің» құндылығын ,түсінбек түгілі өз өмірлеріне өздері балта шабумен әлек.Мынадай, кең-байтақ,дархан-жазиралы елдің көркеюіне ат салысудың орнына,ұяттан жұрдай болып,тілімізді қадірлемей,дінімізге кір келтіріп,батыстың бейтарап «этика-эстетикасына»дағдылануды әдетке айналдырған.Әрине,соғысты басқа бермесін жаратқан,бірақ қиыншылық көрмей,әке-шеше тәрбиесінен жырақта өсіп,өсе келе «нашақорлық» арбауына түсіп жатқан жастар-да көпті.Еліміздің ірге тасына сызат түсіретін жастар да солар емеспе?!

Мейлінше,керісінше түрлі дүңгіршекте арба айдап,күн-көріс қамында жүрген жастар да өте көп.Бейшара,өмірге келгеніне қуанып жүрген ондай бейбақ жастар,мынадай тәуелсіз елде өмір сүріп жүргені әрине қиын.Олардың қамын бірі ойласа,бірі ойламайды.Дәл,сол еңбектің қадірін түсінетін жастар тәуелсіздіктің тірегі болар,бірақ оған бір елбасының күші қайдан жетсін!Әбден ақшаға құныққан адамдар,тек өз қамын ойлаумен әлек! «Қазір,аузы қисық болса да,бай баласы сөйлеген заман»,-деген рас ау!Білімді,білікті ауыл жастарына қолдау,болашақтың ірге тасын берік ұстау екенін біреу білсе,біреу білмейді.

Абай атамыздың бір керемет даналық сөзі бар ғой; «Сақалын сатқан кәріден,еңбегін сатқан бала артық!»деген.Бұдан көзі ақшаға буланған ағаларымыз үлгі алу керек.

Біз XXI ғасыр техника заманының жастарымыз,әрине,елбасымыздың көптеген жастарды қолдау туралы бағдарламаларына дән ризамын!Алайда,жоғарыда айтылған мәселелерді «Тәуелсіз»мемлекеттің биліктегілері бірауыздан келісіп,біраз-біраз тәубеге бас сұқпаса,ауыл деп менсінбей,бай деп ақшаны алға қойсақ,ауылдағы жастар білімі дамымақ түгілі,хәл-ауқатымыз бірбеткейлі тұсқа ауысып, «бай-кедей»болып бөлінері хақ!Ғылым-білімді ысырып қойып,өз қамымызды ойласақ,ертеңгі еліміздің бет-бейнесін тани алмай қалатын шығармыз.Бұл қазіргі негізге айналып отырған ащы қоғамдық қиындық!Атам қазақта «Өлі риза болмай,тіріде береке болмайды»деген ғибрат сөз бар емес пе?!Ендеше ата-бабамыз сан ғасыр армандаған тәуелсіздік қадірін түсінейік!Елбасымызға бірге көмек берейік,-дегім келеді.

«Аллаға шүкір!»-елбасымыз ақылға жүгінетін дара тұлға! Осынау 20 жыл ішінде қаншама игі іс жасады.Әр жыл өзіндік ерекшкліктерімен,өзгерістерімен,жемістерімен,жетістіктерімен бағалы.Қаншама қиындықты жоғарыда айтылған мәселелерді шешетін болсақ,оңайлықпен бірге жеңеміз!Қазірдің өзінде елімізде бүкіл халықтық саяси маңызға ие референдумдар өткізіліді.Бізідің елімізде алғаш рет «Қысқы Азия»ойыны,ОБСЕ ге төралық,бүкіл халықтық саметт жүргізілді.Бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік,және оны мақтанышпен айтпасақ болмас!Бұл жетістіктерге қолы жеткен де арманда,қолы жетпеген де арманда!Елбасымыздың тәубалығы,ерен еңбегі, «Тәуелсіздіктің шыңында,туымыз кең жайылғандығы» тарихта үлкен әріппен жазылатындығына еш күмәніміз жоқ!...

Биыл,бүкіл халық болып,Қазақстанның мерейлі 20 жылдық тойын атап өтті! Көк туымыз тағыда көк аспанда қалықтады!Біз қазақ елі тағы да марқайып қалдық!Әрине,керемет сезімғой бұл!Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болғай! Мерейің үстем болсын «Тәуелсіз менің-отаным,қасиетті ыстық ошағым!»Қазағым,ғұмырың баянды болсын!

Биіктен батыл қарқылда,

Жоғарыда жарқылда.

Туа берсін халқымнан,

Небір ғажап,нар тұлға

Тәуелсіз Қазақстаным!-деп мен өз сөзімді аяқтаймын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!