400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік...менің ұстаздық жолым..." эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік...менің ұстаздық жолым..." эссе мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді. Сондықтан сабаққа, сынып сағаттарына пайдалануға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы ұстаздық еңбек жолы туралы мәліметтер бар. Мектепішілік байқаудан жүлделі орын алған эсселердің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік менің ұстаздық жолым»

«Ұстаз- ұлы есім»,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, осы ұстаздық жолды таңдағаныма ешқашан өкінбеймін. Ұстаздық – мамандықтың ең асылы, ең қасиеттісі.

Тәуелсіздік... Ата –бабам ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел ұстазымын.Менің ұстаздық жолым осы Тәуелсіздікпен құрдас десем қателеспеймін.Биыл киелі мамандық иесі болғаныма 30 жыл.Боралдай ауылында №17 орта мектепке ең алғашқы қазақ сыныбының мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым.Мектептердің барлығы орысша жаңадан қазақ сыныптары ашылып жатқан уақыт.Не болса да өз күшімізге сеніп кірісіп кеттік.Қиындықтар өте көп болды.Барлығы орысша ғана сөйлейтін кез.Екі жылдан соң бөлініп, №28 қазақ орта мектебіне ауыстым.

Сөйтіп жүріп, өмірімнің бір қиын кезіне тап болып,Алматы қаласы өзімнің десем артық айтпас едім С.Сейфуллин атындағы №74 мектепке жұмысқа орналастым.Орналасуымның өзі қызық болды. Көршім айтып,адасып жүріп келсем,қызық болғанда бұл жерде де бастауыш қазақ сыныбы ашылып,мұғалім керек екен. Ұжымда баяғы екі қазақпыз Шолпан екеуміз. Директорымыз Кушниренко Р.В жастарға қолдау көрсетіп,бағыт бағдар беріп отыратын.Барлығы орысша, «Тәуелсіздігіміз келді ғой.Қашан бізде бәрі қазақша болады?- деп армандаушы едім.Қазақ сыныбының ашылуына өз үлесімді қоса отырып,шәкірттерімді білім нәрімен сусындаттым.Таза орыс тілді мектепте алғашқы болып жұмыс істеу оңай болған жоқ.Дегенмен сол қиындықтарды жеңіп,қазақ тілде білім беретін мектептің де білімі мен тәрбиесінің ерекше екендігін дәлелдедік.

Мектебімізде сол кезде қазақ сыныптарының ашылуына,әрі қарай аяғынан тік тұруына ұстаздарымыз Садықова Ж.М,Зәкариянова С.З,Ерназарова Г.П,Есенеева С.Н,Бердібек А.А,Керимкулова Б.С т.б бүгінде ел қуанышына бөленуде.Мектебіміздің басшысы М.Ш.Алтынованың мектебіміздің дамуына қосқан үлесі зор.

Әсіресе,мектебіміздің мақтанышы ұлағатты ұстаз Зәкариянова С.З қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- дегендей, еңбекқор жан өз білгенін балаға үйретуден жалыққан емес. Әр оқушыны өз баласындай көретін, әр шәкіртінің жанына нұр құйып отыратын мұғалім. Өз іс-тәжірибесін Республика көлемінде бөлісіп жүрген шебер ұстаз,әдістемелік оқулықтардың авторы.Бүгінгі күнде қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері.

  Тәуелсіздігіміздің болашағы білімді жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкірттерінде. «Ұстаздық жолды таңдағанымыздан кейін талмай, тынбай еңбек ету- біздің мақсатымыз және парызымыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі