«Тәуелсіздік ... менің
ұстаздық жолым»
Тәуелсіздік ... Тәуелсіз
Қазақстан!
Тәуелсіздік алу үшін
ата-бабаларымыз атқа мініп, қолға қару алып, бар күшімен тәуелсіз
ел болуы үшін аянып қалмады. Оның жалғасы және соңғы көрінісі 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасы қай қазақтың болмасын жүрегінде қайнап ,
тілінде сайрап тұрған – оқиға. Күні кеше болғандай , есімізге
алсақ, көз жанарымызға жас келіп, жүрегімізге ауыр салмақ салғандай
күрсінеміз де қаламыз. Бірақ аға –әпкелеріміздің бұл ерлігі жас
ұрпақтың болашағына үлкен тәуелсіз жолын ашып, мәңгілікке көк
туымызды көк аспанда қалықтатып, әнұранымызды шарықтататын дәрежеге
жеткізді!
Еліміз тәуелсіздік алғанда,
мен бар жоғы 3-сыныпта оқыппын. Мүмкін, ол кезде «Тәуелсіздік»
сөздің мағынасын түсінбегенде шығармын. Алайда, Жаратқан мен үшін
көкірегіме тәуелсіз елдің әнұраны мен желбіреген туымыздың ,
еліміздің көркеюуімен қатарлас өсуіме керемет мүмкіндіктер
беріпті.
Содан бері , Тәуелсіз
алғанымызға да 30 жыл толыпты. Мен тәуелсіз мемлекетте бой жетіп,
білім алып, үлкен оқу орнын аяқтағанымды, ешбір сөзбен жеткізе
алмаймын , тек жүрегіммен сезініп, жүрегімдегі қуаныш сезімі ғана
бойыма қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар, тәуелсіз елімнің патриот
азаматшасы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуде 19 жыл өмірімді арнап,
тәуелсіз мемлекетім үшін адал қызмет жасап
келемін.
Тәуелсіздік –елімнің
бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі
болса, ал сол, тәуелсіз Қазақстанда адал қызмет жасау- әр азаматтың
парызы.
Парыз дегеніміз- араб тілінен
аударғанда «фарз» яғни, бұлтарпас дәлелдермен әмір етілген діни
іс-әрекеттер мен міндеттер. Мұсылман бұл парызды жеке өзі орындауға
тиіс. Біреудің парызын басқа біреу өтей алмайды деп түсінік
беріледі.
Ендеше, Отаның үшін , елің
үшін бар күшін салып, елге қызмет етуде әрбір жанның тек өз үлесін
қосатын парызы бар.
Сол парызды Тәуелсіз елде
атқару одан да қымбаттырақ, мағыналы , мәнді
болмақ.
2003 жылы Абай атындағы Алматы
мемлкеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
мамандығының дипломын алғанымда, мұғалім боламын деген ой болмапты.
Алайда, дипломымда алып, ауылға келгенде, мектепке кіріп , жұмыс
жасағанда ғана мен өз өмірімді, білімімді, білгенімді жас ұрпаққа
арнайтынымды түсіндім.
Әрине, туып өскен жерінде ,
Тәуелсіз елдің төрінде, туған жерге , туған елге қызмет етудің өзі
–бір бақыт. Сол бақыттың мағанда бұйрығаны кез келген жанның бағына
бұйырмайтыны анық. Өзің жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жас
ұрпаққа елжандылықтың тамыры кіндік тамған жері, өскен өлкені сүюге
, оны құрметтеуге үйрету, салт-дәстүрін білуге, ұмытпауға, тілін
біліп, қадірлеуге үйрету мақсатында шығармашылық өмірімнің қиын да,
қызығы мол жылдары өтуде.
Ұстаз –ұлағатты жан.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына
дарытып, тәлім-тәрбие беріп, өмірге жан-жақты бағдар беріп, үлкен
өмірге дайындайтын да –ұстаз. Сондықтанда ұстаздың қай кезде де
орны ерекше.
Ал, тәуелсіз ел атанып,
тіліміз мәртебесін алып, әлемге атымызды танытып жатқанда, жас
ұрпаққа терең білім беріп, мықты тәрбие беретін де ұстаз еңбегі
қажет.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен
де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі » деп, қазақтың бас
ұстазы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке
апарар жолдың бастауы –мектеп, ал мектептің басты тұлғасы
–мұғалім.
Ал, тәуелсіз Қазақстанның
ұстазы қандай болуы керек? Әрине, ол үшін,
алдымен,
ұстаз өз мамандығын жақсы
көруі керек;
өз мамандығының майталманы
болуы керек;
алға қойылған мақсатқа жетуде
бар күш –жігерін аямай еңбек ететін;
өз білімін үздіксіз жетілдіре
отырып, жаңашыл көзқарастағы , ізденімпаз, еңбекқор , ойы ұшқыр,
бай қиялдай білетін, жүрегі мейірімге толы , балалардың бойынан
жақсылықты іздеп, санасын өсіретін, рухани , мәдени байлықпен
толтыратын, кең жүректі болуы керек.
Өмір сан қилы... Мұғалім
еңбегі де сан қилы. Сол еңбек жолында балалармен жұмыс жасай
отырып, баланың жан дүниесін түсіне отырып, үлкен ұлы тұлға
қалыптастыру.
Сол мақсатта , алдымда отырған
әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, жан дүниесін түсініп, ХХІ
ғасыр ақпараттық , технологияның заманында көшіме ілесіп, жаңа
технологияларды меңгере отырып, мектебімнің ұжымымен бірлесе
отырып, білікті ұстаздардан үйреніп, олармен тығыз қарым-қатынаста
болып, өз тәжірибемді жаңашыл көзқараста ұстанып, жылдан - жылға
үздіксіз ізденіп, өзімді жан-жақты дамытып, заман көшіне лайықты
ұстаздың бірі ретінде қалыптасытырып
келемін.
Өз еңбек жолымда Отанын
сүйетін, елдің , жердің қадірін білетін ұрпақ тәрбиелеуде
еңбегімнің жемісі алда деп білемін.
Ұстаздық - мен үшін өмірімнің
бір бөлшегі. Өмірімнің мән –мағынасы да
–ұстаздық.
Тәуелсіз еліміздің болашағы
мықты болуы үшін жаңа ғасырда сапалы білім, саналы тәрбие беретін,
жаңа технология тілін жетік біле отырып, білікті де білгір маман
болуы мен үшін маңызды және сол мақсатта еңбек етіп
келемін.
Ойымды қорыта келе, мен
–тәуелсіз елдің ұстазымын. Мен өзімнің білімімді де дамыта отырып,
жаңашыл көзқарасты ұстанатын, еліме аянбай қызмет ететін ,
парызымды мүлтіксіз орындайтын, өз болашағымның қолына білім
шырағын жағатын жарық сәуле сияқты ұстаз болуым керек деп
білемін!