Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік ашық тәрбие сағаты Тақы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік ашық тәрбие сағаты Тақы
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға азаттық жолында ата-бабамыздың рухты болмысын, қайсарлықпен, жанқиярлықпен, батырлықпен өткен өмірін ұғындыру; Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету;
Ұлдардың патриоттық сезімін жетілдіру, Отанын сүюге, қастерлеуге, қадірлеуге үйрету;
Ұлттық сезім, ұлттық сана, ұлттық мақтаныш, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту;
Өз ана тілін сүюге, көпшілік алдында ойын дұрыс жеткізуге және жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның,
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан
Тәуелсіздік сенің алып жатқаның.
ІІ
жүргізуші:Атанұр
Жеткен арман, жаса
тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
І
жүргізуші: Арысын ардақтаған, ұлы
еткен,
Намысын бойына туы еткен.
Ұлысын ұлықтаған,
Баба жолын ұмытпаған,
Қазақ елі, армысыздар!
ІІ
жүргізуші: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-береке атаң қымбат.
Кіндік қан тамған жерің қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,-деген барыс халқым, бармысыздар!
І
жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк
байрағым,
Арманым, азаттығым көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
ІІ
жүргізуші: Тәуелсіздік - ырысым мен
қазынам!
Ол – әсем ән. Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда асқақтап
Жаздай жайнап, құрысымнан жазылам.
1. Әнұран ( ҚР әнұраны
орындалады)
І
жүргізуші:Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30
жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында құттықтау сөз мектеп
директоры Әбдіхалықов Елдар Ерікұлына
беріледі.
ІІ
жүргізуші:Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл
елдің,
30 жасың құтты болсын нұр
елім.
30 жылда шықтың талай
белеске,
Қазақстан жасай берсін гүл
елім.
І
жүргізуші: Тәуелсіздіктің тәтті дәмін
татқан Мәңгілік Ел, Тәуелсіздік күні құтты
болсын!
Ән «Жаса
қазағым»
І
жүргізуші:Осыдан 30 жыл бұрын
Қазақстанның тәуелсіздігін бүкіл әлем
мойындады.
ІІ
жүргізуші: Қазақтың көгінде азаттық туы
желбіреді.
І
жүргізуші: Бәріміздің киелі
атамекеніміз бар. Ол қазақтың ұлы даласы-Тәуелсіз Қазақстан.
Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық
өршіл рухты, азат ойлы жасампаз халық бар. Ол- ержүрек қазақ халқы.
Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты
бар.
ІІ
жүргізуші: Ол-ұлы дала төсінде Мәңгілік
ел жасау. Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік елге айналсын. Біздің
қасиетті жерімізді ықылым замандардан ұлы дала деп, ал
бабаларымызды ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз- солардың
жалғасымыз, ұлы даланың мұрагеріміз. Осынау кең байтақ ұлы даланың
көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, 30 жыл бұрын жаңа Қазақстан
дүниеге келді.
І
жүргізуші:30 жыл ішінде Қазақстан досы
сүйінетін, дұшпаны күйінетін алпауыт елге айналды. Біздің тәуелсіз
елімізге қызыға да қызғана қарайтындар
баршылық.
І
жүргізуші: Тәуелсіздіктің 30 жылында
жүріп өткен жолдарға көз жүгіртіп өтсек
...
«Жылдар сөйлейді»
(бейнеролик «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы 3,47 –ден
бастап)
ТІЛЕКЖАН
Еркіндігім! Қасиетім!
Қастерлім!
Өзің барда өзегімде жоқ шер,
мұң
Кеше сенің келбетіңді армандап
,
Боданыңа бұғауландық басқа
елдің.
Бабалардың басын тігіп
бәйгеге
Аналардың жанарына жас
бердің!
НҰРБАҚЫТ
Уа, еркіндік, қош
келдің!
Өзегімді өртке ораған
қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам
ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты
алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ
онда!
.... Саған жету қиын болса
қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан
да!
Алла берген азаттықтың әр
сәті
Аманат қой маған,саған оған
да!
МАҒЖАН
Саясатқа сермей алмай
семсерді,
Езгі күнге тері қылдым
еңсемді,
Желтоқсанда жалын атып
жастығым,
Құрсау болған темір қоғам
теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды
ма
86 ерлігім бе ең
соңғы?!
Уа еркіндік! Құның немен
өлшенді!
Сені көксеп боздақтарым өлсе
өлді.
Сенсің менің ең ғажайып
өлеңім,
Ең шуақты, ең шырайлы, ең
шерлі!
ЕРАСЫЛ
Мәңгілік ел- арманымның
асқары,
Мәңгілік ел- бақытымның
бастауы,
Мәңгілік ел-тарихымның
дастаны,
Мәңгілік ел –Нұрлы жолға
бастады.
Мәңгілік ел- шежіресі
даламның,
Мәңгілік ел –ақ тілеуі
анамның,
Мәңгілік ел –мәңгілікке
аманат,
Мәңгілік ел –Нұрлы жолы
бабамның.
Мәңгілік ел –маңдай тері
халықтың,
Мәңгілік ел -нұрлы үміт жарық
күн.
Мәңгілік ел –із қалдыру
мәңгіге,
Мәңгілік ел -таусылмайтын
әңгіме.
І
жүргізуші: Біз ұлы жолға шықтық,
арманды сапарға аттандық. Қолымызда –Тәуелсіздіктің көк туы,
Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз,
арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз
бар.
ҒҰБАЙДОЛЛА
Елтаңба
Елордам қазағымның төрі емес
пе,
Әлемнің бар елімен тең емес
пе!
Өзгеге өзімізді
танытатын
Елтаңба Елбасының мөрі емес
пе!
Қазақтың бүгінгі мен
бұрынғысын
Тарихын терең танып ұғу
үшін
Қарасаң елтаңбама көз
тояды,
Көргендей шын өнердің
туындысын
ІІ
жүргізуші: Өз мемлекетіміз үшін
мақтаныш сезіміне бөлеп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге қазір
бүкіл дүние жүзі білетін Әнұранымызды ардақтап құрметтеуге
тиіспіз!
А.ЕРАСЫЛ
Әнұран
Ұлдарым төрге шықса
байрақпенен
Басталар Әнұраным
айбатпенен
Рухтың ұлағатты көзі емес
пе,
Әнұран әр қазаққа қайрат
берген.
Шырқалып жатса шіркін
салтанатпен
Күні –түн күллі әлемде
Әнұраным
Әнұран- менің оттай
Ар-намысым
Әнұран айтылғанда
кеудемдегі
Жүрегім дайын тұрар самғау
үшін.
І
жүргізуші:Қазағымның аспан түстес Туының
бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау тәуекелі
келіскен, мазмұнды да мағыналы нысанның бойында табиғат та,
тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр.
СҰЛТАН
Көк
байрақ!
О, туған ел –мен сен үшін
шаттанып,
Ақын тудың ұлан-ғайыр
Тұранға!
О, бабалар ұрпағына бата
қыл
Үмбеттердің үмітіне ер сал
да!
Тамырынан таратылып текті
сөз
Көк байрақты, қыран текті
қазаққа
Күн астында қанат жаяр жетті
кез!
ІІ
жүргізуші:Ұлттық тұтастығымыздың
мәселесі ең өткір қойылған арғы Тоқтамыс пен Едіге, бергі Тәуке мен
Абылай замандарында билік ордасының бұл маңайға қайта-қайта көшіп
келіп, көшіп кетуінде де көп сыр бар.
МУНИР
Астана
Арқаның мынау төсін
жайлаған
Бабам да талай шешім
байлаған
Қала салсам деп Қасым
қалаған
Есілдің бойын Есім
ойлаған...
АТАЖАН
Керей хан менен
Жәнібектердің
Кіндігін тауып Ұлы
даланың,
Аспаған елім, таспаған
елім
Тарихын қайта бастаған
елім
Жұмыр жер кенет жүзік боп
кетсе,
Гауһардай жанған – Астанам
менің!
ЕСТАЙ
Ұрпағымыз намыстының өңкей
мықты арлының
Жарты әлемді жалт қаратқан,
таң қалдырған барлығын
Ер түріктің қанатында өркен
жайып өрлеген,
Біз ұрпақпыз! Өнегемен
өрнектеген әр күнін!
АЛЬМУРАТ
Бет алып біз болашаққа зор
үмітпен келеміз
Жол көрсетіп өткеніміз алға
тартып кемеміз
Дініміз де тіліміз де
жарасымды ұрпақпыз,
Шексіз , шетсіз жерімізге тек
өзіміз иеміз!
Бүкіл әлем мойындаған біз
бүгінде азатпыз
Т.
ЕРАСЫЛ
Мұқағали Мақатаев «Үш
бақытым»
Ең бірінші бақытым халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер
ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың
ба?
Ойланбай-ақ келдағы от ал
менен.
НҰРҚУАТ
Ата – бабам мың сынаққа
шыдаған,
Тәңірден тек тәуелсіздік
сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер
төккен,
Тұңғыш қазақ президенті
–Нұрағам.
Сан ғасыр армандаған Алаш
бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа
Астанам.
Бірлікті байрақ етіп
болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш
маған.
Ән «Астана-арман қала» (
ЮТУБ видео One Day in Astana 3.00 –
3.18)
І
жүргізуші:Елімізге келген шетелдік
қонақтарға қазақтың кім екенін танытар болсақ, «Қазақ кім десеңіз »
деп бастасақ жөн болар еді.
«Қазақ кім
десеңіз»ДАНИЯР, ЖҮРСІН (ЮТУБ
бейнеролик)
Қазақ кім
десеңіз...
1.Жұмыр жерді мекендеген 6
миллиардтан астам адам баласының 12 миллионы қазақ дейтін ұлт
екен.
Тарихқа терең
бойламай-ақ адамзат тарихындағы алапат ғасыр – 20
ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі өз жерінде отырып
қазақтай геноцид кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін
қырғыны – 32 жылғы ашаршылық – 43 пайызынан айырса,
30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт
қаймағын сыпырды. Екінші
дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан
соңғы советтік саясат жемісінен болған
жасанды ассимиляция. Осынша қасіретті бастан
өткерсе де, ұлт қуаты кеміген
жоқ.
2.Адамзатты аждаһадай
жапырған фашизмнің ордасы
рейхстагта алғашқы жеңіс туын кім тікті?
Қанұйлы рейхстагтың қабырғасына
тиген алғаш алақан кімдікі еді? Ол қазақтікі.
Кәдімгі Қошқарбайдың Рақымжаны еді. Сол
фашизмнің көмейіне көлденең келген
Мәскеуді жаналқымға келгенде қорғағандар кім
еді? Ол алаштың даласынан аттанған
қандастарымыз еді. Бауыржан Момышұлы!!! Жау
аспанында қырғидай шүйілген кім еді? Екі рет
батыр атанған Бигелдінің Талғаты еді! Қазақ жауынгер
болмаса, қазақ әлсіз болса осындай қырандарды туар ма
еді? Ері түгілі қан майданда қыздары қырғын салатын Әлия
мен Мәншүк - Шығыстың қос шынары. Әлемдік
инженериядағы орнын ойып алған Қаныштарды
айтсам соны соқпаққа түсіп алып, тағы да ұзақ
кетермін.
1.Қазақ кім
десеңіз, тағдыр талайымен қайғы
кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен
кәріске өзі жарымай отырып жеп отырған
нанының жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан
жұрт, кеңпейіл ел. «Қазақ осындай болмаса, қырыларымыз
анық еді», - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол
қасіретті жұрттардың алғыс-батасы шығар, бүгін
етек-жеңімізді жауып, үзеңгілестен бас
оздырсақ.
2.Қазақ кім
десеңіз, кешегі кеңестік
империяның зымиян саясатына тосқауыл
болған елдің намысы, алаштың атақонысы
үшін басын қатерге тігіп, қасқиып
берген Жұмабек Тәшенов. Қазақ ол біздің – бұла ұландар!
Ат төбеліндей қазақ әлем олимпиадасында көк туын
желбіретіп, алаштың арда күшін адамзатқа айқындаған
менің Ермаханым, Бекзатым, Бақтиярым. Алысқанын атып
ұрған Жақсылығым, Дәулетім!
Қазақ кім десеңіз - қабырғалы
жұртын Қытайдың құрсауынан Тибет
асырып тіліп шыққан Қалибектер,
Оспандар.
1.Қазақ кім десеңіз, -
сыйласқанға сыралғы, монтиған момын, ашынса арлан, қорланса қобыз
боп аңыраған, жарасы жан сыздатса да
жасымаған жайсаң жұрт, жауласса жасын
боп жарқылдаған алдаспан ел. Оның дәлелі –
қылышынан қан тамған империяның іргесін алғаш
шайқаған 86-ның желтоқсаны – қазақтың
жастары.
2.Қазақ кім десеңіз –
тәуелсіздігі қолына тиген ел.
Қазақ кім десеңіз – тізгіні
қолына тиген шақта, бағы беймәлім боп аңырап тұрған кезде, тыңнан
тесіп жол салып, «соқтықпалы соқпақсыз »
сергелдең шақта жорғадай жосылып жол
тапқан Нұрсұлтан
Назарбаев!
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз