Материалдар / Тәуелсіздіктің дара жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздіктің дара жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты адамгершіліке,ұлттық дәстүрімізді сақтауға, ана тілімізді құрметтеуге, туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық сезімін ояту арқылы ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алматы қаласы Алатау ауданы № 185 жалпы білім беретін мектеп Химия пәні мұғалімі Сарыева Телеу Ахметказиновна педагог –зерттеуші.

Тәуелсіздіктің дара жолы

Тарих беттерін парақтасақ…Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.1986 жылдың 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен жастардың ерлігі,өз Отанына деген сүйіспеншілігі,өз ойларын ашық та айқын білдіргендігі туралы баяндау. Оның мақсаты жас ұрпақты адамгершіліке,ұлттық дәстүрімізді сақтауға, ана тілімізді құрметтеуге, туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық сезімін ояту арқылы ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Халқымыз үшін ең қасиетті де, қастерлі тәуелсіздікке биыл-30 жыл. Соңынан мәңгі ұмтылыс мұң қалдырып, жыл өткен сайын бірте- бірте тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылының Желтоқсаны қай қазақтың жүрегін суытпады, кімнің көңіліне жара салмады. Қазақстанды 20 жылға таяу уақыт басқарған Д.А.Қонаевтың зейнетті демалысқа шығуына байланысты деп, ол кісіні қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Қазақстан Орталық Комитетінің баржоғы 18 минутқа созылған пленум болып Қазақстанның бірінші хатшылығына бұрын Қазақстанда тұрмаған Г.Колбинді сайлады. Осы оқиға түрткі болды, ма,республика жастары бір сәтте буырқанып шыға келді.

Желтоқсан айы іспеттес еді. Ал кейінен «Желтоқсан» десек «Желтоқсан желі ызғарлы» «Қара бауыр қасқалдақ қайда ұштың пырпырлап» - ай деген мұңды әннің әуені құлағымызға келеді.Көз алдымызға қасіретті де, қасиетті суреттер, көріністер елестейді.Барлық кінәні бейкүнә жастарға жапты.Ербол,Ләззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Ең ауыр ату жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбеков еді.Қылыштан қан тамған осынау Колбин үстемдік қылған заманда-ақ, Сөйлесең дауысың жетпейтін, Кез болдық мынау заманға Шовинизм еді ғой Басты себеп жанжалға,- деп жасқанбай жырлаған, желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков –ең жоғарығы жаза ату жазасына ілікендердің бірі. Бостандық, неткен қашықсың, Азаттық, неткен қымбатсың! Алдым ақ,бірақ артымда Қансырап қанша жыл жатсың. Айналып өлшеп келеді Дүние мынау дөңгелек. Талайды уақыт көмеді, Желтоқсан бірақ бір бөлек. Өтті ғой жылдар қаралы Мыңдаған жастың қаны бар. Оятқан ұлттық сананы Намысын бермес арлылар Қыран бүркіт қалқиды Зеңгірден қарап далама. Зар-мұңындай халқымның Шапағы таңның сарыала Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт! Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Көрмеген қош бол таңдарым Көре алмай елді өтермін. Қош аман бол артымда, Ағайын, туған, азамат Артымда қалған ата-анам. Ел- жұртым, саған аманат- деп қайсар рухты, жігерлі, отты қазақ жігіті өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен қоштасты. Есір ер көзі тірісінде шынддыққа жете алмай, қапыда жер жастанды. Ол қазақ елінің 21- ші зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21-ші сот залында шырылдап,Семей түрмесінің 21 камерасында,21 мамые 1988 жылы қапылыста дүниеден өтті. Иә, Қайраттың балаң үнімен Махамбеттің арынын, Шәкәрімнің қайғысысын, Мағжанның махаббатын, Мұқағалидың арман- сағынышын, өкініш-күрсінгенін сезгендей боласың, орталықтың қара түнегіндей найзағай боп жарқылдап, жыр көсерімен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек нұрын шашқан «Ұлы Қайрат,ақын Қайрат, батыр Қайрат, алты алаштың арысы» болған Қайрат еді. Қалай ғана тәуелсіздік күнінде еске алмасқа.Қыршын кеткен жас қырандарды! Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.

Бұл тәуелсіздік күні !

Ал , бүгінде қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды..1991- жылы 16- желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі.Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы құтты болсын!!
.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!