400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздіктің жаңа толқыны-Мәңгілік ел мұраты"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Рухани- жаңғыру"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кубжасарова Гулмира Абдуалиевна,

Ш. Бетасов жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі,

ОҚО, Мақтарал ауданы.

Тәуелсіздіктің жаңа толқыны - Мәңгілік ел мұраты !

«Рухани жаңғыру»

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміздегі елеулі өзгерістерінің көбісіне куә болдық . Бұл уақыт- тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, бір мемлекеттің адамдары үшін ұзақ мерзім . Қазақ философиясында «Елу жылда – ел жаңа» деген ұғымы бар. Ендеше еліміз толықтай жаңарудың бел ортасына келгенде қандай жетістіктерімен немесе кемшіліктерімен ерекшеленеді?

Карл Маркс мемлекеттің басты капиталы ретінде адамды қарастырады. Екінші ұстаз Әл- Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында» қайыршысы жоқ елді дамыған мемлекеттің қатарына жатқызады.

Демек, кез-келген елдің әлемдік аренадағы бағасы адам сапасымен өлшенеді.

Сапалы адам дегеніміз кім? Қазақтың философ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Өмір» атты өлеңінде:

Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас,

Бір рәуішті болады кәрімен мен жас.

Ең керекті дегенің - ортаншы өмір,

Түгел қолың жетпейтін бір жанталас [1.93].-дейді.

Яғни ,бұл өлеңнің негізгі концепциясында айтылғандай , орта жастағы адамның ұлт тағдыры үшін үлкен істерге баруға толық мүмкіндігі бар. Орта жас дегеніміз - қазіргі Қазақстанның құрдастары болып табылады. Олардың потенциялы еліміздің ендігі бағытын жаңаша көзқараспен түлетіп, тың идеялармен қамтамасыз етеді.

Тәуелсіздіктің құрдастары қазіргі таңда жиырма бес пен отыздың арасындағы азаматтар . Олардың басы «Болашақ» бағдарламасымен шетелден білім алып ,елге оралып , әлеуметтік-саяси қызметкерге араласа бастады. Ал, олардың соңы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Еліміздің саяси аренасына жаңаша ойлайтын ,өзіндік пікірі бар жаңа қызметкерлер легі келе бастады.

Өткенге зер салсақ ,біздің ұлт тарих алдында үлкен тағдырлы толқулар мен эксперименттердің езгісіне алынып, мақсатты түрде жаншылды. Сананың өзі үйретіліп , қазақты ұлтсыздандырудың сан- мың айласы қарастырылды.

Ғарифолла Есім айтпақшы , тәуелсіздіктің құрдастары бұл стереотипке қарсы тұрып, ұлттық деңгейде өзіндік ойлау жүйесіне бетбұрыс жасады.

Кеңес үкіметі кезінде адамның материалдық жағдайын жақсартуға екпін түсірсе, қазір рухани дүниемізді байыту қолға алынды.

Америкалық психолог Абрахам Харольд Маслоу «Адамның мотивациясының теориясы» мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген. Оның теориясында адамға қажетті 5 деңгей көрсетілді.

1.Физиологиялық: аштық, шөл, т.б.

2.Қауіпсіздік : өмір сүруге қауіпсіздік , комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

3. Әлеуметтік : әлеуметтік байланыс , тілдесу, т.б.

4. Абыройлық : өзіне құрмет, табысқа жету, қызметте өсу.

5. Рухани : тану , өзіндік сипаттау , өзін-өзі тану [3]

Біз ұлт ретінде осы теорияның бесінші сатысына маңайладық. Ұзақ уақыт үзіліс пен құлдықтан кейін есімізді жиып , өз- өзімізді тану үстіндеміз. Тарихи жады іске қосылып , ұлтқа жанашыр болған тұлғаларды шын іздей бастадық. Тәуелсіз жастар бұл жолда айрықша көзге түсіп жатыр. Олар ұлттың , елдің бастапқы болмысы мен қазіргі дүниетанымын ұштастырып , құдайға құлшылық жасау жауапкершілігін сезінді.

Шығыс пен батыстың озық қырларын үлгі тұтып , өзіміздің төл мәдениетімізді байытып жатыр.

Тәуелсіздіктің құрдастары Маслоу атап көрсеткен қажеттіліктің төртінші деңгейінде деп атауға толық негіз бар. Олар өздерін және ұлт болашағын биік белестерден көргісі келеді. Сол жолда қандай жоспармен жүріп , бәсекеге қалай қабілетті болудың жолын , тілін жақсы біледі.

Егемен елдің жастары қалай болу керек , оларға қойылатын жаңа заманның талаптары қандай деген сауалға жауап іздер болсақ , еріксіз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»- деген өлеңіне келіп тірелеміз. Мағжан Жұмабаев барлық жастарға сенбейді , тек елін шын сүйіп , оның мақсат- мүддесі жолында құрбан бола алатын азаматтарды тілге тиек етеді.

Бүгінгі біздің жаңа буын , жаңа деммен ұлттың құндылықтарын қарыштату мақсатында жан-жақты ізденіп жатыр. Тәуелсіздік құрдастары - біз , өз дәуірімізге адамзат тарихындағы ең ұлы , ең керемет дәуір ретінде қарауымыз қажет.

Жаңа қоғам жаңа рухтың пайда болуына себепкер болады және бұл рух күн сайын жаңа ізденістерден , шындықтың нақтылануынан көрініс табуы керек. Кешегі ХХ ғасырдың данышпандары , Алаш автономиясының өкілдері теория жүзінде армандап кеткен қазақтың ойлау жүйесі тарих сахнасында азаттық алғаннан кейін көрініс бере бастады.

Белгілі саясаткер Ли Куан Ю айтпақшы : « Ақыр соңында , шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес.

Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып , оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне , сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс». Бүгінгі атқарылып жатқан үлкен істердің ертеңгі жоқтаушысы мен жанашыры тәуелсіз елдің жастары болып табылды.

Жастарға Елбасыдан бастап, барша халық үміт артады. Белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлы өзінің бір сұхбатында :

«...Мен қазақтың жастарына сенемін. Мен қазақтың кәрілеріне сенбеймін. Тіпті өзіме де. Неге десеңіз , бөлек психологияда тәрбиеленген адамның сана- сезімін кеңестік идеология әбден билеп алған. Кәрілердің ұлттық мәселелерге мән бергісі келмейтіні сондықтан . Мұны келешекте жастар бір жағына шығармаса, бүгінгі 40-50 жастан жоғары адамдар тіл үшін үлкен прогресс жасай қоюы күмәнді....

.....Қазақ жастары өз ойын ашық айта алатын , биліктің , ақсақалдардың алдында кібіртіктемей , өзін-өзі жаныштамайтын күйге жетсе , келешекте еліміздің көп нәрселері дұрыс жағына қарай шешілер еді деп ойлаймын...»[5].-депті.

Бұл сұхбаттан тәуелсіздіктің құрдастарына артылатын үлкен жауапкершілікті сезінеміз.біздің ел өзгенің қиындығын жоғары бағалайтын құлдық санамен өмір сүрсе, егемендіктен кейін ол үдеріс жаңа арнаға бетбұрыс жасады.

Қазақ жастары ұлттың деңгейде ой айтып , өмір сүру стихиясын сол арнаға бағыттады.

Жастарға Елбасыдан бастап , барша халық үміт арта ды.Ол үшін қазақ жастарына барлық мүмкіндік қарастырылған , артылған сенім де осал емес.

Ал Мәңгілік Ел- ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман- әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып , әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық . Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйымдастырып , ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол -мәңгілік ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі , тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық . Қазақтың мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

«Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше , Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей , тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түйсінуінде жатыр.

Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып ,бағасын біліп , зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.

Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаhандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып өзіміздің рухани бай мұратымыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу- алда тұрған басты міндеттердің бірі .

Елбасымыз жариялаған «Маңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын , яғни , төл дәстүрімізді , әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету .

Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырып , одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді , ұлттық құндылықтарды , заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп , ұштастыра білген , өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.

Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы- Мәңгілік ел идеясы.

Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев « Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды.

Мұндағы біртектілік пен бірлік реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу , Қазақстан халқы Ассамблясының «Үлкен ел- үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру,т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.

Қазақстан тағдыры үшін өткен ата- бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз- егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!



Сұраныс беру

ОҚО Мақтарал ауданы Жамбыл а/ә

Жалын е/м

Ш. Бектасов ЖОМ

«Рухани жаңғыру- Елдіктің тірегі»

Кубжасарова Гүлмира Абдуалтевна

Биология пәні мұғалімі

87023562488 ,bektasov2013@mail.ru












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі