жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіздіктің жеті қыры
«Ұлы даланың жеті қыры»
авторлық бағдарламасы
Түсінік хат
2018 жылы Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жаряиланды. Қазақ ұлтының бары мен бағын асырар, ұлты үшін мақтана алатын, маңызды мақала дүниеге келді. Мақала екі бөлімнен тұрады: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» деп бастады. «Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деді. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталды. Осы мақаламен жас жеткіншектерді таныстыру, ел мүддесін қолдап, болашаққа арман-мақсаттарын айқындасын деген ниетпен бағдарма құрастырдым.
«Ұлы даланың жеті қыры» курсы 9 - қазақ сыныбына арнайы әзірленген. 9 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты құрайды. Бұл бағдарламада оқушылар еліміздің дамуына әсер еткен ұлы ойшылдардың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Олардың рухани мұрасы адамдарды, әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, саналылыққа, салауатты өмір сүруге тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылығына айрықша көңіл аударылады.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы-пәнаралық байланысы, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.
Бағдарламаның мақсаты:
«Ұлы даланың жеті қырын» жаңа көзқарас тұрғысынан жан - жақты терең талдап – тану.
Міндеттері:
Оқушыларға «Ұлы дала ойшылдарының рухани бай мұраларындағы көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені бойларына сіңіру.
Олардың ұлттық ерекшелігін, идеялық мазмұнын ұғындыру.
Ойын еркін, шешен жеткізе алуға талпындыру.
әдеби шығармаларды жаңаша саралауға, соның негізінде оның рухани дүниесін тереңінен ашып көрсетуге талпыныс жасау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, география
Оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді:
1. Қазақ тілімен: ««Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасында берілген туындылардың мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм сөздерді табуға бағыт беріледі.
2. Әдебиетпен: бұл пәнмен тікелей байланысты, себебі бұнда да түркі-қазақ әдебиеті кең ауқымды түрде қарастырылады.
3. Қазақстан тарихымен: оқиғалардың тарихи факторларымен тығыз байланыста болатындығын түсінуінде, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой - тұжырымдар жасай білуіне жол ашады.
4. Жаратылыстану циклді пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тығыз байланысты.
5. Географиямен: шығаралардағы аталған жер-су атауларымен танысып, ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
««Ұлы даланың жеті қыры» курсынан күтілетін нәтижелер:
1. Қазақ әдебиетінің өсіп - өркендеуіне үлкен үлес қосқан – әдеби шығармалар мен ұлы ойшылдар жайында оқушылар мол ақпарат алады.
2. Әдеби шығармаларға қызығушылықтары оянады, өз еріктерімен сабақтан тыс кездерінде басқа туындыларын оқи бастайды.
3. Оладың қолтумаларын саралай келе, оқушылар өз пікірлерін, ойларын еркін, жүйелі, көркем тілмен жеткізуге дағдыланады.
4. Әдебиет пен тарихтың абақтастығын түсініп, ұлттық әдет-ғұрыптарға мән бере бастайды.
5. Тілге, дінге, өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарас өзгереді, себебі берілген шығармалар өнеге мен тәрбиеге толы.
Сөздік қор молаяды.
Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны 6 бөлімнен тұрады
І тарау. Атқа міну мәдениеті - 6 сағат
Қазақ әдебиетіндегі жылқы атаулары жас ерекшелігі туралы мағлұмат беру, шығармалардағы жылқы бейнесі.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3 сағат
Қазақ эпосы мен жыраулар мен поэзиясындағы түрлі әшекей бұйымдары туралы мәліметтерді тауып, талдау.
3. Аң стилі 6 сағат
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңдардың бейнесі, маңызы, әдет-ғұрып пен діни наны-сенімдер.
4. Алтын адам 3 сағат
алтын адам туралы жалпы мәліметтерді талдай отырып, қазақ батырларының киімдерімен, қару-жарақтарының атауларымен танысу, қазіргі қару-жарақтармен салыстыру.
5. Түркі әлемінің бесігі 8 сағат
Түркі әдебиетінің негізін салушылар туралы мәлімет алу, шығармаларына талдау жасау, ерекшеліктерін анықтау.
6. Ұлы Жібек жолы 4 сағат
Ұлы Жібек жолы кезіндегі қазақ әдебиетінің дамуы, басқа стильен толығуы туралы түсінік қалыптастыру, шығармаларға шолу жасау, еңбектерге зерттеулер жүргізу. Оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Алманың отаны Алматы туралы жазылған шығармаларға шолу жасау, қазақ әдебиетіндегі қызғалдақ - маңызы, ақын-жазушылар шығармаларына арқау болуы.
Қорытынды:
Қамтылған оқу материалдары барлығы шығармашылықпен тиянақты меңгеруді қажет етеді. Әр-бір оқушы өзінің мүмкіндігіне қарай шығармашылық жұмыстар жасап қорғайды.
«Ұлы даланың жеті қыры»
авторлық бағдарламасының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
|
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
І тарау. Атқа міну мәдениеті |
|||
1 |
Қазақ тіліндегі жылқы атаулары |
|
|
2 |
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы тұлпар бейнесі |
|
|
3 |
Алпамыс эпосындағы Байшұбар ат бейнесі |
|
|
4 |
І.Жансүгіров « Құлагер» |
|
|
5 |
Қ.Жұмаділов «Қозы күрең» әңгімесі |
|
|
6 |
Ш.Айтматов «Қош бол, Гүлсары» повесі |
|
|
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия |
|||
7 |
«Ер Есім» жырындағы қазақ қонысы |
|
|
8 |
Лиро-эпостық жырлардағы әшекейлер |
|
|
9 |
Кенге бай Қазақстан |
|
|
3. Аң стилі |
|||
10 |
Күлтегін Тоныкөк жырларындағы аң стилі |
|
|
11 |
Дастандарда аңдардың бейнеленуі |
|
|
12 |
Ер Төстік ертегісіндегі жан-жануар, аңдар бейнесі |
|
|
13 |
Көк бөрі нені бейнеледі? |
|
|
14 |
Ертегілердегі самұрық құс |
|
|
15 |
Шығармашылық жұмыс |
|
|
4. Алтын адам |
|||
16 |
Алтын адам туралы мәліметтер |
|
|
17 |
Әдебиеттегі қазақ батырлары |
|
|
18 |
Батырлар киімдерінің атаулары, маңызы |
|
|
5. Түркі әлемінің бесігі |
|||
19 |
Руна жазулары - ежелгі түркі жазуы |
|
|
20 |
Оғызаме. Қорқыт туралы аңыз |
|
|
21 |
Әл-Хорезми бәйіті |
|
|
22 |
Рабғузи шығармаларының негізгі тақырыптары |
|
|
23 |
Қадырғали Жалайырдың шежірелер жинағы |
|
|
24 |
түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” |
|
|
25 |
Әлішер Науаи шығармашылығы |
|
|
26 |
Қазақ жыраулары түркі әдебиетін жалғастырушылар |
|
|
6. Ұлы Жібек жолы |
|||
27 |
Әл-Фараби және Ұлы Жібек жолы |
|
|
28 |
Әдеби шығармаларда жәрмеңкелердің суреттелуі |
|
|
29 |
Керуенмен еріп келген кірме әдеби шығармалар «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн», «Сейіт-Баттал», «Тотынама», «Кербаланың шөлі» |
|
|
30 |
Шығыстың классикалық әдебиеті мен мәдениетінің яки оның стиліндегі мектептің негізін салушылар ХІХ ғ. Ораз Молда, Мәделі, Майлықожа, Молда Мұса |
|
|
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны |
|||
31 |
Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны |
|
|
32 |
Өлеңге арқау болған -Алматы. |
|
|
33 |
Қазақ өнеріндегі қызғалдақтар |
|
|
34 |
Шығармашылық жұмыс |
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт
2. Д. Бабатайұлы. Өсиетнама. – Алматы: Ғылым, 2001.
3. ХІХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. – Алматы:
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы.
І. Жансүгіров. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.3. –
Ш. Елеукенов: « Әдебиет және ұлт тағдыры » еңбегінде
Ж.Дәдебаев «Тұлпардың сыны мен бабы»
Ғ. Бейсенғали «Дара тұлғалар»
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов «ФОЛЬКЛОР ТУРАЛЫ»
Ш.Айтматов «Қош бол, Гүлсары» повесі
Қ.Жұмаділов «Қозы күрең» әңгімесі
І.Жансүгіров « Құлагер»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген