Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері
Мақсаты:Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру.Аға-апалардың ерлігі туралы айту.Желтоқсан Оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу.Оқушыларды елін,жерін,халқын сүюге,Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының Туы,Елбасы,Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,Е.Сыпытаев т.б суреттері,нақыл сөздер жазылған плакат.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші:О,туған жер,кең пейіл,құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен
Сағынышты қанат қып,саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен
Сенде тас та қастерлі,аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау
Менім мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.
2-жүргізуші:Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін,тәуелсіздік,азат күн!-дей отырып,
«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-Жүргізуші:Құрметті,ұстаздар мен оқушылар,сіздерді алдымен 16-желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз
2-Жүргізуші:Сонымен, желтоқсан оқиғасы не себептен болды,қалай болды,оған кімдер қатысты,ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?
1-жүргізуші:Ия,ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.Таңертеңгі сағат 10-да баржоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп,орнына Колбин ешкімнің пікіріңсіз-ақ ұсынылған еді.
Оқушылар: Естідіңдер ме? Бұл не масқара!Неге халықпен санаспайды?Қашанғы шыдаймыз?Ең болмаса,өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда,кім ойлайды?тб (осындай сөздерді айтып сахнаға ҚАЙРАТ,ЛӘЗЗАТ,СӘБИРА,ГҮЛНАР рөліндегі ойнаушылар шығады)
Ербол:Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ,
Бағы жанама?Қала ма соры қайнап
Ұран жазып,қып-қызыл ту көтеріп
Біз де шықтық алаңға «ЕЛІМ-АЙЛАП»
Лаззат:Сүймейтұғын болдық қой,күймей ғұмыр,
Көлеңкеміз,Күннен де тимейді нұр
Колбин деген кім екен,қайдан келген.
Уа,сыртымыдан қашанғы билейді бұл?
Сабира:Бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны.
Тілің құрып барады,білесің бе?
2-жүргізуші: Ия,тарихта «Құйын-86»деген атпен мәңгі қалған бұл жойқын шабуыл қазақтың қайсар қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кете барды.
(сахнаға Қайратты тергеуші алып келіп,сұраққа басады)
Тергеуші:Сен Савицкийді өлтіргенінді моцындайсың ба?жоқ па?
Қайрат:Жоқ,мен Савицкийді көргенім жоқ.
Тергеуші:Ақымақ!Әкетіндер,атындар,Көзін құртындар
Қайрат:Күнадан таза басым бар,
Жирма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десен алындар
‘’Қайрат’’ деген атым бар
‘’Еркек токты-қурбандык’’
Атам десен атындар!
(Қайратты сүйреп әкетеді)
1-оқушы:Алаңға шығып,ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын
Содан барып,таңы еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым
2-оқушы:Келді осылай аңсаған күнімізде
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан
Қасиетті тіліміз бен дінімізде
“Менің Қазақстаным’’ хормен орындайды
3-оқушы:Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның
“Желтоксан желі”әні орындалады
Енді сол “желтоксан құрбандарын” еске алайық.(1 минутт үңсіздік)
4-оқушы:Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы
Өздеріндей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жылауы
5-оқушы:Желтоқсан заман,толғағы байтақ даланың
Шарпысұан сәті үміт пен күдік,наланың
Желтоқсан-Қайрат,Ләззат,Сәбира
Құрбаны болған жаланың
6-оқушы:Әр қазақтын есінде сақталады
Желтоқсандық өреңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
7-оқушы:”Өз елің,өз ерлерін ескермесе,Ел тегі алсын қайдан меңгереді”-деп Ілияс Жансүгіров айтқандай,бұларға қандай құрмет көрсетілседе артық емес.Желтоқсан-ерлік тарихымыз.Сондықтан тындырылған іс орынды деп бағалаймыз.Президент Жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбекке”Халық қаhарманы”атағымен бірге “Алтын жұлдыз” ордені тапсырылды