"Тәуелсіздіктің сара жолы" (сыныптан тыс іс- шара)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздіктің сара жолы" (сыныптан тыс іс- шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер, бұл іс-шараны "Мектеп театры" жобасы аясында сахналауға болады. Мақсаты: оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Ел тарихын ұмытпау,ұлықтау. Сценарий еш жерден көшірілмеген, өзім құрастырып жазғанмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сарбиева Жанаргүл Калибековна – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші


szhanna0101@mail.ru


«Ақмола облысы білім басқармасының

Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі

Степногорск қаласының

Қаныш Сәтпаев атындағы № 9

жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Сыныптан тыс іс - шара

«Мектеп театрына» арналған қойылым

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұландары

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» құндылықтары: Тәуелсіздік және Отаншылдық

  • Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу;

  • Халық пен мемлекеттің тарихи жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту және мәдени мұрасын, дәстүрлерін әрі қарай ілгерлету;

  • Өз Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің Егемендігі мен қадір - қасиетін тарихи аргументтерге сүйеніп қорғай білу;

https://youtu.be/vLJZsSQunmw

түркі жауынгері

түркі ханшасы

Күлтегін

Керей хан

Жәнібек хан

Бұрындық ханзада

Қасым ханзада

Атасы

Немересі

Қаныш Сәтпаев

Әлихан Бөкейхан

Роза Бағланова

Шоқан Уәлиханов

Темірхан Көкетаев

Рахат Би Әбдісағын

Бибісара Асаубаева

Қосымша адамдар, жауынгерлер, әйелдер, қыздар, балалар



музыка

Күлтегін мен түркі жауынгерлері шығады

  1. Жауынгер :

Жарқылдаған от пен Сарқыраған судың ішінде Ержеткен –

Көк тәңірінің оғландары

Бүкіл түрік жұртының

 Арландары мен қабыландары,

Бумын қаған мен Істемі қаған таққа қонды.

Елімді ел етемін деп, 

Жерімді көгертемін деп

Оттай асау, 

Оқтай ұшқыр 

Атқа қонды.


Сақ ханшасы :

Сол елдің 

Айналасы түгел – Бұзылған сеңдей

Жапырып кеткісі кеп тұрған;

Көшкен селдей

Түп-тамырымен қопарып

Батырып кеткісі кеп тұрған

Дұшпан екен.

Күндердің күнінде

Жан-жағынан олар

Құрсаудай бүріп Қысқан екен.


Мұндай қорлықтан,

Мұндай зорлықтан

Көк түріктердің ашу-ызасы

Қара бұлттарды қақ жарған,

Қып-қызыл найзағайлардай

Жарқылдап ойнаған!

Ішіне жай тасы түскен

Қара қазандай сақылдап қайнаған!

Өзегіндегі оты Өртке айналған.

Көмейіндегі сөзі Сертке айналған.


Күлтегін:

Жорыққа шыққан Қаған әкем –

Ас-суын Атынан түсіп ішпеген.

Қылышы Қынына түспеген.

Жиырма рет Соғысқа кірген.


Ағам екеуіміз

Жасыл өзенді Шантун жазығына дейін,

Батыстағы қақпаға дейін,

Көгмен асып Қырқыз жеріне дейін

Әскер жүргіздік.

Басын көтергенін Басын жерге тигіздік.

Інінен шыққанын

Ініне қайта кіргіздік.

Он үш жыл қағыстық,

Он үш жыл соғыстық.

Кеңдік құрғанды

Кеңдігінен айырдық,

Елдік құрғанды

Елдігінен айырдық.

Көкірек керіп келгенді

Кейін шегердік,

Бастыны жүгіндірдік,

Тізеліні шөгердік.

Елді – қайтадан! – Ел еттік,

Жерді – қайтадан! – Жер еттік.

Елімді Суға батырмадым,

Отқа күйдірмедім.

Ешкімге

Бастарын идірмедім!


музыка

Керей мен Жәнібек хандар шығады

Айнала топтасып отырған адамдар күй тыңдап отырады.

Шіркін, күй атасы «Адай» ғой


Жәнібек: Бұрындық, көш түгел келіп болды ма?

Бұрындық: иә, көке, көш түгел келіп болды.

Жәнібек: Сартай, қолыңдағы жебені сындырып көрші.

Енді,үшеуін сындырып көр

Енді, он шақтысын алып сындыр.

Сартай: -Түсінбедім, көке

Жәнібек: Ел бірлігі деген осы.Екі қолдың он саусағындай қазақ рулары біріксе, қандай да жауға қауіпті күш болар еді.

Бұрындық: көке, оныңыз рас қой.Еділ мен Жайық бойындағы үйсіндер мен албандар қосылмаймыз десе шабамыз ба?

Керей:мұндай шаруа күштеуге келмейді ,балам. Сен айтқандай қылатын болсақ, елді шошытып аламыз.Өйтер болсақ,Шайбан шахтан қай жеріміз артық.

Жәнібек: Қасым, бірдеме айтқың келіп отыр ма?

Қасым:иә,бірауыз сөзім бар рұқсат етсеңіз.

Жәнібек:айта бер, бөгелме.

Қасым:Біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел емес, көшкен ел болып баруымыз керек.Шағатай ұрпақтары да;Шайбан, Ақсақ темір ұрпақтары да қалай болса солай шұбыра көшкен ел тәрізді емес, дос болса дос, қас болса қас бола алатын, қоныс бермесе күштеп тартып алатын жаужүрек ел екенімізді байқасын. Қазір ерер ересін білмей отырған жұртқа шапқыншы жіберіп “керегеміз ағаш, ұранымыз- алаш”деп бірігіп ел болып қазақтың туын көкке көтереміз дегеніміз орынды.

Жәнібек: Дұрыс, жөн айтасың балам. Аз халықтың маңдайында бақ тұрмайды. Жиылсақ-көппіз, ал жайылсақ – жоқпыз. Естеріңде болсын, бұл аттаныс Шайбан шахқа өкпелеуден туған аттаныс емес, осыдан 100 жыл бұрын бабамыз орыс хан тіккен Ақ ордамызды қайта тұрғызып,өз алдымызғ “қазақ” деген ел боламыз деп аттанған аттаыныс. Ақ орданы қайта тұрғызу қалың бұқараның тілегі, ал олардың сенімін ақтау - біздің міндетіміз.

Керей:Сендер жассыңдар ғой, білгендерің артық етпейді.Аталарымыз осы Сығанақты басты орда етіп, ақ туын тіккен болатын. Әуелі күш жиып, өзімізге- өзіміз келіп алайық, түбінде Сығанақты қазаққа қайтарамыз.



Қазақ хандығы” 5-6 бөлімінен үзінді экранда Шапқыншылар

Асанқайғы: Уа, шапқыншылар, шартарапқа шабыңдар. Паш етіңдер байтақ алаш еліне! Ел болам десе, түгел жиылсын! Ерсін қазақ көшіне! Жерұйыққа беттеген, Жетісуға беттеген ерсін қазақ көшіне. Атырау мен Алтайды, Алатау мен Арқаны жайлаған қазақ елі! Бұл Сіздерге Асанқайғы сәлемі! Бұл сіздерге Керей, Жәнібек сәлемі!



Атасы мен немересі шығады

Немересі:- Ата, бұл өте әсерлі фильм екен. Бүгін мені осында алып келгеніңіз қандай тамаша болды.

Атасы: Сені ғаламтор әлемі мүлдем жұтып қоймай тұрғанда қолға алуым керек болды. Сол түсініксіз әлемің сенің елің кім, кімнің ұрпағы екеніңді ұмыттырып жібере ме деп қорқамын.

Немересі: ой....енді...ата. Мен ғана емес қой.....Бұл ескі тарих емес пе?

Атасы: ай, балам-ай, балам- ай. Сен өзі елін сүйетін, құрметтейтін, абыройын биікке көтеретін азаматтар бұрынғы заманда қалған деп санайсың-ау, шамасы. Ондай ардақты адамдар ел тарихында жетіп артылады. Қане, кел, таныстырайын

Немересі: Қалай? Қазір ме?!

Атасы: Иә, балам, дәл қазір!

Қаныш Сәтпаев: Балақай, менің есімім- Қаныш Сәтпаев. Қазақтан шыққан тұңғыш геологпын, Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы, және оның тұңғыш президентімін. Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.

Әлихан Бөкейхан: Ал, мен- Әлихан Бөкейханмын. Мүмкін сен мен туралы естіген де шығарсың. Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және "Алаш" қозғалысының жетекшісі болдым. Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

Шоқан Уәлиханов: Сіздің алдыңызда- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.

Темірғали КӨКЕТАЕВ. – Есімім – Темірғали Көкетаев. қазақ физигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы бірнеше ғылыми мектептердің негізін қалаушымын. 25 жыл бойы зерттеп ашқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» атты жаңалығым үшін «Outstanding people of the 20 th century» (қазақшасы: XX ғасырдың көрнекті адамы) атағы берілді. Бұл – бір ғасырда бір рет қана берілетін атақ.

Роза Бағланова: Өзімді саған таныстырып өтейін, әнші – Роза Бағланова мен боламын. Қазақстанның халық әртісімін. Еңбегім үшін  Халық қаһарманы атағын алдым. Соғысты өз көзіммен көріп, майдан даласында жауынгерлердің рухын көтеру үшін ән салдым.

Бибісара Асаубаева:  Мен сенің Бибісара Асаубаева деген замандасыңмын, қазақстандық шахматшымын. Әйелдер арасындағы гроссмейстер. Ерлер арасында халықаралық шебері . Блиц бойынша әлем чемпионы — шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Азия Чемпионы 4 жасымда шахмат ойынының алғашқы ережелерін игердім.Түрлі балалар мен жасөспірімдер жас санаттарында 5 дүркін әлем чемпионы және екі дүркін әлем вице-чемпионы атандым.Шахмат тарихындағы Fide Master атағының ең жас иегерімін. 2020 жылы үшінші норманы орындап, ФИДЕ халықаралық шебері атандым.

Рахат-Би Әбдісағын: Балақай, мен де сенің замандасыңмын. Есімім – Рахат -Би Әбдісағын. 14 жасымда «Математерика мен заманауи Музыка» ғылыми еңбегім жарыққа шықты. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты атандым. 13 жасымда Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық өнер консерваториясына оқуға түсіп, сонымен қатар бір уақытта Италиядағы Santa Cecilia Di Bergamo өнер академиясын аяқтадым. 18 жасымда өнертану ғылымдарының магистрі атандым. Сен де біздің қатарымызда болғың келсе- талаптан.



Атасы: Міне, балам, бұл сенің еліңнің толағай тарихының болмашы бөлігі ғана. Ұлы даланың ұланы Ұлыларын ұлықтап, жадында ұстауы тиіс!

Немересі: Түсіндім, ата, түсіндім бәрін. Мен сізге байтақ Қазақстан елінің мәдениеті мен тарихын құрмет тұтатын азамат боламын деп сөз беремін!

Атасы: Бәрекелді, болашаққа бастаған сапарың оң болсын, балам!

соңы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі