Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң!»

атты ашық тәрбие сағатының

б а ғ д а р л а м а с ы.


Мақсаты: Азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.


Барысы.


Жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата Заңым қабылданып.


Әнұран орындалады.


Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен студенттер!

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен асқан бар ма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.


Ата Заңым!

Кемеңгерім! – деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағаты «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң!» деп аталады.


Баяндама: оқитын оқытушы Қалдыбаев Н.


Елімізді әйгілейтін басты құжатымыз – Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында, қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Міне, содан бері Конституция күні бүкіл ел болып мерекеленетін жалпымемлекеттік мейрамға айналды.

Ата Заңның: «Біз қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», - деп басталуында терең мән-мағына жатыр.

Ата Заңымыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.

Сол сәттен бастап, біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қадам бастық. Ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, қасиет дарыған кең-байтақ даламызда ата-бабамыз сан ғасыр армандаған бейбіт заманның алғышартын іске асыруға белсене кірістік.

Конституциямызда демократиялық өлшемдерге сай келетін билік тармақтары мен мемлекеттік институттар айқындалып, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы деп атап көрсетілген.

Осылайша, елімізді демократияландырудың жаңа кезеңі – еркіндік пен бостандыққа негізделген қоғамды жедел дамыту жолына нық қадам бастық. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейтін, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізетін, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартатын зайырлы мемлекетке айналды.

Конституцияның 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп атап көрсетілген. Байырғы қазақ жерінде ортақ тарихи тағдырын біріктірген Қазақстан халқы Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет төрт аяғын тең басып тұр. Осы орайда айта кетуіміз керек, Қазақстанның мемлекеттік егемендігін нақты жүзеге асыруына 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи құжат – Егемендік туралы Декларация зор рөл атқарды. Оның тарихи маңызы өлшеусіз. Көп ғасырлық тарихы, мәдениеті мен қалыптасқан мемлекеттік құқықтық дәстүрлері бар Қазақстан өз жолын белгілеп, өзгелермен шын мәнінде теңесе білді. Декларация басқа да заңнамалық актілерді әзірлеуге негіз салды.

Біз қазір өзімізді небір алпауыт мемлекеттерге мойындатып үлгірдік. Айталық, жан-жағында сүйенері жоқ жас бала ұлы көшке ілесемін десе, буынын бекітіп алып, өз әрекетін өзі жасауы керек. Мұндай шет-шегі жоқ алыс сапарда оған көптеген қажеттілік керек. Қазір біз осы жолдардан өттік, буынымыз бекіді. Тәуелсіздігімізді алғанымызғы жиырма жылдан асты. Елордамыз күннен-күнге жаңарып келеді. Осындай үрдісті, көзіңмен көрмесең сене алмайтындай өзгерістерге, жаңарулар мен жақсаруларға төрткүл дүние түгел көз тігіп отыр. Олар да бізбен бірге қуанады, таңғалады. Қазақ халқының мықтылығына, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағына қайран қалады. Осындай жетістіктеріміз бен еңсерген еңбектеріміздің еш кетпеуі – далалық тарихымыздың тамырынан нәр алып, бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңымызды бағдаршам етіп ұстауымыздың нәтижесінде екендігі даусыз. Ол – ақиқат. «Қасым ханның қасқа жолы» деп, «Есім ханның ескі жолы» деп, әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп, солардан бастау алған, нәрін сіңірген Конституциямыз халыққа мінсіз қызмет етіп келеді.

Сондықтан біз өзгелерден қалмай, биіктерге самғауға алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тереземіз тең болуы үшін азаматтарымыздың құқығын Ата Заңымыздың шеңберінде айқын басымдықпен қорғауымыз керек.

Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы – Конституция.


«Ел тірегі, ел бақыты – Ата Заң»


1-оқушы: «Тілегім сен, тірегім»

Ата заңың – айбарың,

Тағдырың мен таңдауың,

Еркіндігің, теңдігің,

Сан ғасырға арманың.

Ата заңың – тірегің,

Арман, үміт, тілегің.

Өрлеп, өскен бүгінгі

Өз Отаның, ұлы елің.

2-оқушы: Ата заңың – бірлігің,

Бүгінгі іс, тірлігің.

Елдің ырыс, бақыты-

Бейбітшілік, нұрлы күн.

Ата заңың – қуатың,

Сенім, мақсат, мұратың.

Мақтанышы – көк туың,

Көкте шалқып тұратын.

Ата заңың – мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейін!

3-оқушы: «Ата Заңым»

Сен дегенде жүрек дархан, көңіл кең,

Сенсің маған орын берген өмірден.

Айналайын, Ата Заңым – абызым,

Жасай берші егеменді еліммен.

Елдегі бар ізгілікті молайттың,

«Адам бол» деп,

«Аман бол» деп көп айттың.

Барша заңның түп атасы өзіңсің,

Қиянатты қайтіп жеңем,

Соны айтқын!

4-оқушы: Сенің арқаң гүлдендірген жерімді,

Сенің арқаң түрлендірген елімді.

Бір-ақ әнсің жүрегімде сақтаулы, құқығым алға бастар сенімді.

Шайқалмайды шаңырағым

Сен барда,

Мен бақытты ақыныңмын ел барда.

Шуағыңды шашып бүгін жан-жаққа,

Баста бізді өркениет кең жолға.

Ән:________________________________________________________________


Жүргізуші: Еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.


5-оқушы: Ақыныңмын арманы асқақ, үкілі,

Керек бізге кемел елдің бүтіні.

Өзің барда Ата заңым

Осы елдің түзу ұшпақ түтіні.

Әділеттің сенсің болат алмасы,

Адам жайлы, қоғам жайлы толғашы.

Қасым хан мен Есім хандар енші еткен

Ата заңым Жеті жарғы жалғасы.

6-оқушы: Биігінен ертеңім мен бүгіннің,

Кең байтағың шолар қыран қырымның.

Тап өзіңсің Ата заңым, аяулым,

Еркіндікті сен арқылы ұғындым.

Ей, жас ұрпақ, ертеңің зор, аянба,

Ата заңым болашағың баянды.

Өзгелермен теңестіріп иықты

Еңбек етем, тең боп өтем саяңда.

7-оқушы: Әдемі ұл мен қыз оқып,

Әдепті жас атанар.

Әр елдің Бас құжаты

Аталады Ата заң!

Ата заң – ол атасы

Барлық заң мен жарлықтың.

Ал атаның батасы

Ақ тілек қой ең мықты.

8-оқушы: Бәріне ол жауапты

Білгір әке тәрізді.

Обал менен Сауапты,

Ойлайды әрі Парызды!

Мәпелесе сая, бақ,

Мәуелі өнім піседі.

Анаң сынды аялап,

Асты-үстіңе түседі.

9-оқушы: Тау, далаға, орманға

Таң шуағын шашсын ақ!

Қиянаттан қорғауға

Қашанда әзір Бас құжат!

Айдарлы қыз, ұлы әлі

Азамат та аттанар.

Оқы, таны, біл оны,

Осы біздің Ата Заң!

Жүргізуші: Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 22 жыл толып отыр.


«Конституция – біздің асқақ абыройымыз»


10-оқушы: Конституция – кемел келешектің кепілі. Ата заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды.

11-оқушы: Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Конституция – біздің асқақ абыройымыз, Қарулы Күштер – ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!

12-оқушы: Біздің Негізгі заң – бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

13-оқушы:Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі – бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш – белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң – елеміздің басты алаңы.


ролик:_______________________________________________________


Жүргізуші: Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығмыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

14-оқушы: Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды. өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

15-оқушы: Әрбір қазақстандықтың Конституциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды.

16-оқушы: Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.


Ән,күй:_______________________________________________________________


Жүргізуші: Биыл Конституцияға 22 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, алысым да.

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба, -

деп С.Торайғыров айтқандай «Тәуелсіз Қазақстан» атты құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар. Осымен «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.01.2018
2566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12