жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Таза ауа"
«Жұлдызша» орта тобына арналған
ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Шығармашалық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология. Сурет
Тақырыбы: “Таза ауа”.
Мақсаты: Балаларға ауа туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларға таза ауаның денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру. Ауаның қасиетін тәжірибе арқылы таныстыру.
Дамытушылық: Танымдылық қабілеттерін арттыра отыра, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, ауаны ластамауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық. |
Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болып отыр. Бізде бүгін көптеген қонақтар отыр. Қонақтармен амандасайықшы. -Балалар, кәнекей шеңберге тұрайық, бүгінгі күнімізге сәлем берейік. Аспан түрді түндігін, |
-Сәлеметсіздер ме! Балалар шеңбер жасайды. Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық-іздністік. |
Бүгін бізде ерекшк сабақ болмақ. Біз бүгін таза ауа туралы әңгімелесеміз. Ендеше балалар жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақ: Көзге көрінбейді Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Тәрбиеші: Осы айтыңдаршы ауаны көреміз бе? Жарайсыңдар! Ауа сонда қандай егерде біз оны көрмесек? Балалар біздің ауаны кім ластайды ? Кәнекей біз қазір оны көреміз. Ал ауаны нелер тазартады? Ағаштарды сындырмау керек. Табиғатымызды қорғауымыз керек. Слайд көрсету. Ой балалар бізге біреу бейнеқонырау шалып жатыр. Сәлеметсіндер ме! Мен прфессор боламын. Мен естідім осы топтың балалары өте ақылды, білімді, сондықтан мен сендерге хабарласып тұрмын. Сендер бүгін ауа туралы өтіп жатыр екенсіңдер. Мен сендерге өзімнің шағын зертханаға шақырамын. Тәрбиеші: Балалар таза ауа жұтып жаяу жүрген денсаулыққа өте пайдалы. Саппен тұрып шағын зертханаға атанайық. Профессор: Қош келдініздер! Зертханаға
кіру үшін сендер арнайы киім кию керексіңдер. Ауаны көру үшін оны
ұстап алуымыз керек. Ауаны ұстауға үйретейін бе
сендерге? Профессор: Мынау пакеттерді алындар.Ал сендердің тәрбиешілерін менің көмекшім болады. Тәрбиеші: Не бар оның ішінде? Оны бірнеше ретке бүктеуге болады. Қарандаршы кандай ол жұқа, енді сол ішіне ауаны ұстайық. Жарайсыңдар, қандай шапшансыңдар. Енді оны бұрайық. Пекет ауаға толық, ол жастық сияқты. Ал егерде оны босап тастасақ не болады? Тәрбиеші: Қорытынды: Сонымен балалар қандай қорытындыға келеміз? Ауа көрінбейді, түссіз. Тәрбиеші: Профессор ал адамның ішінде ауа бар ма? Қалай ойласыңдар балалар? Профессор: Кәнекей қазір тексереміз. ІІ тәжірибе: “Адамның ішіндегі ауа” Тәрбиеші: Балалар кәнекей енді стақан ішіндегі суды түтікше арқылы үрлейік. Не болып жатыр? Мне көрдіңдер ме ішімізде де ауа бар. Біз түтікшемен үрлегенде ол сыртқа шығады. Ал ауа біздің ішімізге қалай пайда болады? Не арқылы кіреді? Дұрыс айтасыңдар! Әрине мұрын арқылы. Кәнекей мұрындарымызбен демалайықшы. Балалар, қалай ойлайсыңдар басқа заттарда ауа бар ма? Дидактикалық ойын арқылы оны білеміз. Дидактикалық ойын: “Батады-батпайды” музыканың дауысы шығады. Балалар бір бірден сандықтан ойыншықтарды алыңдар да мынау тұрған ыдысқа салындар. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді біз білеміз ауа бар заттар батпайды, ал ауа жоқ заттар батады. Сергіту сәті: Музыка ырғағымен жасау. Таза ауада дем алып, Шынығамыз жаттығып Айналаны, қорғаймыз, Күл – қоқыстан тазартып. ІІІ тәжірибе: Қалай ойлайсыңдар алдарыңдағы
стаканда бір нәрсе бар ма? Профессор біз өте қуаныштымыз сіздің арқанызда көп нәрсе білдік. Профессор біз ауада сурет салуды білеміз. Солай ма балалар? Профессор: Қалай керемет! Ал сендер маған көрсете аласыңдар ма? Тәрбиеші: Әрине көрсетеміз. Балалар өнерімізді көрсетеміз бе? ІV тәжірибе: “Тамшыны үрле” ауа арқылы сурет салу Ақ қағаздың үстіне бірнеше сұйық гуашпен тамшы қоямызда және түтікшені аламыз. Тамшының ортасынан түтікшемен үрлейміз. Қараңдаршы осы тамшылар жан-жаққа шашырайды. Балалар осы салған суреттерді неге ұқсатар едіңдер? Тәрбиеші: Жарайсың, енді осы суреттерімізді профессорға сыйлайық. Ылғи бізді есімізге алып тұрсын. Профессор: Қандай тамаша! Мен өте қуаныштымын, балалар маған көмектескендеріне рахмет. Менде де сендерге деген тәтті сыйлығым бар. Тәрбиешілеріне берейін ол сендерге топқа барғасын береді. Тәрбиеші: Сау болыңыз! Профессор: Сау болыңдар! |
Балалардың жауабы. -Ауа. Балалардың жауабы. Балалар: ауа түссіз, иіссіз, және адамға көрінбейді. Балалар слайдқа назар аударады. Балалардың жауабы. Сәлеметсіз бе! Балалар киім киеді. Балалардың жауабы. Балалардың жауабы. Көпіршіктер пайда болып жатыр. Ауаның көпіршіктері.Балалардың жауабы. Себебі стаканда ауа бар, сол ауа суды жібермейді Балалардың жауабы. Балалардың жауабы. Балалар өздерінің салған сурет |
|
Рефлексивті-түзетушілік Рефлексивно-корригирующий |
- Ауа не үшін қажет? Ауаны қалай таза сақтауға болады? Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істедіңдер.Мне сендерге профессор берген тәттілер қараңдаршы прфессор әр қайсысына тілектер жазған. Тәрбиеші таратады. |
Балалардың жауабы |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген