400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Таза ауадағы дене жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
өте жақсы жажжажаа
Материалдың қысқаша нұсқасы






“ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ - 2020”

ОЛИМПИАДАСЫ



БАСТАУЫШ СЫНЫП

бойынша тест сұрақтары

(3 нұсқа)



















Қазақстан Республикасы, 2020



МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ


1. Сыныптағы 29 оқушының әрқайсысы не спортпен, не музыкамен айналысады. Спортпен 21 оқушы, ал музыкамен 15 оқушы айналысады. Қанша оқушы екеуімен де бірдей айналысады?

А) 5 оқушы В) 6 оқушы С) 7 оқушы Д) 8 оқушы Е) 9 оқушы


2. Қоян өзінің 40 қадамындай қашықтықта иттің алдында тұр. Оны ит қуып келеді. Қоян 3 рет секіргенде, ит 7 рет секіреді. Иттің 3 рет секіргені қоянның 5 рет секіргеніне тең. Ит қоянды қуып жету үшін қанша рет секіру қажет?

А) 90 рет секіргенде В) 95 рет секіргенде С) 100 рет секіргенде

Д) 105 рет секіргенде Е) 110 рет секіргенде


3. 1-ден 999-ға дейінгі барлық натурал сандар бір қатарға жазылғанда көп таңбалы сан шыққан. Оның барлық цифрларының қосындысын табыңдар.

А) 10500 В) 11500 С) 12500 Д) 13500 Е) 14500


4. Соңғы цифрын сызып тастағанда 13 есе кемитін барлық екі таңбалы сандарды табыңдар.

А) 13 В) 26 С) 39 Д) 13 және 26 Е) 13, 26 және 39


5. 1000! саны неше нөлдермен аяқталады?

А) 209 нөлмен аяқталады В) 219 нөлмен аяқталады

С) 229 нөлмен аяқталады Д) 233 нөлмен аяқталады Е) 249 нөлмен аяқталады


6. Бір тәуліктің ішінде сағаттың минуттық және сағаттық тілдері бір-бірімен қанша рет перпендикуляр орналасады?

А) 40 рет перпендикуляр орналасады В) 42 рет перпендикуляр орналасады

С) 44 рет перпендикуляр орналасады Д) 46 рет перпендикуляр орналасады

Е) 48 рет перпендикуляр орналасады


7. Футбол командасының он бір ойыншының орташа жасы 22-де. Матч кезінде бір ойыншы жарақат алып, ойын алаңынан шығып қалды. Сонда қалған ойыншылардың орташа жасы 21-ге тең болады. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншының жасы нешеде?

А) 28 жаста В) 30 жаста С) 32 жаста Д) 34 жаста Е) 36 жаста


8. Атасының жасын жылмен, ал шөбересінің жасын аймен санаса, екі сан тең болады. Екеуінің жастарының қосындысы 117-ге тең. Атасы қаншада, шөбересі қаншада?

А) шөбересі 9-да, атасы 108-де В) шөбересі 8-де, атасы 109-да

С) шөбересі 7-де, атасы 110-да Д) шөбересі 10-да, атасы 107-де

Е) шөбересі 11-де, атасы 106-да


9. Натурал саннан оның цифрларының қосындысын шегерген. Сондағы шыққан саннан қайтадан оның цифрларының қосындысын шегерген және т.с.с. Сонда осындай он бір рет шегеруді орындаған соң алғашқы рет ноль саны шыққан. Шегеруді қай саннан бастаған?

А) 100-ден В) 103-тен С)105-тен Д) 107-ден

Е) 100-ден бастап 109-ға дейінгі кез келген саннан бастаған.


10.Бірден бастап барлық натурал сандар қатар жазылған. 2000-шы орында қандай цифр тұрғанын анықтаңдар.

А) 0 цифры тұрады В) 1 цифры тұрады С) 2 цифры тұрады

Д) 3 цифры тұрады Е) 4 цифры тұрады


11. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені тауып, оның қай сөз табы екенін көрсетіңіз.

Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.

А) сын есім В) зат есім С) есімдік Д) сан есім Е) етістік


12. Эллипсис құбылысына тән сөйлемі бар қатарды табыңыз.

А) Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім.

В) Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.

С) Жағамдағы құндызым, аспандағы жұлдызым.

Д) Көкте – күнмін, көпке нұрын шашамын.

Е) Ата-анам еді – дәулетім, мен жұртыма жау ма едім.


13. Тек салдырдан жасалған туыстық атауы бар қатарды тап.

А) аға, дос

В) жиен, нағашы

С) әпке, бөле

D) жеңге, қайын

Е) көке, әке.


14. Адъективті тіркесті сөйлемді табыңыз.

А) Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс.

В) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

С) Қой отарының сүйемдеп аяңдауына жирен бесті ғана көндіге алмай келеді.

Д) Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім.

Е) Төле би: «Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр», − деп ақыл айтты.


15. "Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бір елдің данасы бол!"- деген батаны Төлеби кімге берді?

А) Малайсарыға

В) Жетеске

С) Сырымға

Д) Бөлтірікке

Е) Байсеркеге


16."Бөлтірік шешеннің тапқырлығы " атты шешендік сөзде Бөлтірік шешен қандай затын жұмбақтайды?

А) сақалын

В) басын

С) шашын

Д) тіс шұқитын таяғын

Е) ешнәрсені


17. Сапарғали мен Нұржанның айтысында Сапарғалидың "Теңіз" деп жасырғаны не?

А) су В) қағаз С) қалам Д) үй Е) несібе


18. «Арық ашаң, тарамысты мықты саусақты, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажарлы, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шашты, көп сөйлемейтін, қақ-соғы жоқ, инабатты, жуас адам» деген жолдар қай қатарға тән?


А) Сипаттау

В) Гипербола

С) Литота

D) Мінездеу

Е) Шендестіру


19. Төмендегі өлеңге сай жауапты белгіле.

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын?!

А) Үш-төрт тармақты, екі бунақты, 10 буынды, абаб шалыс ұйқасты.

В) Төрт тармақты, екі-үш бунақты, 12 буынды, ааба ұйқасты.

С) Төрт тармақты, үш бунақты, 11буынды, ааба қара өлең ұйқасты.

D) Төрт тармақты, үш бунақты, 11буынды, ааба шұбыртпалы ұйқасты.

Е) Төрт тармақты, бір бунақты, 10 буынды, аабб кезекті ұйқасты.


20. Каузативті сөзді табыңыз

А) Сабаққа бармаған В) Кітап оқытты С) Бүгінгі жағдай

Д) Әкесімен сөйлесті Е) Бала жуынды


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
3809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі