400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таза мінсіз,асыл сөз атты ақындық мүшәйра

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас ақындарға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дана Абайдың ұлы сөзі тұр санамда,
Сол сөздері ақындыққа бастаған да.
Өлеңдері ұрпаққа мәңгі қалар,
Жалғасып "Абай жолы"ғасырларға.

Өмірде өнеге етем ұлы Абайды,
Өлеңдері әр санаға жыр толғайды.
Бұлжытпай орындаса өсиетін,
Қазақ деген мәңгілік ұлт болады.

Ақындар көп қазірде өлең жазған,
Ұлы Абайдай болуды армандаған.
Сіздей ақын келмесе дүниеге,
Болмас еді мендей ақын бұл өмірде.

Менде сіздей ақын ізін жалғап,
Бүгін міне қолыма қалам алдым.
Үлкен құрмет мен үшін өлең арнап,
Дара Абайға тізбектеп жыр жазғаным.

Қол дірілдеп жүрегім алып ұшар,
Жазған кезде ақынға арнап өлеңдерді.
Сол үшін сөге көрме мені халқым,
Кетіп жатса жас қызыңның қателері.

Абайдай асқақ ақын барма әлемде?
Сұңғыла ой мен сүбелі жырдың сұлтаны.
Менің де жырым жаһанға тарап кетер ме?
Абайдай ақын пірім болып тұрғанда.

Зар заманның ақиқатын жырлайтын,
Ұлы ақынға теңеу барма жететін.
Өр өлеңнің өршіл тартқан айбыны,
Елдің мұңын жырлайтұғын қайғысын.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абайды оқып,өлеңге бой алдырғам.
Құдыретті Алланың рухы күшті,
Бір ғасырға Абайдай ақын тудырған.

Менде бір өркен тамырын жырдан алған,
Ұлы ақынның өлеңдерін азық қылған.
Абайдай ұлылардан бастау алып,
Анамнан мен бір ару дара туған



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.05.2021
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі