400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты

№ 1

Сынып жетекші:



Күні:

01.09.2026ж

Сынып: 6

Қатысқаны: Қатыспағаны:


Сабақтың тақырыбы:

«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»

Сынып сағатының мақсаты:

•Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын түсіндіру

•Экологиялық мәдениетін қалыптастыру

•Туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту:

Әділдік, жауапкершілік, отаншылдық, еңбекқорлық, бірлік, табиғатқа құрмет.

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып жетекшісінің әрекеті:

Оқушылармен амандасады, сабаққа назарын аударады. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Психологиялық ахуал:

«Таза жүрек – таза орта – таза Қазақстан» шеңбері.

Әр оқушы Қазақстанның таза әрі көркейген болашағына қатысты бір жақсы сөз айтады:

таза табиғат, жасыл ел, жауапкершілік, қамқорлық, тәртіп, еңбек, бірлік.


ІІ. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» әдісі

Мұғалім сұрақтар қояды:

Конституция дегеніміз не?

Азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігі қандай болуы керек?

Экологиялық мәдениет дегенді қалай түсінесіңдер?

«Таза Қазақстан» дегенде ойларыңа не келеді?

Табиғатты қорғауды өзімізден қалай бастай аламыз?

Қорытынды:

Тазалық тек көшені жинаудан тұрмайды. Ол – табиғатқа, туған жерге, қоғамдық ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениеті.

Оқушылар әнұран орындайды.








Шеңберге тұрып, өз ойларын білдіреді.






Сұрақтарға жауап береді



Көңілді әуен




Сынып сағатының ортасы

30мин

ІІІ. Негізгі бөлім

«Конституция және табиғатты қорғау»

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі:

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы жауапкершілік пен ортақ құндылықтар айқындалған.

Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті. Қоршаған ортаны ластамау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, ағаштарды қорғау, суды және электр энергиясын үнемдеу – экологиялық мәдениеттің көрінісі.

«Таза Қазақстан» идеясы әр азаматтың өз ауласынан, мектебінен, көшесінен және туған жерінен тазалықты бастауына үндейді.


«Конституция және мен» тақырыбында шағын пікірталас өткізу. Пікірталас барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін, заңды орындау және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелерін

талқылау;

IV. Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ – «Табиғат»

«Табиғатты қорғау үшін не істей аламыз?» тақырыбында 5 ұсыныс жазады.

2-топ – «Жауапкершілік»

«Экологиялық жауапты азамат қандай болуы керек?» тақырыбында кластер құрады.

3-топ – «Таза Қазақстан»

«Біздің мектепті таза ұстаудың 5 ережесі» тақырыбында постер дайындайды.

Әр топ өз жұмысын 1–2 минутта қорғайды. «Менің жауапты таңдауым» тақырыбында

ашық диалог ұйымдастыру. Диалог барысында білім алушылардың мақсаттары,армандары, өмірлік таңдауы және олардың қоғамдағы рөлі туралы пікірлерін айтады.

V. «Экологиялық шешім» тапсырмасы

Мұғалім жағдаяттарды оқиды.

1-жағдаят:

Сыныпта бір оқушы қоқысты арнайы жәшікке салмай, еденге тастады. Сен не істейсің?

2-жағдаят:

Мектеп ауласында сынған бұтақтар мен қағаздар шашылып жатыр. Қандай әрекет жасайсың?

3-жағдаят:

Досың суды қажетсіз ағызып қойды. Оған не айтар едің?

4-жағдаят:

Табиғат аясында демалып болғаннан кейін жерде қоқыс қалды. Қандай шешім қабылдайсың?

Оқушылар:

Жағдаяттарды талдап, дұрыс шешімдерін ұсынады.

Мұғалім қорытындысы:

Экологиялық мәдениет – тек сөзбен емес, күнделікті әрекетпен қалыптасады.

VI. «Менің экологиялық уәдем»

Әр оқушы стикерге табиғатты қорғауға байланысты бір уәдесін жазады.

Мысалы:

«Мен қоқысты жерге тастамаймын».

«Суды үнемдеймін».

«Табиғатты ластамаймын».

«Ағаштар мен өсімдіктерді қорғаймын».

«Мектеп ауласын таза ұстауға атсалысамын».

«Табиғатты қорғауға достарымды шақырамын».


Қорытынды сөз:

Таза Қазақстан – барлығымызға ортақ мақсат. Табиғатты қорғау үлкен істерден ғана емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Өз ауламызды, мектебімізді, көшені таза ұстасақ – еліміздің экологиялық мәдениетінің қалыптасуына өз үлесімізді қосамыз.









Оқушылар тыңдайды

















Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.









Оқушылар тапсырмаларды орындайды




Оқушылар сұраққа жауап береді











Әр оқушы стикерге табиғатты қорғауға байланысты бір уәдесін жазады.







Стикерлерге жазып «Таза Қазақстан» атты ортақ плакатқа жапсырады









Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Таза Қазақстан» тақырыбындағы суреттер, плакаттар, маркерлер, стикерлер, бейнеролик.

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін

Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі:

🟢 – тақырыпты толық түсіндім;

🟡 – әлі де білгім келеді;

🔴 – түсінбеген сұрағым бар.


Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
2 қыркүйек
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі