Тақпақтар
Үйімізді жуамыз,
Шаң-тозаңнан тазартып.
Күлімсіреп тұрамыз,
Тазалыққа мәз болып!
Сырттан келіп үнемі,
Сабынмен қол жуамыз,
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.
Тазалықты іздесең
Мөлдір судан аласың
Жиі-жиі жуынсаң
Аппақ таза боласың
Тазалық сенің серігің
Жанға-дауа тазалық
Сергітетін адамды
Қимыл менен қозғалыс
Сыпырғыш aп сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
Бір дақ таппай бөлмеден,
Әне, күліп тұр әпкем.
Жалтырайды сырлы еден
Сылағандай лакпен.
Бір жалған жоқ сөзімде,
Еден айна сияқты.
Үйге енді өзім де
Сүртіп кірем аяқты.
Мақалдар
1. "Үйдің тазалығы — жанның тазалығы
2. Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
3. Жаман ауруға жақсы ас.
4. Ауру аздырады,
Суық тондырады.
5. Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
6. Ауру астан,
Дау қарындастан.
7. Ас — елдің құты.
Жұмбақтар
Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.
Айна
Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.
Айна
Өзгенің тазалығы үшін
Өзін құрбан етеді.
Сабын
Болмасаң құнтсыз,
Кірлеген сайын
Аспанның бұлтсыз
Нөсері дайын.
Душ
Алдына бір нәрсе әкеп берсе, тегі,
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.
Айна
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
Айна
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не?
Тарақ
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не?
Сүлгі
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не?
Сабын
Ақ өзен ағарып
Үңгірге ағады,
Ол жуғанда – тазарады.
Тіс пастасы
Толқыннан толқын, далада,
Егісте келеді бір тырма,
Бидайды тырмалайды,
Тәртіпті қадағалайды.
Тарақ
Орман емес, жүрмін кезіп,
Мұрт пен шаштың іштерін,
Тісінен қасқыр, тышқанның
Ұзын менің тістерім
Тарақ
Сөйлеп тұр мата ұзын -
Кестеленген екі ұшы:
Сабында да кішкене,
Сияны жу бетіңнен! –
Әйтпесе сен сүрткенде
Кір қыласың мені!
Сүлгі
Жон арқасы сүйектен,
Қылшық қалың жүйекте,
Жалбыз паста жағады,
Бізге қызмет қылады.
Тіс щеткасы
Жәй жаңбырға ұқсамай,
Жылы жауын қатты жауар,
Төбені түк те бұлт шалмай,
Күні бойы төгуге даяр.
Душ
Жаны бардай сырғиды,
Жібермеймін мен оны.
Ақ көбігі көпіршиді,
Қол жууға ерінбейді!
Сабын
Кірге суда кезігеді,
Сүйкенем деп езіледі.
Сабын
Кір киімді қалайды,
Өзі кірді жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.
Сабын
Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып.
Сабын
Ертегілер
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері
Ертеде бір Кірқожалақ атты
бала болыпты. Ол - үсті - басы кір - кір, сатпақ - сатпақ, ол
жердегі әр нәрсені ұстап аузына салып жейді. кенет оның іші ауырып
қалады. Ол қатты қиналып жылайды. Оның айналасында микробтар мен
вирустар қаптап кетеді. Осы кезде оған Тазабек келеді. Тазабек
Кірқожалақтан не болғанын сұрайды.
Тазабек: Ой не деген сатпақ - сатпақ, лас едің? Саған не болған? Ой
мына жерді микробтар, вирустар қаптап кетіпті ғой?! Дем алар
емеспін.
Кірқожалақ: Менің ішім қатты ауырып жатыр. Маған көмектесші!
Тазабек: Ендеше мен саған қандай көмек көрсете аламын. Өзің
тазалықты сақтамайсың. Ендеше мен саған дәрігер шақырайын.
Дәрігер: Не болып жатыр бұл жерде? Микробтар қаптап кетіпті ғой.
Кірқожалақ не болды саған?
Кірқожалақ: Мына жердегі құрт жеген алмаларды, жерге түскен
кәмпиттерді жедім. Ал енді менің қатты ішім ауырып тұр. Маған
көмектесіңізші.
Дәрігер: Мен саған дәріні берейін. (Витамин) Қожалақ сен лас боп
жүрсең аурушаң боласың. Қарашы жан жағыңда микроптар қаптап жүр.
Балалар Жаз айында көптеген аурулар шығады. Солардың ішінде атап
айтсақ құрт аурулары көп шығады. (жедел ішек инфекциясы) Бұл
аурулар тазалық сақтамағаннан пайда болады. Яғни қолды жумай тамақ
ішкенде, немесе жуылмаған тамақтарды көкөністер мен жемістерді
жегеннен, жерге түсіп кеткен тамақтарды ауызға салғаннан және т, б
жағдайларда микроптар ішке барады да солардан әр түрлі аурулар
туындайды. Сондықтан біздер әр дайым Тазабек сияқты таза жүруіміз
керек. Тамақтанар алдында қолымызды жуып, алма, алмұрт жегенде де
алдымен таза жуылған екеніне көз жеткізіп тазалап алып жеуміз
керек. күнделікті тістеріңді ысып таза киініп жүрсеңдер сендер
ешқандай ауру қоздырғыш микроптар да, вирустар да жоламайды.
Сонымен қатар балалар дені сау әдемі бала болып өсу үшін дене
шынықтырумен де айналысу керек.
Тазабек: Балалар Дәрігер апай дұрыс айтады. Дәрігердің айтқанын
тыңдап жасауымыз керек. Кір қожалақты сен әдемі тап таза, дені сау
бала болғың келеді ме? Мен сияқты?
Кір қожалақ: Әрине.(Қуана келіседі) Сен сияқты тап таза бала қалай
болам?
Тазабек: Балалар Кір қожалаққа көмектесеміз бе?
Ол үшін тазалықтың ең жақын достары кім екенін білгілерің келсе мен
сендерге жұмбақ жасырамын сендер мұқият тыңдап шешіп көріңдер.
Жұмбақ: «Бұл не?»
1) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың. Бұл не? (Сабын)
2) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
(Осы кезде сабын келеді. Қолында сүлгісі және айнасы бар)
Сабын: Балалар мен сендерге әрдайым көмектесіп жүремін. Сендер
менімен жуынсаңдар тап - таз боласыңдар. Кәне кімге
көмектесейін?
Тазабек: Сабын сен біздің Кір қожалаққа көмектес оны жуындыр.
Кір қожалақ тап таза болғанша біздер сендермен ойын ойнап, ән айтып
жіберейік.
А. Меңжановтың «Тазалықтың досы» атты өлеңі
Қимыл – қозғалыс арқылы айтады.
«Тазалық патшалығына саяхат» ертегісі
Кішкентай Айбар ойын ойнағанды жақсы көретін, бірақ кейде қолын жууды, бөлмесін жинауды ұмытып кететін. Бір күні ол аулада ойнап жүріп, қолдары мүлде кір боп қалғанын байқамады. Үйге кіргенде әжесі:
— Айбаржан, егер сен бүгін жақсылап қолыңды жусаң, бір құпия көрсетемін, — деді.
Айбар қызығып, дереу жуынатын бөлмеге барып, сабынды көпіртіп, қолын әдемі жуды. Сол сәтте сабын көпіршіктері жарқ-жұрқ етіп:
— Рахмет, Айбар! Біз микробтарды қуып шықтық! — деп сыбырлапты.
Айбар тазалықты сезінгендей болды. Сол кезде бөлмесіне кіріп еді, кенет кішкентай алтын қақпа пайда болды. Қақпаның үстінде: «Тазалықты сүйген балаларға» деген жазу тұр.
Айбар қақпадан өтсе — тамаша бір елге түсіп кетеді. Бұл Тазалық патшалығы екен!
Мұнда барлық нәрсе тап-таза: жолдары жарқырап, үйлері жылтырап тұр. Оған Сабын ханшайым жақындап:
— Қош келдің, Айбар! Біздің елге тек қолы таза, өзі ұқыпты балалар ғана келе алады. Сен бүгін тазалықты таңдадың, — деді.
Ханшайым Айбарға патшалықты
көрсетеді:
✨
бір жерде балалар қолын сабындап
жууда,
✨ бір жерде ойыншықтарын
жинауда,
✨ ал басқа жерде тістерін
тазалап тұр.
— Көрдің бе, — деді Сабын ханшайым, — тазалық бәрін әдемі етеді. Таза бала – дені сау, көңілді бала.
Сол сәтте алыстан «шашылған бөлмелер патшасы» деген кішкентай қара бұлт пайда болды. Ол кір қолдарды, ретсіз бөлмелерді жақсы көретін. Бірақ Айбарды көріп:
— Ой, бұл бала таза екен! Мен оған жолай алмаймын! — деп қашып кетті.
Айбар күліп жіберді. Ол алғаш рет тазалықтың өзіне күш, жеңілдік беретінін сезді.
Қайтар уақыт келгенде Сабын ханшайым оған кішкентай кітап сыйлады. Кітапта былай жазылыпты:
«Тазалық жасасаң —
күшті боласың.
Ұқыпты болсаң — әдемі
боласың.»
Айбар қақпадан қайта шыққанда, бөлмесі қайтадан өз орнында тұрды. Бірақ оның көңілі жарқын, өзі сергек еді.
Сол күннен бастап
Айбар:
✨ қолын уақытылы
жуды,
✨ бөлмесін
жинады,
✨ тісін тазалауды
ұмытпады.
Өйткені ол білген
еді:
Тазалық — Тазалық
патшалығына апаратын алтын жол!
«Мөлдір бұлақ» ертегісі
Ертеде бір ауылдың жанында айдай таза, мөлдір бұлақ болыпты. Оның суы соншалық таза болғандықтан, адамдар алыстан келіп, құтысына құйып алып кететін. Балалар да күнде бұлаққа келіп су ішіп, ойнап, шаттанатын.
Бұлақтың басында Аққұрақ атты
қария тұратын. Ол әр келген балаға:
— Балаларым, бұл бұлақ сендерге табиғаттың сыйы. Оны үнемдеу, таза
ұстау — бәріміздің міндетіміз, – деп айтып
отыратын.
Бір күні ауылға сырттан бір топ саяхатшы бала келеді. Олар бұлақтың әдемілігіне таң қалып, жанында тамақ ішіп, ойыншықтарымен ойнайды. Бірақ кеткенде қағаздарын, бөтелкелерін, қоқыстарын жинамай кетеді.
Кешке қарай бұлақ мұңайып
сыңсиды. Су бетіне қоқыс қалқып, мөлдірлігі жоғала бастайды.
Бұлақтың жанында тұрған кішкентай тастар да бір-біріне
сыбырлап:
— Біз бұрын мұндай болмаған едік… — деп таң
қалады.
Сол кезде бұлақтың перісі — Мөлдір Қыз пайда болады. Оның дауысы жұп-жұмсақ, бірақ мұңды еді.
— Егер мені бүлдірсеңдер, өздерің де таза судан айырыласыңдар. Тазалық — табиғаттың жүрегі. Жүрегі ластанса, бүкіл өмір ластанады… – деді.
Бұны ауыл балалары естіп,
таңертең ерте бұлаққа жиналды. Олар қоқыстарды жинап, суды қайта
тазартты.
Саяхатшы балалар да қателік жасағанын түсініп, қайта келіп
көмектесті.
Бұлақ қайта жарқырап ағып,
Мөлдір Қыз балаларға алғыс айтты:
— Тазалықты сақтау — тек бұлаққа жасаған жақсылық емес, өз өміріңді
әдемі ету, табиғатты қорғау. Таза бұлақ – таза жүректің
белгісі.
Содан бері ауылда бір ереже
қалыптасты:
«Тазалық —
табиғаттың анасы,
Таза жүрген
адамға – табиғат жасары.»
Балалар бұлақты ғана емес, өз бөлмесін, киімін, сыныбын таза ұстауды әдетке айналдырды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тазалыққа үйретуде балалар әдебиеті үлгілері

шағым қалдыра аласыз