400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Театр өнерінің негіздері атты театр студиясының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілді мектептің бастауыш сынып оқушыларымен қазақ тілінде театр ұйірмесін жүргізу. Бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылықтарын оятып ғана қоймай театр өнері арқылы қазақ тілін үйрету, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, актерлік қабілеттерін дамыту, театр өнерінің қыр - сырымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


КММ «№ 35 мектеп - гимназиясы»














«Сахна өнерінің негіздері» атты театр студиясының жұмыс жоспары

(бағдарламасы)







Театр студиясының жетекшісі : Иманбекова М.Т.























Екібастұз қаласы, 2019 ж.



Бағдарламаның мазмұны






Кіріспе ……………………………………………………………………....….…2

Түсінік хат …………………………………………………………......................3

Бағдарламаның мақсаты, міндеті …………………………………........……….5


Бағдарламаның өзектілігі ......................................................................................5


«Сахна өнерінің негіздері» атты театр студиясының бағдарламасы бойынша сабақты ұйымдастыруға арналаған әдістемелік ұсыныстар
……………………………….................................................................6

Күнтізбелік жоспар ……………………………………………...........…………..8

Әдебиеттер тізімі …………………………………………………...……………16
























Кіріспе




Оқушылардың тілін және ойлауын қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуіне қалай үйрету? Әлемді түсінуге қалай үйрету? Қайырымдылыққа, бүкіл тірі жан атуына деген сүйіспеншілігін қалай тәрбиелуге болады?


Эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезен арылу, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге деген қысқа жол – бұл жол ойын, қиялдау, ойлап құрастыру жолы.Осының бәрі театралдық әрекетке итермелейді.

Бұл құрастырылған бағдарламаны көркемдік нәтижеге жетудің, яғни қойылым көрсету құралы ғана деп қарауға болмайды. Өте маңыздысы сахна өнері оқушылардың ойлауы мен танымдық қызығушылығын дамытады, қиялын, ана тілге деген сүйіспеншілігін оятып, жанашырлық пен қайғысына ортақтаса білуге үйретеді.


«Сахна өнерінің негіздері» театр студиясы сабаққа қарағанда оқу әрекетін ұйымдастырудың тіптен басқа түрі. Мұнда оқушы дайын білімді ала салмайды, ол білімді өзі өндіріп алады, өзі құрайды.


Студияда барлық балалардың назары мына тапсырмаларға бағытталған: өзі құрастыру, сабақтың логикалық құрылымын жетекші оқушылардың танымдық әрекеті арқылы жүзеге асырады. Тапсырманы орындаудың әдісін, керек қарқынын, құралын жұптаса, жеке, топтаса отырып өздері таңдайды. Бір-біріне деген сенім, оқушылар мен жетекшінің бірлесе жұмыс атқаруы, жеке оқушының тәжірбиесіне сүйену, басқа өнер түрімен байланыс – оқушының жеке даму қабілетін дамытады















Түсінік хат.




«Сахна өнерінің негіздері» театр студиясы бастауыш сынып оқушыларына арналған. Шеберлік - бұл жетекшіден оқушылармен серіктесе отырып жұмыс істеуді қажет ететін технология. Бұл технология студия қатысушыларын үнемі ізденуіне, тануға, өзін тануға бағытталған.

Студияның өз қағидасы, өз жұмыс істеу алгоритмі бар. Сабақтың қызығушылық кезеңі оқушының танымдық әрекетін оятады. Бұл оқушының өз біліміне сүйенуіне, тәжірбие арқылы өтуге көмектеседі.Өз сенімі арқылы шындықты көруіне жетелейді. Өсу, көру, міндеттеу, сосын іздеуді ұйымдастыру. Оқушылардың қызығушылығын күшейтеді. Өз ойларын, жоспарларын, өз жұмысының нәтижесін айтады. Сабақтың қорытынды бөлімі өз ісін ойлау, қорытынды жасау, алған әсерін айтумен аяқталады


Бағдарлама бірнеше бөлімдерден құралған.

  • І – бөлім. «Мәдениет және сөйлеу техникасы» бөлімінде ойындар мен жаттығулар біріктірілген, бұл тапсырмалар тыныс алуды, сөйлеу аппаратының еркінділігін, дұрыс дыбыстауды, анық дикцияны, ойды, орфоэпияны дамытуға бағытталған. Бөлімге бейнелі тілді дамытуға байланысты сөздері бар ойындар, шағын әңгіме мен ертегілерді құрастыра білу, жай ұйқас құрастыра білу ойындары кірген.


• ІІ- бөлім. «Ырғақтыпластикалық» бөлімге ырғақты, музыкалық, пластикалық кешенді ойындар мен жаттығулар кірген. Бұл баланың қозғалғыш қабілетінің дамуын, денеқозғалысының пластикалық қозғалуын қамтамасыз етеді.

•
ІІІ – бөлім. «Этика және этикет» бөлімінде жалпы адамилық құндылық туралы ойлана білуге, өмірдің құндылы және мәні туралы оқушылардың өз ой қорытуына, қарым - қатынас жасай білу мәдениетіне үйретеді, өзін ұстай білу тәртібін үйретеді, жоғары талғамды бола білуге тәрбиелейді.

• ІҮ- бөлім. «Театралдық ойын» бөлімінде баланың кәсіби дағдысы қаншалықты екенін қарастырмайды, оның ойнай білу тәртібінің қаншалықты екенін, эстетикалық сезімі, өмірдің әр жағдайында өз құрдастарымен және үлкендермен қалай қарым – қатынас жасай білу дағдысын қарастырады.








Бағдарламаның мақсаты: : баланың эстетикалық білім құралы арқылы жеке үндесімді дамуы, оның көркемдік- шығармашылық білігінің дамуы.



Мынадай міндеттер қатарын шешу барысында бұл мақсатқа жетуге болады:

  • Баланың жеке шығармашыл дамуына қажетті жағдай тудыру;

  • Жалпы мәдениетті қалыптастыру;

  • Театр өнері туралы білім мен тәжірбие жинақтау.


































«Сахна өнерінің негіздері» атты театр студиясының бағдарламасы бойынша сабақты ұйымдастыруға арналаған әдістемелік ұсыныстар.



Балалармен бірлесе жұмыс істеудің ең маңызды сәті тәрбиелік жұмыс болып табылады.Бұл жұмыстың басты түйіні ұжымды құру мен бекіту. Бұған себеп болатын жалпы дайындықтар, актерлік шеберлікті меңгеретін сабақтар, сахналық тіл, сахналық қозғалыс, дұрыс грим жасау, жалпы мерекелерді дайындау және өткізу, қатысу.


Ұжымда өте маңыздысы қарым – қатынас.Ұжымдық жұмыс тек жан – жақты эстетикалық дамуға себепші болмайды, сондай – ақ оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өзін ұстай білуді үйретеді. Педагогтың міндеттерінің бірі - өте ыңғайлы жағдай жасау. Ұйымшыл шығармашыл ұжым баланың өз білімі мен білігін толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін біртұтас сезінуге көмектеседі


Сұрақты өзіндік шешуіне арналған педагогтың мақтауы, үнемі тапсырма беру, әңгімелесу, кішілерге әрқашан көмек беру өзіне деген сенімділігін молайтады және өзіне деген қанағаттанарлық сезімін сезінеді.


Сабақта ойынға үлкен мән беріледі. Ойында қиын жағдайлар туындап қалады. Бұның өзі балалардың үлкен парасаттылықпен шешуіне және әрекет етуге итермелейді. Ойын тәртібін орындауға бәрі міндетті. Сонда балалар әділдікті сезінеді. Ойын барысында бір – бірін төмендету, ренжіту, бір – біріне ауыр сөздер айтуға, әділетсіздікке, тұрпайлыққа жол берілмейді. Олар әрқашан өзара көмекті, адалдықтты, мейірімділікті, қолдауды жоғары бағалайды. Ойынның тәрбиелік мәнін бағалау қиын. Ойынның басқа қызметі – қозғалыс дағдылары жетіледі.













Бағдарламаның өзектілігі:


«Сахна өнерінің негіздері» театр студиясының бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқушылар театр туралы толық кешенді білім мен нақты білікке ие болады.


Біледі

  • Театр деген не?

  • Басқа өнер түрлерінен театр немен ерекшеленеді?

  • Театр өнері неге керек?

  • Театрдың қандай басқа да түрлері бар?


Түсінігі болады

  • Сахналық құрал жабдықтар туралы.

  • Сахнаның безендірілуі туралы.

  • Көрермен залында және сахнада өзін қалай ұстау туралы.


Біледі

  • Өз ой – қиялын керекті жеріне жұмсай біледі.

  • Бейнелі ойлай білуді.

  • Өз назарын бір жерге жинақтай білуге.

  • Сахна кеңістігінде өзін сезіне біледі.

  • Фрагмент сюжеттің құрама бөлшегі.

  • Негізгі ойды анықтай білед.


Дағдыларды қалыптастырады

  • Серіктестестерімен дұрыс қарым – қатынас жасай білу.

  • Актерлік шеберліктің әдіс – тәсілін.

  • Қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білу.

  • Ұжымдық шығармашылық.

  • Өз ойын еркін жеткізе біледі.


Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:


- қазақ тілінен деген қызығушылықтары артады;

  • театр өнері туралы мағлұматтары кеңейеді;

  • өзіне деген сенімі артады;

  • жауапкершілік парызын түсінеді;

  • ұжымда жұмыс істей білуге үйренеді;

  • ой-өрісі кеңейеді;

  • басқаның ойымен келісе білуге үйренеді;

  • әдепті сөйлей білуге үйренеді.


Оқу жоспары



№

Бағдарламаның бөлімдері

Сағат саны

1.

Кіріспе.

1

2.

Мәдениет және техника тілі.

4

3.

Ырғақтыпластика.

5

4.

Этика және әдеп

3

5.

Театральдық ойын.

21


Жалпы сағат саны.

34










































Күнтізбелік жоспар

Жалпы сағат саны - 34, аптасына - 1 сағат

№

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Үйірме жоспарымен танысу.

1

 

Мәдениет және техника тілі.


1

Зейінді дамыту ойыны. («Есім», «Түстер», «Бояулар», «Бағбан және гүлдер», «Жаңғырық»


1


2

Еркін тыныс алу мен тілдің еркін сөйлеуін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

1


3

4

Дикцияны дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар.

Бейнелі тілдің дамуына арналған ойындар.

1

1


Ырғақтыпластика

1

Затсыз этюд жасау «Тігу», « Жіпті инеге өткізу» т.б.

1


2


3


4

Сахналық этюдті дайындау. «Танысу», «Тілек», «Айна», «Жел», Жануарлар».

Пантомимикалық этюд «Суреттің тірілуі», «Біреу жасайды, екіншісі кедергі жасайды», «Күту» т.б.

Ырғақты қозғалысқа жаттығу жасау.

2


1


1


Этика және әдеп


1

Адамның жалпы мәдениетімен этиканың байланысы. (Адамның адамға деген, табиғатқа деген, жарге, Отанға, балалаық шаққа, білімге, анаға, өзіне, туысқанға, досқа деге құрметі.) Шағын әңгімелер құрастыру.

1



2

Шағын сахналық этюд. «Адам – ең жоғарғы құндылық».

1



3


Әдеттеніп кеткен нашар қылықтар (Этикет). Шағын сахналық этюдтер.

1



Театральдық ойын.

1



Театр құрылым мен танысу, оның негізгі мамандықтарымен танысу: актер, режиссер, сценарист, художник, гример. Сахналық этюд дайындау « Сахна мамандары ма?…»

3


2

Грим жасау техникасы.

1


3

Сценариймен танысу.

3


4

Рөлдерді бөлу, рөлдерге бөліп оқу.

2


5

Әр кейіпкермен танысу. Сахна көрнекіліктерін, костюмдерді, қойылым музыкасын дайындау.

3


6

7

Рөлдерде ойнау (Тілі, қимылы, киімі)

Қойылым көрсетуге дайындық

2

2


8

Қойылым көрсетуге дайындық.

3


9

Қойылымды көрсету.

2

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     Программа педагога дополнительного образования: От разработки до реализации /сост. Н.К. Беспятова – М.: Айрис- пресс, 2003. – 176 с. – (Методика).
2.     Школа творчества: Авторские программы эстетического воспитания детей средствами театра – М.: ВЦХТ, 1998 – 139 с.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі