400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Театр қайраткерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа немесе қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Театр қайраткерлері

Мектеп: «№3 ЖББОМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аңшыбаева Оразгүл Талғатқызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А. 8.1.2.1. Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындайалады: әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалогтегі автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;

Оқушылардың көбі орындай алады: мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты монологтегі автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;

Оқушылардың кейбірі орындай алады: полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

Бағалау критерийі

1. Диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас) автор көзқарасын талдайды;

2. Экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: театр, актер, актриса, қойылым, сүйікті актер, халық әртісі.

Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, біздің пайымдауымызша, жолдастарымның пікірінше, салыстырғанда ... , болашақта... .

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушыларды тарихын, мәдениетін білуге, оны дамытуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Алдыңғы білім

Театр опері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


2 мин









1 мин











3 мин











Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Ақтау қаласындағы қандай театрларды білесің?

  2. Театрға барып көрдің бе?

  3. Театр репертуарында қандай қойылымдар бар?

  4. Қандай актерлер қызмет етеді?

Топқа бөлу: оқушылар

«Актер», «Драматург»,

«Режиссёр» топтарына бөлінеді (қобдишаға «актер», «драматург», «режиссёр» сөздері жазылған қима қағаздар салынады, оқушылар қобдишадан бір қима қағазды алып, сәйкес топқа барып отырады).




Қызығушылықты ояту

Ұжымдық жұмыс

Қабырғаларға қазақ актерлерінің суреті ілінген, соларды назар салып қарап өтеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы өтілетін тақырыпты анықтау.

Сұрақтарға жауап береді:

1. Суретте кімдер бейнеленген?

2. Қандай қойылымдарды білесің?

3. Суретте бейнеленген актерлер қай қойылымда, қай кинода ойнаған?

Ашық сұрақ әдісі

(Үлестірме материал)






















«Галереяға саяхат» әдісі(СТО технологиясы әдісі)

«Ашық сұрақ» әдісі

(Үлестірме материал)


Сәбира Майқанова Меруерт

Өтекешова Қапан Бадыров Қалибек

Қуанышбаев Әміре Қашаубаев Бикен

Римова

Асанәлі Әшімов Серке

Қожамқұлов

Ортасы



7 мин




























7 мин

















14 мин





























































3 мин


























Жеке жұмыс.

Оқылым. Айтылым. 1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап бер.

1-мәтін.

КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов.

2-мәтін.

Қазақ театрының ең бірінші әртісі Әміре Қашаубаев.

  1. Асанәлі Әшімов туралы не білдік

  2. Қазақ театрының ең алғашқы актерлері кім екен

  3. «Асылдардың ортасында болдым» дегеннен не ұқтыңдар

  4. «Олармен өмір ілесіп шығатын еді» тіркесінің мәнін түсіндіріңдер.

Дескриптор

1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды

2. Сұрақтарға нақты жауап береді.


Қ/Б: ауызша бағалау: «Меніңше сен ұғып алдың», «Анық ой», «Талаптан!», т.б.


Жұптық жұмыс

2-тапсырма.

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры туралы мәліметпен танысып, театр қайраткерлерінің аты-жөнін жазып алыңдар. Өздеріңді қызықтырған мәселе жөнінде ой бөлісіңдер.

Дескриптор

1.Мәтінді тыңдап, өздерін қызықтырған мәселе жөнінде ой бөлісе алады.

2. Мәтіндегі қызықты ақпараттарды анықтай алады.

Қ/Б: графикалық бағалау (смайлик арқылы)


3-тапсырма

1-топ: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзіндіні (ауырып жатқан сәбидің ата-анасының диалогі) бейнематериалдан көреді.


2-топ: «Жетім қыз» монологынан (оқыған Айжан Аманқұлова) үзінді көрсетіледі.


3-топ: Асанәлі Әшімовпен сұхбатты ( «Нар тұлға» бағдарламасы Әлия Бостанмен) бейнематериалдан қарайды.

«Идеал» стратегиясы бойынша мына кестені толтыр.

Кейіпкерлер қандай негізгі мәселені шешулері қажет?


Актерлердің өз рөлін жеткізуде экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлі қандай?


Автор қандай маңызды ақпарат ұсынып отыр?


Мәселені шешуге тағы не көмектесе алады?


Мәселені шешудің үш негізгі тәсілі қандай?


Сіз таңдаған тәсілдердің ішіндегі ең жақсысы қайсы?



Дескриптор

1.диалогтегі автор идеясы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

2.монологтегі автор идеясы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

3.полилогтегі (интервью) автор идеясы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

4.мәселені анықтай біледі, шешу жолын көрсетеді

5. экспрессивті-эмоционалды сөздерді анықтайды.


Қ/Б: оқушылар бір-бірін бағалайды (смайлик арқылы), мұғалімнің ауызша бағалауы («тапсырманы өте жақсы орындадың», «жан-жақты айттың!», «талаптан!».


4-тапсырма.

«Жүзіп шығу» әдісі бойынша мұғалім сұрақ қояды, оқушылардың қашан «жүзіп шығып» (түрегеліп) жауап береді (1 оқушыға екі

мүмкіндік қана беріліп, басқа оқушылардың да жауап беруіне мүмкіндік беріледі).

Сұрақтар:

1.Сабақ барысында қандай театр қайраткерлерімен таныстық?

2.Қазақстанда қандай театрлар бар және қазақ театрының ең алғашқы әртісі?

3. «Мәңгілік ел» құндылығындағы театрдың рөлі қандай деп ойлайсыз?


Дескриптор

1.сұрақтарға нақты жауап бере алады.

2. өз ойын анық жеткізе алады.


Қ/Б: ауызша бағалау («жақсы», «өте жақсы», «жүйелі жауап бердің», «әлі де дайындалуың қажет» және графикалық бағалау (бағдаршам түстері арқылы).


8-сынып, қазақ тілі оқулығы, «Арман-пв» баспасы.


«Кім не түсінді» әдісі

(Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, Астана, 2016)























(http://tankaz.kz/2015/10/16/post3117.html).


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі











https://go.mail.ru/search_video?fr=amigontp&sbmt=1519737252677&gp=lp5searchbannerlenivie&q=%D0%BC%D1%83%D0%BA%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BB%D0%B8+%D0%BC%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2+%D0%B0%D0%BA%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80+%D1%83%D0%B9%D1%8B%D0%BA%D1%82%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0&us=17&usln=1&usstr=%D0%BC+%D0%BC%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2+%D0%B0%D0%BA%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0&usqid=a55072a359136a06&hasnavig=0&sbmt=1519737252677


https://go.mail.ru/search_video?fr=amigontp&sbmt=1519737649113&gp=lp5searchbannerlenivie&q=%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BC+%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%A3+%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D1%8B&us=9&usln=1&usstr=%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BC+%D2%9B%D1%8B%D0%B7&usqid=a550b71f10ea4b42&hasnavig=0&d=1005408892&sig=4a42c0fc51&s=Youtube



http://gamesvideoreview.net/watch/ycJzlxDVzIE






Джеймс Брэмсфордтың «Идеал» мәселелерді шешу стратегиясы

(Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, Астана, 2016)














































«Жүзіп шығу» әдісі

(Үлестірме материал)
























Соңы

3мин


Рефлексия











Үй тапсырмасы




«Тақтадағы сөйлемді аяқта» кестесін толтыртады.

Оқушылар тақтада (экранда, мониторда) жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:

  • Мен мынаны білдім...

  • Маған қызық болғаны...

  • Маған қиын болғаны...

  • Мен енді...

  • Менің ойым мынадай...

  • Мен мынаны сезіндім...

  • Мынаған таң қалдым...

Қазақ театр өнерінің қайраткері туралы мәлімет жинап, кестені толтырыңдар.

Менің сүйікті актерімнің аты-жөні


Қай театрда жұмыс жасайды?


Ойнаған рөлдері


Оған қоятын сауалым



Стикерлер


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Оқушылардың сабақ мақсатына сәйкес қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар сараланып алынады: диалог, монолог, полилог (интервью) үлгілерінен үзінділермен танысып, ондағы автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.


Оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелеріне сәйкес оқушылардың мықты не әлсіз тұстарына қарай кері байланыс беріледі. Тапсырманы орындауда оқушы қажеттілігіне орай көмек, қолдау көрсетіледі.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады. Қалыптастырушы бағалаудың ауызша, графикалық (смайлик, бағдаршам түстері) түрлері қолданылады.

Оқушылардың бір-бірін бағалауы.


Қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін «Жүзіп шығу», «Идеал стратегиясы», «Кім не түсінді», «Ашық сұрақ», «Галереяға саяхат» тәсілдері қолданылады.

Әдебиетпен байланыс:ақындар шығармашылығымен байланыс (М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы)

Тарихпен байланыс: тақырыпқа байланысты театр тарихындағы тұлғалар, театр тарихы, алғашқы қайраткерлер турасында тарих ғылымымен байланысады.

АКТ-мен байланыс: тақырып бойынша бейнематериалдар көрсету.

Рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу

мақсаттары қолжетімді

ма?


Оқушылар бүгін не

үйренді?



Сабақтағы ахуал

қандай болды?


Жоспарланған саралау

жақсы іске асты ма?


Уақыт есебінен ауытқу

болды ма?


Жоспарға қандай

өзгеріс енгізілді?




Сабақ өту барысында сабақ мақсаттары/оқу мақсаты қолжетімді болды. Сабақ/оқу мақсаттары толық орындалды.




Оқушылар осы сабақта театр тарихымен, оның алғашқы артисімен танысты. Сонымен қатар, театр қайраткерлерімен, олардың қандай қойылымдар арқылы жетістікке жеткендігі туралы ақпараттармен танысты.

Сабақ барысындағы сынып ахуалы жақсы, оқушылар тапсырмаларды өз уақытында орындады.


Жоспарланған саралау жүзеге асты, оқушыларға тапсырма орындау барысында қолдау көрсетілді.



Берілген тапсырмалар өз уақытында орындалды.




Өзгерістер енгізген жоқпын, өйткені жоспарланған тапсырмалар өз уақытында орындалды.









Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы тапсырманы орындау;

2. «Жүзіп шығу» тәсілімен оқушылардың білімін сынау.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын

тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Оқушылардың театр қайраткерлерімен жүздесіп, сұқбат құруы;

2. Болашаққа жоспар құрып, армандары жайлы эссе жазу.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде

келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  • Топтағы қарым-қатынасты бақылау;

  • Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
92 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
6040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі