жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Театрлық іс – әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Алматы облысы, Іле ауданының Энергетический
ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің «Қуат» балабақшасы мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны. Тунерекова Меруерт Оразовна
Театрлық іс – әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес (Шәкен Айманов).
Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді, сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор. Бақшамызда тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс–әрекет кезінде тілдік қарым–қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балалармен сөздік жұмысын жүргізу. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атап білуге, қасиеті мен сапасын, түр–түсін және пішінін ажырата білуге үйретеміз.
Сондай-ақ, бүгінгі күні білім берудің мазмұнды аспектілерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Балалардың тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдардың маңызы ерекше. Балалар кейіпкерлерді ойнай жүріп, олардың іс-әрекеттері мен мінез- құлықтарын береді және ойын арқылы тілі дамып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Өзім қызмет ететін «Қуат» балабақшасында Үлгілік бағдарламаны және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын тиімді іске асыру және балаларды жан- жақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мен дамыту мақсатында «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметіне көп көңіл бөліп келеміз. Мұндағы біздің мақсатымыз : театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, өмірге оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу. Осы мақсатты орындау барысында алдымызға мынадай міндеттерді қойдық. Олар:
-
балаларды театр түрлерімен таныстыру;
-
театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту және сөздік қорларын байыту;
-
ауызекі сөйлегенде дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету;
-
кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
-
байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып, шығарманың мазмұнын толық ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету.
Алға қойған мақсат-міндеттерді орындау кезінде мынадай әдіс-тәсілдерді басшылыққа алдық:
-
балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
-
қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
-
қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды: ширма, атрибуттар, костюмдер т.б дайындау.
Осы жұмыстарды ұйымдастыруда алдымен балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес халық ауыз әдебиеті мен шетелдік және отандық авторлардың шығармаларының қоры жинақталды. Бұл балабақшадағы педагогтардың өз бетінше ізденуі мен танымдық қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. Балабақшадағы педагогтармен бірлесіп, театр әрекетіне қажетті атрибуттар, көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар қолдан жасалып дайындалды. Ал осы жұмысымызға ата-аналарды тарту үшін түрлі шараларды ұйымдастыру оларды балабақшаның тәрбиелеу-оқыту процесіне белсенді араластыруға және ата-аналармен ықпалдастықты дамытуға үлесін қосты. Өз жұмысымызда мынадай театр түрлерін қолданамыз:
Қуыршақ театры;
Саусақ театры;
Көлеңке театры;
Үстел - үсті театры;
Желілі-рөлді театры және балабақшамызда Алжапқыш театрын қолдана бастадық. Балалармен театр әрекетін театрдың алуан түрлерін қолданып және түрліше сипатта ұйымдастыру балалардың осы әрекетке деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырды.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналауға баулимыз. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай жүріп, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар, балалар екі қолын қимылдатып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды да үйренеді. Саусақ театрын оқу қызметінен тыс кезде де қолдануға болады. Мысалы ас ішер алдында қолдануға болады.Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы (тақпақ айтуға болады)
Тамақ ішер кез келді
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Көзімізге ілмейміз (Астарың дәмді болсын)
Үстел үстіндегі театры. ІІ-ші кіші тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.


Үстел үстіндегі қуыршақтеатрының бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; ағаш ойыншықтар. Балалар «Қасқыр мен жеті лақ», «Үйшік», «Бауырсақ», «Қарағайлы ормандағы аю» атты ертегілерді үстел үсті театры арқылы ата-аналарға қойып берді. Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар мен құстар пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрында балалардың өздері де қызыға қатысады. Себебі үлкен сахнада балалардың дене, би қимылдары арқылы ертегідегі кейіпкерлерді сомдауды үйренді. Көлеңке театрының қойлымын көрсетуге үш бала қатысады. Біреуі мазмұнын айтады, екеуі көріністі көрсетеді.
Біз өз балабақшамызда Алжапқыштағы театрын қолданысқа алдық. «Алжапқыштағы театр» - мектепке дейінгі балалардың театрланған қызметтің ұйымдасқан аспектісіне деген дәстүрлі көзқарасын түбірімен өзгертетін әмбебап, дәстүрлі емес тіл.



Спектакльді әсерлі етіп көрсету үшін: декорациялар мен олардың орналасуы, қуыршақтар мен ширмалар, балалардың қайда отырғаны және т.б. маңызды, сондықтан педагог осындай ұйымдастыру сәттерін шешу үшін көп уақыт жұмсауына мәжбүр болады. Ал театрдың жоғарыда аталған түрі тәрбиешінің «театр - алжапқышты» киіп, бірден спектакльді бастауына көмектеседі. Саналы минуттардан кейін декорация актёрлармен бірге жылжиды, тез өзгереді, тәрбиеші ым-ишараттармен, мәнерлеп сөйлеу арқылы қуыршақтарды епті басқарады. Бұндай театр балалардың қойылымға деген қызығушылығын тудырады, сюжетті түсінуіне, «актёр - көрермен» өзара қарым-қатынасына мүмкіндік береді. Оқу құралының материалдары бүлдіршіндермен және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуге пайдалану үшін ыңғайлы, сонымен қатар дамудың негізгі бағыттары дене, әлеуметтік-адамгершілік, эмоционалды-құндылық, танымдық, сөйлеу, көркем-эстетиканы және креативтілікті іске асыру контекстінде қарастырылады. Денені дамытудың мақсаты:денсаулықты күшейту, қозғалыс белсенділігін арттыру, адамның дене құрылымымен, оның сыртқы келбетімен танысу. Балалардың қимыл икемділігін дамыту және жетілдіру ұзақ және күрделі процесс. Қозғалыстар олардың негізгі қажеттілігі болып табылады. Қозғалыс кезінде балалар қуанады, ағзаның барлық қызметтеріне оң әсер етеді, бұлшықеттерін нығайтады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Театр қойылымының процесінде педагог балаларға қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауды ұсына алады. Ойын процесінде мектепке дейінгі жастағы балалар жануарлардың жүріс-тұрысы мен қылықтарын көрсете алады, мысалы, баладан түлкінің, тышқанның немесе аюдың («Теремок» ертегісі бойынша) қалай жүретінін көрсетуін сұрауға болады. Сонымен бірге балалардан шалқанды шығару үшін атаның апаны қалай шақырғанын («Шалқан» ертегісі); ата мен апаның бауырсақты қалай пісіргенін («Бауырсақ») көрсетуін ұсынуға болады және т.б. Баланың тілін дамыту үшін оған әртүрлі тілдік материалды беріп қоймай, оның алдына коммуникация мақсаттарын іске асырудың жаңа құралдарын талап ететін қарым-қатынастың жаңа міндеттерін қою қажет. Ол дегеніміз - сөйлеудің өзара қарым-қатынасын орнату қабілетін қалыптастыруға, өз пікірін сауатты құрай және айта алуға, диалог құруға ықпал етеді. Құрастырып сөйлеу қызметі ретінде жүйелі сөзді қалыптастыру құралдарының бірі әртүрлі жазықтық суреттері: иллюстрацияларды, дидактикалық суреттерді пайдалану болып табылады. «Алжапқыштағы театрда» жазықтық суреттері кеңінен пайдаланылады. «Алжапқыш» театрланған қызмет процесінде педагогтың балалардың сұрақ қою, салыстыру және айтып беруін жаттықтыруға, дидактикалық ойында сөйлеу қатынасына шақыруға, ертегіден біртіндеп әңгімелеуге көшуге үйретуге, жаңа ертегі құрастыруға, көркем шығармадағы жақсылық пен жамандықты және т.б. анықтауға мүмкіндігі бар. Алжапқыштағы театрланған қызметін ерте, кіші және орта жаста көркем әдебиет бойынша оқу қызметін өткізу кезінде ұйымдастыру әдісі ретінде пайдалануға болады. Үлкен топтарда театрланған қызметті оқу қызмет кезінде балаларды қызықтыру үшін; балаларды оқу қызмет процесіне қатыстыру; көркем әдебиетпен жұмыс істеу; моральдық-этикалық жағдайларды ойнау; қарым-қатынас жағдайларын модельдеу; әр түрлі әңгімелерді құрастырудың үлгісі ретінде пайдалануға болады. Балабақша бүлдіршіндеріне және өзіміздің ұжымға Алжапқыш театры өте ұнады және келешекте де жұмыс жасайтынымызға сенімдіміз.
Театр – балаларға арналған ең
қолжетімді және демократиялық өнердің бір түрі және ол: -
балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына;
- эстетикалық талғамының қалыптасуына; - адамгершілік
тәрбиесіне;
- тұлғаның коммуникативтік қабілеттерінің дамуына; - ерік-жігерін
тәрбиелеуге, зейінін, елестете білуін, бастамашылдығын, қиялын,
тілін (диалог және монолог) дамытуға; - оң эмоциялық көңіл-күй
құруына, шаршағанды басуына, даулы жағдаяттарды ойын арқылы шешуге
ықпал етеді. Өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой
өрісін-кеңейтіп, әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата-аналарына,
құрбыларына әңгімелеп беруге үйретті. Театрландырылған ойындар
ойын-қойылымдары болып саналады, мұнда балаларға арналған көркемдік
шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер
ретінде қатыстырудың маңызы зор.Баланы сахнада кейіпкер ретінде
ойнату, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның бойында
әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты оятуға ықпал етеді.
Балалар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге,
әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен
тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін
жеткізе білуге жетелейді.Түрлі тақырыптағы ертегілерді сахналау
нәтижесінде балалардың сахналық сөйлеу тілі дамыды, ертегіге деген
қызығушылықтары арта түсті. Ертегілер еліне саяхат балалардың
қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару сияқты шығармашылық
қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Жоғарыда аталған жұмыстарды
жүйелі түрде жүргізу арқылы мынадай нәтижеге қол
жеткіземіз:
- балаладың тілі дамыды;
- сөздік қоры байыды;
- байланыстырып сөйлеуге үйренді;
- дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасты;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артты. Жалпы театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге, сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек те, театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу – біздер, педагогтар үшін үлкен табыс. Балаларды театрландырылған әрекетке мақсатты түрде баулу жұмысы балалардың эмоционалдық көңіл-күйін қамтамасыз етуге және оны жалпы адамзаттық құндылықтарға тартуға ықпал етеді. Сондай-ақ балаларды декорацияларды, костюмдерді жасауға баулуда түстің, түрдің, құрылымның және олардың қасиеттерінің көмегімен образды жасауға мүмкіндіктер ашылады. Балабақшадағы театрландырылған әрекетті табысты ұйымдастыру білім беру салаларын кіріктіруді қарастыратын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын тиімді іске асыруға сол арқылы мектепке дейінгі білім сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
1. ҚазақстанРеспубликасының«Білім туралы»Заңы (27.07.2007ж.№319-III).
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 жарлығы); 366
3. Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (13.05.2016ж № 292 ҚРҮҚ);
4. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы 2014 жылғы 11 қараша;
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы);
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары ((ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығы);

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген