400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Техникалық білім беру ұйымдарында кәсіби жұмысшы мамандар даярлаудағы әлеуметтік серіктестіктің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық білім беру ұйымдарында кәсіби жұмысшы мамандар даярлаудағы әлеуметтік серіктестіктің маңызы тақырыбындағы мақала мазмұнында жұмысшы мамандар даярлауда әлеуметтік серіктестіктер туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Техникалық білім беру ұйымдарында кәсіби жұмысшы мамандар даярлаудағы әлеуметтік серіктестіктің маңызы


Досболов Азиз Дүкенбайұлы

Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінің

Өндірістік оқыту шебері


Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Әлеуметтік серіктестікпен жұмыс жасаудағы маңызды жүйесінің негізгі мақсаты техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманда бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда.Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманың бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету-бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрымдылардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын аудандық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді, мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұлымдыру.

Әлеуметтік серіктестік аясында Қармақшы аграрлық-техникалық колледжі негізінен ауыл шаруашылық саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін бірнеше өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырады. Соның ішінде Электромонтер мамандығы бойынша «Шиелі жарығы» ЖШС, «Қармақшы аудандық электртарату торабы» мекемесі және де электргазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша ЖК «Әбдраманов» негізгі әлеуметтік серіктестер. Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуда ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесім мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

  1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

  2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер континеттерінің жоғарылауы;

  3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

  4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға,тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

  5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдырларына, кәсіби білімге ие болып нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

  6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

  7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

  8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

  9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;

  10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарлату.

Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы беріп,дұрыс жолға бағыттаушы,оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы - өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылар, педагокикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылған, өзіне сын көзбен қарай алатын оқушылар мен оқу өндірістік шеберлері.

Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады. Әлеуметтік серіктестіктерімен келісім шарттар жылда жаңартылып отырады. «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығына байланысты төмендегідей жұмыс берушілер арасындағы келісім шарттар жасалған:

«Шиелі жарығы» ЖШС, «Қармақшы аудандық электр тарату торабы» мекемесі және де электргазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша ЖК «Әбдраманов».

Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Кәсіпорынның материалдық - техникалық базасын қолдану арқылы оқушыларың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).

2. Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үш жақты келісім шарттар жасау.

3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.

4. Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.

5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестатциясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді, диплом жобаларының жетекшілері болып табылады.

6.Кәсіпорындарында арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру. Колледжж түлектерін дайындауда білімді тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді түрде қатысып отырады.

Жұмыс беруші мекеме өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, біліктілік, білімділік деңгейлерін сарапқа салады, бағалайды. Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің- өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»

  4. «ТЖКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі