Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту жүйесін енгізу ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту жүйесін енгізу ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады.Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту жүйесін енгізу ерекшеліктері


    Қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру  кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан, қандайда бір мемлекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім деңгейін халықаралық тану мақсатында 2017-2021 жылдар аралығында кредиттік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшу іске асырылуда.

Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады.Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.

      Осы мақсатты жүзеге асыру үшін академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Атап айтсақ, оқу жоспарларына міндетті және элективті пәндер жүйесі енгізілді. Оқу жоспарына кіретін пәндердің жалпы көлемінің 40% астамын элективті пәндер құрайды.

     Таңдау еркіндігі кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып табылады: студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады, және де білім траекториясын өздері қалыптастыра алады. Осыған орай типтік және жұмыс жоспарларымен қатар білім мазмұнын, оқыту ұйымдастырылуын анықтайтын білім алушылардың жеке оқу жоспарлары енгізілді.

     Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай жүргізіледі.

    Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар..

Кредитті технологияны іске асырудың мүмкіндігі – стандартқа жүгінген оқулықтардың модульдік технология жүйесіне бағыну заңдылығы. Бүл заңдылық оқулықтағы модульге жіктелген нысаналардың теориялық негізінің тәжірибедегі көрінісін үйлесіммен берілуіне қолайлы жағдай туғызады.

Кредиттік-модульдік оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру іс-әрекеті білім алушылардың өзіндік жұмыстар сипатын нығайтып, аудиториялық сабақтардың көлемін қысқарту болып табылады. Мұнда негізгі міндет білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде өзбетімен білім алу және өзбетімен даму қабілеттерін дамыта, кәсіби еңбегіне қажетті ақпараттарды жүйелі меңгерумен шектелмей, ол білім көзін қабылдау мен қолдануда сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға бағыттайды. Олай болса, бір кредиттегі аудиториялық сағаттардың саны азайып, өзіндік жұмысқа бөлінген сағат көлемі мәнді өзгеріп отыруына да мүмкіндігі бар.

КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» қоғамының кәсіптік білім орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік –модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері» атты тақырыбында халықаралық талаптарға сәйкес біліктілік арттыру курсы өткізілуде. Облыс өңірінен келген инженер педагогтар мен өндіріс шеберлер өз білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасып, пікірталас, кредиттік-модульдік оқыту жүйесінің негізгі бағыттарына талдау, тұжырым жасауда.

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ТжКБ оқыту үрдісіне оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын ендіру бойынша «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 16 сәуір және 6 мамыр аралығында Жаңаөзен политехникалық колледжі базасында ТжКБ инженер-педагогикалық мамандарға арналған біліктілік арттыру курстарын жүргізді.

Курс тыңдаушылары ретінде Маңғыстау облысының ТжКБ ұйымдарының (мысалы, Бейнеу политехникалық колледжі, Ақтау туризм колледжі, және т.б.) инженер-педагогикалық мамандары қатысты.

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде белгілі әлемдік тенденцияларды ескермей Қазақстан ТжКБ ұйымдарына оқытудың кредиттік жүйесін енгізу мүмкін емес, сондықтан курс бағдарламасында шетелдік және қазақстандық үздік тәжірибелер және мамандық бойынша жаңа оқу бағдарламалары ескерілген.

Курс тыңдаушылары ретінде Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің инженер-педагогикалық қызметкерлері қатысты. Курс нәтижесінде Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің мамандығы 041300100-«Менеджмент» (қолдану салалары бойынша) біліктілігі 4S04130101-«Менеджер» және 04110100 « Есеп және аудит», біліктілігі 4S04110102- «Бухгалтер» мамандықтарына оқытудың кредиттік –модульді бойынша білім бағдарламасы жасақталды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2025
42
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі