Тақырып бойынша 30 материал табылды

Техникалық сурет

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық сурет тақырыбында ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы; Техникалық сурет

Сабақтың мақсаты:

а) Студенттерді техникалық сурет салуға дағдыландыру.

ә) Логикалық ойлау қабылетін арттыру

б) Ұқыптылыққа,тазалыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; практикалық-танымдық сабақ,жұмыс істеу

Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап,әңгімелесу,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс; математика,бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі; дидактикалық ойындар , сызба плакат ,кмодель,геометриялық денелер

Қажетті құрал-жабдықтар; кітап,дәптер,қарындаш т,б

Сабақтың барысы;

  1. Ұйымдастыру

  1. Студенттермен сәлемдесу,түгендеу.

  2. Жұмыс орындарының әзірлігін тексеру.

3. Сабақтың тақырыбын жариялау.

2. Үй тапсырмасын тексеру

1.Эллипстің үлкен және кіші осьтерінің өлшемдері изометрияда неге тең?

2.Х және Z осьтеріне перпендикуляр жазықтықта орналасқан шеңберлер фронталь диметриялық проекцияларда қандай фигурамен кескінделеді ?

3.Жазықтығы У осіне перпендикуляр шеңбердің бейнесі фронталь диметриялық проекцияда бұрмалана ма ?

3.Жаңа сабақ

Көрнекі кескінді орындау барысында жұмысты жеңілдету үшін көбнесе техникалық сурет пайдаланылады.

Техникалық сурет – бұл аксонометрия ережелері бойынша проекцияларды көз мөлшері арқылы сақтап,қолдан салынған көрініс .Оны техникалық идеялары иллюстрациялау үшін пайдаланады.Ойдағыны сөбен немесе мәтінмен жеткізу қиын болған жағдайда, суреттің көмегімен түсіндіруге болады.

Техникалық суретті салу аксонометриялық өстерді таңдаудан және оларды тұрғызудан басталады. Техникалық суретке машықтану үшін қолмен сызық жүргізу, кесінділерді және бұрыштарды аспапсыз тең бөліктерге бөледі үйренуге бірқатар жаттығу жасау қажет.

Горизонталь сызықтарды солдан оңға қарай, вертикаль сызықтарды жоғарыдан төмен қарай жүргізу т.б.

Аксонометриялық осьтерді тұрғызу әдістері.(изометриялық және диметриялық осьтер.)

Техникалық суретте үш түрлі аксонометриялық проекциялар қолданылады: тік бұрышты изометрия, тік бұрышты диометрия және фронталь қиғаш бұрыш диометрия проекциялары.

Модельдің (тетікбөлшек) техникалық суреті түпнұсқадан немесе кешенді сызбадан, немесе заттың кескіні ойша елестетіп орындалады.

Қандай да болмасын тетікбөлшектің техникалық суретін орындау барысы бірнеше кезеңдерден тұрады;

-бөлшектің тұпнұсқасы немесе кешенді сызбасы бойынша зерделейді;

-оның пайдалану мақсаты мен қажетті пішінін анықтайды;

-тетікбөлшек пішінін көрнекі кескіндеуге мүмкіндік беретін аксонометриялық проекцияның түрін таңдайды;

-жалпы габариттік өлшемдерін анықтайды жәнег абариттік тік бұрышты параллелепипед тұрғызады ;

-параллелепипедті қарапайым геометрия денелерге бөледі және оларды суреттеп кескіндейді;

-кескіннің контурын басып көрсетіп, артық сызықтарды өшіреді;

Тетікбөлшектің техникалық суретін салу кезеңдері.

Заттың техникалық суреті көрнекі болу үшін, оны сызықтаймыз. Сызықтаған кезде жарық сәулелері затқа оң және үстіңгі жағынан немесе сая және үстіңгі жағынан түседі деп есептеледі.

IV Сабақты бекіту

  1. Техникалық сурет аксонометриялық проекциядан немен өзгешеленеді?

  2. Техникалық суретте заттың көлемін қалай айқындауға болады?

V Үйге тапсырма:

VI Бағалау







Сабақтың түрі:  жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік  тапсырмалар

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер,  оқулық

 

Сабақтың барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды  қайталау

 

  1. Көріністер сызбада  қалай орналасады?

  2. Қандай көрініс басты деп атайды?

  3. Қандай көріністі жергілікті деп атайды?



ІІІ. Жаңа тақырып  меңгеру

Кейде тетікбөлшектің бұрын салынған екі көрінісі бойынша  үшінші көрінісін салу керек  болады.

Салу кезеңі:

2-слайд. Нәрсенің екі көрінісі берілген – алдыңғы және үстіңгі, сол жақ көрінісін салу керек. Бұл көріністі салу үшін алдымен тетікбөлшектің  пішінін көз  алдына  елестету керек.  Сонда өлшемі

10 х 35 х 20 мм болатын параллелепипед тәрізді пішіні бар тетікбөлшек. Сол жағынан өлшемі 12 х 12 мм  ойығы  бар.

3-слайд. Алдыңғы көріністің оң жағына биіктігімен бірдей көмекші сызық жүргіземіз. Бұл сызықтар сол жақ көріністің биіктігі болады. Олардың арасынан кез келген жерден вертикаль сызық жүргіземіз. Оның оң жағына  қарай нәрсенің енін алып, яғни, 20 мм екіншің вертикаль  сызық жүргіземіз.

4-слайд. Енді ойықты көрсету үшін оң жақ вертикаль сызықтан 12 мм алып, тағы вертикаль сызық жүргіземіз. Сонан кейін барлық көмекші сызықтарды өшірін, тұтас жуан сызықтарды бастырамыз. 

5-слайд. Нәрсенің үш көрінісі.

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. 6-7 слайд.  Талдау арқылы берілген екі көрініс  бойынша  үшінші көріністі табу.

Ү.  Сарамандық  жұмыс. Оқулық, 4.23 –сурет(а), екі көрініс  арқылы  үшінші көріністі тұрғызу.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй  жұмысы.  4.23 –сурет (б)























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12