Тақырыбы:
Техникасы жеңіл
тапсырмалар
|
Мектеп: А. Иманов атындағы жалпы орта
мектебі
|
Уақыты: 21.10.2019
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Оразымбетов
Е.Т
|
Сынып: 4
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақты меңгеруге
көмектесетін оқу мақсаттары
|
4.2.1.1. баламаларды анықтап
және қозғалыс идеяларын, стратегияларды, жоспарларды анықтайды және
ұйымдастыру
|
Сабақтың
мақсаты
|
Оқушылардың барлығы орындай
алады:
|
Екеуден қайта сап құрып, біреуден сапта жүру,
1,5м қашықтықтан педагог лақтырған допы ұстап алу.
Бір-бірінен 1 м қашықтықта қойылған 5 заттың
арасымен доп домалату.
Ұжым болып зал ішінде қауіпсіз жұмыс
істеу.
Педагогтің
нұсқауы бойынша жылдам және мұқият оң немесе сол қолмен сабеттен
доп алу.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай
алады.
|
Залда қауіпсіздік ережесін сақтау.
Көз жұмып жүру.
Біреуден, екеуден сап құрып, қайтадан орташа
қарқынмен біреуден сапта жүгіру.
Таяқтармен
манипуляция жасау.
|
Оқушылардың кейбірі орындай
алады:
|
Бүйірмен екі аяқтап арқан секірген кезде аяқ
серпілісі күшін есептеу.
Өз
эмоцияларын қадағалу.
|
Тілдік
мақсат
|
Оқушылардың
жүгірудің организмге оң әсері туралы айтып, қимыл жасау
кезектілігін көрсете алады.
|
Пәндік
лексика және терминология:
|
Қауіпсіздік
ережесі, гимнастикалық орындықтар, қайта сап құрып жүру, орташа
қарқынмен жүгіру, арқан арқылы секіру, кеуден сап, оңға-солға,
тепе-теңдік.
|
Талқылауға арналған
сұрақтар:
|
Күн сайын жүгіру тұлағаның қандай қасиеттерін
қалыптастырады?
Жүру қандай бұлшық еттерді нығайтады?
Қандай спорт түрін «Спорт ханшайымы» деп
атайды?
Жүгіру сендерге жылдам, епті және икемді болуға
қалай көмектеседі?
Орындық үстінде жүрген кезде қандай қозғалыс
–тірек дағдыларын пайдаландыңдар?
Арқан арқылы
секірген кезде қандай қозғалыс-тірек дағдыларын
пайдаландыңдар?
|
Неге
екенін айта аласыңдар ма?
|
Жүру мен жүгірудің жүрек жұмысына қалай әсер
ететінін айта аласыңдар ма?
Неліктен жүрген кезде денені түзу ұстау керек
екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен омыртқаны ұстап тұру үшін арқаны үнемі
түзу ұстау керектігін айта аласыңдар ма?
Неліктен допты саусақтармен әлсіз қимылмен
төменнен жоғары қарай итеру керектігін айта аласыңдар
ма?
|
Алдын ала
оқыту
|
Басына дорба қойып, қолдарды жан-жаққа жазып
жүру.
Футбол –тура
бағытта оң немесе сол аяқ күмбезінің ішкі жағымен доп
жүргізу.
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-3 минут
4-6
|
(Ұ,К) Оқушыларға шеңберге тұрып, доп ұстау арқылы өздерін
сипаттауды ұнатады. Адамның барлық қасиеттерінің денсаулыққа
байланысты екенін түсінуге әкеледі. Жүру және жүгіру арқылы
денсаулықты одан әрі нығайтуды ұсынады.
(Ұ,Ө) Екеуден, біреуден қайта сап құрып, біреуден сапта
жүру. Екеуден, біреуден қайта сап құрып, орташа қарқынмен біреуден
сапта жүгіру.
Жүру және жүгіру кезінде қайта сап құрған кезде
қозғалыс бағытын сақтауға, белгіленген арақашықтықта сақтауға назар
аудартады. Жеңіл атлетиканы «Спорт ханшайымы» деп атайтынын айтып
кетеді.
Көз жұмып жүрген кезде оқушылардың сап шегінен
шықпағанына көз жеткізіңіз.
Жүру мен
жүгірудің жүректі шынықтырып, өкпе көлемін арттыратынына, бұның
төзімділікті қалыптастыратынына балалардың назарын
аударады.
|
Кең, бос кеңістік.
доп.
Дабыл
|
Сабақтың ортасы
7-30 мин
|
(Ұ,Қ) Қайта 3 сап құру
Доппен орындалатын жалпы дамыту
жаттығулары
Оқушылардың (Ұ,Ө)бүкіл кешен бойы денесін түзу
ұстайтынына көз жеткізіңіз
(Т) Бір-бірінен 1 м қашықтықта қойылған зат арасымен доп
домалату.
Жаттығудың орындалуын
көрсету:кегельдерді оң және
сол жағынан айналып өтіп, допты саусақтардың әлсіз қимылымен
төменнен жоғары қарай итеру.
Бірінші оқушы допты үшінші кегельге домалатып
жеткізген кезде келесі оқушы қозғалысын бастайды.
(Т) Тепе-теңдік-орындық үстімен жүру, ортасында керілген жіптің астымен
өту. Нұсқау: басы жіпке тимес үшін барынша төменірек еңкею қажет.
Биіктетілген тірек үстінде динамикалық тепе-теңдікті сақтауға назар
аудартады. Оқушылармен тепе-теңдік сақтау ережесін еске
түсіреді-алға қарап, басты еңкейту қажет.
Алға жүгірген күйде, оң және сол бүйірімен
арқаннан
секіру. Оқушыға көрсеткен кезде арқанға жақынырақ
секіру керектігіне, мұның қимылдарды ұтымды жасауға
мүмкіндік беретініне назар аудартады.
Аяқтарды бір уақытта және екпінмен серпуге және
қолдардың сермеу қимылдарына назар аударады.
(Ұ) «Тым-тырақай» қимыл-қозғалыс
ойыны
Ойыншылар қол ұстасып шеңберге тұрады.
Шеңбер ортасында ұстайтын бала
тұрады. Барлығы 1-3 дейін санап зал ішінде тым-тырақай жүгіре
жөнеледі. Ұстаушы балаларды қуып жетіп, ұстауға
тырысады.
|
Кең, таза кеңістік.
Оқушылардың саны бойынша диамтері 20 см
(Ұ,Ө)доптар, доптарға арналған себеттер.
Тапсырма орындау сызбасы.
Гимнастикалық орындықтар (ені 20 см, биіктігі 40
см) – 3 дана. Жіп керілген тіреу.
Ұзындығы 2 м арқан – 3 дана.
«Баста-тоқта» белгісі ретінде пайдалануға
арналған ысқырық.
|
Сабақтың соңы
31-35 минут
|
Ө) «Тыныста және әдемі ой ойла!» ойын
жаттығуы
|
Кең, таза
кеңістік.
|
Қосымша
мәлімет
|
Саралау-Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды
көздейсіз?
|
Бағалау-балалардың материалды меңгеру деңгейін
қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздікті
тексеру
АТК-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
|
Арқанға жақынырақ секіру.
Қимылдарды ұтымды жасау.
Көмек.
Қимыл-қозғалыс сызбасы көрсетілген
карточкалар
|
Жүгіру мен жүрудің төзімділікті қалыптастыруға
қалай әсер ететінін білу.
Биіктетілген тіректе тепе-теңдік
сақтайды.
Допты арқан
арқылы домалатқан және секірген кезде арақашықтықты өздігінен
баөылау дағдыларын қолданады.
|
«Дүниетану» пәнімен байланыс.
АКТ –
«Рекордсмен жануарлар» тапсырма орындау сызбалары
|