Материалдар / «Технология пәнін оқытудың инновациялық жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Технология пәнін оқытудың инновациялық жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман мектебінің басты мақсаты – күннен күнге дамып, нығайып келе жатқан мемлекетімізге әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған, ұлт мәдениетін жетік меңгерген, адамгершілік қағидаларын берік ұстаған жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Бүгінгі күнде еліміздің мектептерінде оқытылатын әр пәнді оқытып, үйрету барысында қолданар озық үлгідегі әдіс-тәсілдері, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың соңғы технологияларын, ақпарат құралдарын кеңінен қолдану арқылы ғана жаңа заман талабына сай білім бере алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2021
341
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

9 жалпы орта мектебі

Технология пәні мұғалімі

Аккулов Ергали Джаксибекович



«Технология пәнін оқытудың инновациялық жолдары»


Қазіргі заман мектебінің басты мақсаты – күннен күнге дамып, нығайып келе жатқан мемлекетімізге әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған, ұлт мәдениетін жетік меңгерген, адамгершілік қағидаларын берік ұстаған жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Бүгінгі күнде еліміздің мектептерінде оқытылатын әр пәнді оқытып, үйрету барысында қолданар озық үлгідегі әдіс-тәсілдері, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың соңғы технологияларын, ақпарат құралдарын кеңінен қолдану арқылы ғана жаңа заман талабына сай білім бере алады. Өзінің ой-пікірін ашық айта алатын, жан-жақты дамыған, ақпарат құралдарын жетік меңгерген, болашақ мамандығына тек тиімділік тұрғысынан ғана қарайтын бүгінгі күннің балаларын белгілі бір пәнге қызықтыру, дұрыс таңдау жасалған жағдайда, оның өміріне тигізер зор пайдасын ұғыну технология пәнінің де алдында тұрған үлкен міндет.

Қазіргі кезде технология пәні де жаңа заман талабына сай жаңа технологиялармен, ақпарат көздерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, технология пәні оқулықтарымен және «Мектептегі технология. Технология в школе» республикалық-әдістемелік төл журналымызбен қамтамасыз етілген. Бұрынғы еңбек сабағы мен бүгінгі технология пәнінің арасы жер мен көктей екендігі баршамызға белгілі. Тек пән мұғалімдері осы мүмкіндіктерді ұстаздық ұлағаттылықпен тиімді пайдалану жолдарын қарастыра отырып, заман ағымына қарай жұмыс жасай білуіміз қажет.

Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.

Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.

Дүниежүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Жалпы пәндер бойынша В.Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде трек-конспект, диаграмма, график, логикалық трек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады:

1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

2-кезең: Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тындау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

3-кезең: Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру).

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәнедермен дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Қазіргі педагогикалық ғылымда жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі – инновация ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдер, оқу үрдісіне енгізу – оқушының саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты. Ал инновация дегеніміз – жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар.

Саралап оқыту – оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетін жеке дамуының жан-жақтылығына негізделінген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация (жаңашылдық) үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс.

Біріншіден: оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану.

Екіншіден: оқушылардың ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру және жаңалықтарды өмірде қолдана білуді үйрету.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп Ел президенті атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер енгізу жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Адамға ең бірінші өмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.

Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу», бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдірілуде.

Біздің елде еңбекке үйрету – Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.

Бір-бірімен жалғасып келе жатқан еңбекке баулу, технология оқу пәнінің білім стандартындағы басты мақсаты – оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлау, оқыту болып табылады.

Жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында оқытудың жаңа технологияларын қашықтықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, білім беруді ақпараттандыру мәселесі қойылып отыр. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып келеді. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқу үрдісін оқушылардың ерекшеліктеріне бейімдеп, шығармашылығының дамуына ықпал жасау қажет.

Оқыту мәселесін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибелерін зерттеп, ата кәсіптің қыр-сырын тереңірек игеріп, меңгере алса – оқушының ұлтқа деген сүйіспеншілігі артып, білімге құштарланады.

Технология пәні – география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. 9-сыныпта «Қазақстанның экономикалық географиясы» пәнінде, «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің «Мал шаруашылығы» тақырыбында, дәстүрлі емес сабақты технология пәнімен бірге өткізсе, сабақтың мақсаты ашыла түседі. 9-сыныптағы «Жеңіл өнеркәсіп» бөлімінде «Жүн өнімдері», «Тері-былғары, оны өңдеу жолдары» тақырыбында ежелден қолданылып келе жатқан халықтың технологиясын тереңірек үйренуге болады. «Тамақ өнеркәсібі» тақырыбындағы «Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері» деген дәстүрлі емес сабақта тағамдардың жасалу жолы, ұлттық технология жайлы тапсырмалар беруге болады. Оқушы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен терең танысып біледі. Ұлттық қолөнер туындылары және көне ұлттық қолданбалы қолөнер бұйымдарымен танысып, әр алуан көрмелер өткізіп насихаттайды. Ата кәсіпті жетілдіріп, жаңа өмірге бейімдеп дамытып, ұлттық мақсатын айқындау қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасы „Жаңа тұрпатты  педагогінің  үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамасы.Астана казахстанская правда.

2. Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал

3. Журнал «Мектептегі технология» № 6, 2006 жыл




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!