Технология сабағында
былғарыдан торсық жасау әдістемесі
Нупирова
Арайлым Маратовна
Қалдыбай
Назира Батырбекқызы
«Технология»
пәнінің білім беру саласы оқушылардың
функционалдық технологиялық сауаттылығын
дамытуға, кәсіптік қызметтің барлық
салаларында қажетті жалпы білімді және
дағдыларды дамытуға ықпал етеді,
еңбекқорлық, еңбекке деген құрмет,
мақсатқа қол жеткізудегі табандылық,
кәсіпкерлік, шығармашылық шешімдер
қабылдауды дамытуға зор үлес қосатын
пән.
Жалпы,
оқушыларға былғарыны өңдеуді де
технология сабағында таныстыра өткен
дұрыс. Себебі, ұлттық өнеріміз бен ата
дәстүрімізде теріден жасалған заттарды
керемет игерген бабалар дәстүрін
дәріптей келе жас ұрпақтың рухани
жаңғыруына септігімізді тигіземіз.
«Технология»
пәнінің білім беру саласы оқушылардың
функционалдық технологиялық сауаттылығын
дамытуға, кәсіптік қызметтің барлық
салаларында қажетті жалпы білімді және
дағдыларды дамытуға ықпал етеді,
еңбекқорлық, еңбекке деген құрмет,
мақсатқа қол жеткізудегі табандылық,
кәсіпкерлік, шығармашылық шешімдер
қабылдауды дамытуға зор үлес қосатын
пән. «Технология» пәні шығармашылықты
дамыту, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеудің
керемет мүмкіндіктерін беретін пән
болып табылады. Технология сабағында
оқушыларға ұлтымыздың қолөнерін
дәріптеумен қатар түрлі кәдесыйлардың
жасалу жолдарын үйретудің де маңыздылығын
айта кеткен жөн.
Былғары—
мал терілерін химиялық
және механикалық
әдістермен өңдеу арқылы алынатын
материал. Одан аяқ
киім,
сырт
киім,
айыл-тұрман,
галантерея,
техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал
терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен,
қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін
терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып,
қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы
қабатын) өңдей отырып былғары алынады.
Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан
коллогенді талшықтардан құралады.
Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл
мен әк ерітіндісі) және фермент
жағылады, күкіртті
натрий,
әк
ерітіндісі
бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық
пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы
оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу
машинасымен терінің шелі сылынады.
Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады.
Көндегі сілті және басқа қосылыстар
кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады.
Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы
машинамен ылғалдан арылтылған соң,
қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары
сүріледі де, қандай мақсатқа
пайдаланатындығына және жағылатын бояу
түсіне қарай сұрыпталады.
Торсық
– сусын құюға арналған тері ыдыстың
местен кішірегін «торсық» деп атайды.
Бұл да, қымыз, айран сияқты сусын құюға,
алып жүруге ыңғайлы ыдыс. Торсықтың
мүйізторсық, өркешторсық, жанторсық
деп аталатын бірнеше түрлері болады.
Ердің қасына немесе қанжығаға байлай
салады. Жазба арбамен жүргендер көлеңке
жаққа немесе күн түспеуі үшін арба
астына, арасына да іліп қояды. Ол
шайқалғанда ішіндегі сусын да араласып,
маңызы арта түседі.
Торсық
жасаудың технологиялық картасы
№
|
Жұмысты
орындау реті
|
Графикалық
сурет
|
Құрал-жабдықтар
|
|
|
Орындау
реті
|
|
1
|
Барлық
керекті құрал- жабдықтарды дайындап
алу
|
|
Былғары,
қайшы, ыстық желім, сызғыш, қалам, қатты
жіп, қағаз, ине
|
2
|
Торсықтың
формасын сызғышпен сызып, қағазға
түсіріп, қиып аламыз
|
|
Қағаз,
қайшы, сызғыш, қалам
|
3
|
Дайын
болған қағаздан жасалған торсықтың
формасын былғарыға түсіреміз
|
|
Былғары,
қайшы, қалам
|
4
|
Былғарыға
түсірілген суретті 2 реттік етіп қиып
аламыз
|
|
Қайшы,
былғары
|
5
|
Қиылған
екі торсықтың формасын, бір- біріне
біріктіру арқылы көктеу тігісімен
тігіп аламыз
|
|
Жіп,
ине
|
6
|
Торсықтың
сыртын әшекейлеу үшін, ою-өрнек сызамыз
|
|
Оюдың
формасы, қалам
|
7
|
Былғарыдан
оюды қиып аламыз
|
|
Қайшы
|
8
|
Торсықтың
мойын жағына кіші оюды ыстық желіммен
жабыстырамыз
|
|
Ыстық
желім, ою
|
9
|
Торсықтың
беліне үлкен оюды ыстық желіммен
жабыстырып, безендіреміз
|
|
Ыстық
желім, ою
|
10
|
Дайын
болған торсыққа қақпақ кигіземіз
|
|
Қақпақ
|
Осы
жұмысты орындау барысында оқушыларды
қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін,
мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы
қолөнермен тереңірек таныстыруда,
эстетикалық жағынан дамыған, ойлау
қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде
еңбекті өнермен тығыз байланыстыра
отырып, одан қоғамға немесе өзіне
пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына
сай әсемделген, былғарыдан бұйым жасаудың
рөлі орасан зор екенін білдік.
Былғарыдан
кәдесый дайындау тақырыбы екі жақты
міндетті орындайды: бір жағынан жаңа
білім көзі мен практикалық шығармашылық,
біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
болып табылса, екінші жағынан- мұғалімге
оқушының білімі мен шығармашылық
қабілетін бағалай білуге көмектеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Мәдиев
Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және тері
технологиясы - Астана: Фолиант, 2010 -
216бет.
Лошкарева
О. Технология сборки изделий из кожи:
Учебник/О.Лошкарева. - Астана: Фолиант,
2010. - 640с.
Туменова
Г.Т. Методическое указание к выполнению
лабораторных работ по дисциплине
"Технология кожи и меха". -
Семипалатинск, 2005.-50 с.
Арғынбаев
Х.
Қазақ
халқының қолөнері.
Алматы:
Өнер
баспасы, 1987.-35б
Жолдасбекова
С.А., Симова Б.А. Сәндік қолданбалы өнерге
үйрету бойынша хрестоматия. Шымкент
1993ж.
Торсықты
жасау барысындағы суреттер