жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Технологиялык карта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техжнологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Бір және көп
Мақсаты: Бір және көп ұғымдарына қолдана отырып, екі түрлі түсті жолақшаларға берілген заттарды орналастыруға
жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Үлестірмелі заттар(Әр-түрлі көп жолақшалар)
Сабақтың әрекеті: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап,ойын
Сөздік жұмыс: Бес саусақ санамақ
Ұйымдастыру: Топпен
|
Әрекет түрі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
1.Мотивация 2.Ізденіс ұйымдастыру Сергіту сәті 3.Релаксация |
Шаттық шеңбері Ерте тұрып күнде мен Терезені ашамын Сәлем деймін күнге мен,шаттық әнге басамын! Айналаңа қарасаң ғажайыптар қаншама, Сан жетпейді санасаң,Сәлем деймін баршаңа! -Тамаша балалар бізге қонаққа Буратино келді. Бірақ қараңдаршы Буратиноның үстіндегі киіміне.Оның киімі бір түрлі екен! Үсті басында бір ұзын және көп жолақшалар жабысқан екен.Қараңдаршы! Балаларға көрсету түсіндіру. Ойын: Пішіндерді ата Мақсаты: Балаларға пішіндерді көрсетіп атауға үйрету. Сағаттың тіліндей иілеміз оңға бір, Сағаттың тіліндей иілеміз солға бір, Алға қарай бір адым, солға қарай бір адым, Оң аяқ,сол аяқ Оң аяқ,сол аяқ Жаттығу қандай оңай-ақ! Ойын: Жолақшаларды жинақта Мақсаты: Балаларға жолақшаларды айыра білуге үйрету. Біз не білдік? Бағалау,мадақтау |
Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады. Қимылмен көрсетеді. Балалар тыңдайды.Түсінік алады. Ойын ойнайды. Сергіту сәтін қимыл арқылы жасайды. Ойын ойнайды. Ұзын және кіші жолақшалар ды ойын арқылы ажыратып айырмашылығын білдік. Бір және көп ұғымына түсінік алдық. |
|
|
Күтілетін нәтиже:1. Бір және көп ұғымына түсініктің болуы
2.Ойындарды орындай білуі.
3. Жолақшалардың түрлері мен пішініне қарай айыра алуы.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техжнологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы : Сан
Мақсаты : Балаларға жанұя мүшелерін ретімен санап атауға үйрету.Ретімен санау мағынасына түсінік беру.
Қажетті құралдар: Сандар,үлестірмелі заттар
Сабақтың әрекеті: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап,ойын
Сөздік жұмыс: Санамақ
Ұйымдастыру: Топпен
|
Әрекет түрі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Жағымды |
Ескеру |
|
1.Мотивация 2.Ізденіс Ұйымдастыру Сергіту сәті 3.Релаксация |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады Балалар бүгін бізге Білімпаз келді!Ол сендерден үйлеріңдегі отбасы мүшелері туралы сұрақтар қойғысы келеді. Ендеше қараңдар алдарыңда берілген суреттегі заттарды санап бер дейді. Бұларды сендер санап атап берулерің керек. Жарайсыңдар балалар! -Бұл суретте не көріп тұрсыңдар? - Кім екен бұл суреттерде? -Отбасыларыңда ең үлкен адам кім? Бойды сергек тік ұста, Ендеше менимен мынадай ойын ойнайық Д/О: Үшке дейінгі сандарды орнына қой Мақсаты:Балаларға сандарды ретімен қоюға үйрету Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б. |
Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады.Досына деген сүйіспеншілігін білдіріп,құшақтайды. Өлең жолдарын тәрбиеші көмегімен айтып береді. Сұрақтарға балалар жауап береді. Қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәтін жасайды. Д/Оорындайды Балалар бір-біріне « таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады. |
|
|
Күтілетін нәтиже:1. Балалардың дұрыс санап айтуы
2. тапсырмаларды дұрыс орындай білуі
3 .Сұрақтарға толық жауап бере алуы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техжнологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: тіл дамыту
Тақырыбы: «Балабақша»
Мақсаты:Балалардың тілдерін жаттықтырып жаңа сөздермен, таныстыру.
Міндеті: Ойлау қабілетін дамыту,әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Оқу, түсіндіру,көрсету.
Ұйым түрі: Топпен
Көрнекіліктер: Балабақшаның суреті, балалардың суреті, апайдың
|
Іс әрекет |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Баланың іс әрекеті |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
|
||||
|
Мотивация Ізденіс ұйымдастыру. Сергіті сәті Рефлексия |
Балалармен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасып, жылы сөздер айту. Мысалы: Сен әдемісің, сен сұлусын, сен ақылдысың. Балалар сендер бүгін қайда келдіңдер? Сендер не істейсіңдер балабақшада? Дұрыс айтасыңдар, ойыншықтармен ойнайсыңдар,тамақ ішесіңдер Балабақшада тағы сендер спорт залында жаттығулар жасайсыңдар, және ән-күй залында би билеп, ән саламыз. Біз бүгін сендермен «Балабақша» деген қысқышы тақпақ жаттаймыз. «Бала, бала,баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз.» Топ-топ-топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса алтын күн, Жаса-жаса жарқын күн. Ойын «сезіп біл» Балалар бір-бірінің арқасына не салғандарын сезіп айту. Балалар бүгін сабақта біз не істедік? Сабақ ұнады ма? Қандай ойын ойнадық? Не туралы тақпақ жаттадық? |
Сен ақылдысың, сен сұлусың, сен әдемсің. Біз бүгін балабақшаға келдік. Ойнаймыз, тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, сабақ оқимыз. Балалар тақпақты бірінші, апайдан мұқият тындап алады. Кейін бірге қайталап жаттайды. Балалар әр қимылды қайталайды. Сабақ ұнады, ойын ойнадық тақпақ жаттадық, Сезіп бір ойын ойнадық. |
|
|
Күтілетін нәтиже: Әр бала өз отбасы мүшелерін мүқият білу.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техжнологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Балабақшада».
Мақсаты: Өлеңді тірек- сызба арқылы жатқа айтуға үйрету, сөздік қорын молайту.
Бақшаға деген сүйіспеншілікті арттыру
Көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Әдіс- тәсілдер: көрсету, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, тірек- сызба.
Сөздік жұмыс Балабақша.
|
№ |
іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Жағымды жағы |
Жағымсыз жағы |
|
1 2 3 |
Мотивация ізденіс- ұйымдастыру Рефлексия |
Жылулық шеңбері Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша Ендеше, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтайықшы.
Шашымды да тарадым, айнаға да қарадым. Ерте тұрдым ұйқымнан, мен бақшаға барамын. Сөздікпен жұмыс. -Балалар ,қане осы өлеңді әртүрлі тәсілмен айтайық. Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп- кішкентай балалар, Үп- үлкен боп өседі. -Бүгін қандай өлең жаттадық -Өте жақсы Мадақтау. |
Балалар жылулық шеңберін орындайды.
-Біз де тату ойнаймыз. тірек- сызба арқылы жаттау Балалармен өлеңді әртүрлі әдіспен айту
Балаларды мадақтау |
|
|
Күтілетін нәтиже: Балабақша туралы біледі.
Сұрақ- жауап арқылы түсініктері кеңейеді
Өлеңді мәнерлеп айтуды меңгереді.
Күні
Білім беру саласы:Таным
Бөлім:Құрастыру
Тақырыбы: «Біздің алаң»
Мақсаты:Балалардың қала туралы білімдерін бекіту,құрылыс материалдарынан қала құрастыра білуге үйрету.
Қала құрастыруға қажетті заттарды дұрыс қолданауға.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:Суреттер,үлгі.
|
№ |
Іс-әрекеті кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
1 2 3 |
Мотивация Ізденіс-ұйымдастыру Рефлексия |
Жылулық шеңбері Балалар шеңберге тұрып жақсы тілектер айтамыз. Алдымен қала шетінен бастап,бір және көп қабатты үйлерді құрастырып,олардың арасына ағаштарды орналастырамыз. Енді адамдар жүретін жолды-кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз. Бұдан кейін қайтадан үйлерді,шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық. Содан сон құрылыс материалдарымен театр,банк,дүкен құрдық. -Саусақ қимылына арналған жаттығу жасау. Сергіту сәті Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар Үлкен болып өседі Балалар бүгін біз сабақта не құрдық. Мадақтау,мақтау. |
Шеңбер бойына тұру -Балалардың әрқайсысы өз алдарындағы таңдап алған құрылыс материалдарымен қала құрастыруға кіріседі. -Үлгі бойынша балалардың іс-әрекеті. Сергіту сәтік орындау Менің туған қалам |
|
|
Күтілетін нәтиже:Қала құрылысы жайында және оның ерекшелігін.
Қала ерекшеліктеріне сай құрастыруды.
Құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекетіне сәйкес дұрыс пайдалануды.
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Біздің топтағы балалар»
Мақсаты:Балаларға балабақша туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілік: Суреттер,тірек-сызбалар,ойын.
Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Сөздік жұмыс: Қуыршақ,балабақша.
Ұйымдастыру: Топпен
|
Әрекет түрі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
1.Мотивация 2.Ізденіс ұйымдастыру Сергіту сәті 3.Релаксация |
Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Біздің топта балалар, Тату тәтті ойнаймыз. Дос дегенің әрқашан, Тек жақсылық тілейміз! -Балалар Балабақша деген не? -Балабақша ұнайды ма? -Балабақшада кімдер бар екен? Жарайсыңдар! Балалар бүгін біздерге қонаққа Білімпаз келді! Ол сендерге балабақша туралы айтып бергісі келеді Олай болса Балабақшаға саяхатқа шығайық. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Піш,піш,піш,піш біз келдік, Жүрісті біз үдеттік! Д/О: «Қуыршақтарды киіндір» Мақсаты: Балаларды қуыршақтармен таныстыру.Қол моторикаларын дамыту. Бүгін сендермен не жайлы айттық? Білімпазбен саяхатқа шықтық па? Балабақша бізге не үшін керек? |
-Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады. -Сұраққа жауап береді Білімпазбен сәлемдеседі. Сергіту сәті өтеді Д/О ойнайды Не білгендері жайлы айтады. |
|
|
Күтілетін нәтиже: 1.Балабақша туралы түсініктің болуы.
2. Ойындарды дұрыс орындай білуі.
3. сұрақтарға толық жауап бере алуы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген