Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта. Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балапан» ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық конспектісі

4

Тәрбиеші: Сабиева Э.К

Күні:

Сейсенбі 25.09.2019

Бөлімі:

Сауат ашу

Тақырыбы :

Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Мақсаты:


Артикуляциялық ерекшелігіне байланысты дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні туралы түсінік беру;

Есту, айту арқылы дыбыстарды түрлеріне қарай ажырата білуге үйрету ертегі тыңдатып, қиялдарын дамыту, ой-өрістерін кеңейту;

Білуге деген қүштарлықтарын арттыру; өзін жақсы көруге, бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

әр баланың алдында ішіне қызыл, көк ойынтастар (фишкалар) мен айна салынған қорапша, дауысты дыбыстар әнінің аудиожазбасы, екі қуыршақ.



Іс әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың

іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Шеңберге түрғызып, өлең жолдарын айтқызады.

Сиқырлы айнадан

Өзімді көремін.

Бақыттан жайнаған

Көзімді көремін.

Өткен тақырыиты қайталау

«Ненің дауысы?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: есту арқылы дыбыстарды ажыратуға үйрету.

Алдыңғы сабақта пайдаланған маса, жылан, араның

дауыстарының аудиожазбасын тыңдатады, ненің даусы

екенін тапқызады.

Қолдарындағы айнаға

қарап, өлеңді бірге ай-

тады.


Дыбыстарды тыңдайды, ненің даусы екенін

ажыратады.

Ұйымдастыру іздестіру

Жаңа тақырып

- Мен сендерге Тынымсыз Тіл туралы ертегі айтып беремін.Сендер ол ертегіні мына сиқырлы айнадан көріп отырасындар

Айнаны қолдарына алдырып, ауыздарына қаратады.

Тынымсыз Тіл туралы ертегі

- Ауыз деген қуыста Тынымсыз Тіл өмір сүріпті. Ол аппақ тістерді қатарластырып қойып, өзіне дуал, ал екі еріннен агиылып-жабылып түратын есік жасап алыпты. Ауыз арқылы дыбыстар жиі-жиі сыртқа шыгып түрады екен. Кейбір дауысы бар дыбыстар ылги көңілді ән салып жүреді.Осы дыбыстар өткенде Тынымсыз Тіл тып-тыныш ән тыңдап жатады екен.

Мысалы: ааа, ооо, еее, әэә (балаларга бірге айтқызады)

Ал, кейбір дыбыстар ән салуды үнатпайтын болыпты,

олардық дауысы жоқ екен. Ән салмай, тып-тыныш өтіп

бара жатқан дыбыстарга ренжіген Тынымсыз Тіл оларга ылги кедергі жасауга тырысады. Даусы жоқ дыбыстарды сыртқа жібермеу үшін біресе таңдайга жабысып түрып алады, біресе тіске тақалып алады, кейде тіпті еріннен жасалган есігін жауып алады екен.

Мысалы: қ, т, н, м. (тагы да бірге айтқызады)

Ертегі бойынша сүрақтар:

-Ертегі сендерге үнады ма?Тынымсыз Тіл неліктен кейбір дыбыстарды үнатып, ал кейбір дыбыстарды үнатпайды екен?

-Даусы бар әнші дыбыстарды айтып көріңдерші.

-Даусы жоқ, ән айтпайтын қандай дыбыстар бар?

«Қандай дыбыс?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге үйрету жэне дыбыстық талдау жасауға дайындау.

Ойын тәртібін түсіндіреді.

- Қазір мен дыбыстарды бір-бірден айтамын, егер даусы бар, әнші дыбыстьі естісеңдер, қызыл дөңгелекті көтеріп көрсетіңдер, даусы жоқ ән айтпайтын дыбысты естісеңдер, көк дөңгелекті көрсетіңдер.

Сергіту жаттығуы

Қаз қанатын жазады,

Мойындарын созады.

Жақын келген баланы

Шоқып, тістеп алады.

Қандай қимылдар жасауға болатынын көрсетеді

«Қуыршақтардың есімі» дидактикалық ойыны

Мақсаты: сөздің қандай дыбыстан басталатынына назарларын аударады.

Дәптермен жүмыс

Дәптердегі суреттер бойынша жүмыс жүргізеді.

Саусақ жаттығуы

Өрмелеген өрмекші,

Өнеріңді көрсетші.

Қалай, қайтіп тоқыдың,

Мынау ғажап өрмекті?

Кел, жазайық

Көмектесе жүріп жазу жүмысын орындатады.

Айнадан өз аузына қа-

рап отырып, ертегіні

тыңдайды, қажет кез-

де тілін қимылдатып, аузын ашып жұмады


Дыбыстарды қайталап

айтады, тілдің әнші

дыбыстарға кедергі

жасамай, «тыныш»

жатқанына назар ау-

дарады.



Ән айтпайтын дыбыс-

тарды айтқанда тілдің

қалай кедергі жасағанын

бақылайды.


Тәрбиешінің сүрақтарына жауап береді.

Дауысты дыбысты естігенде қызыл, дауыссыз

дыбысты естігенде көк ойынтасты көтеріп көретеді.


Әндетіп айтылған да-

уысты дыбыстардың ыргагымен дөңгеленіп, би

қимылдарын жасайды.


Екі қолдарын екі жаққа жазады,

мойындарын созады.

Әр бала өзінің оң жағындағы баланың арқасын екі қолымен батырмай «шоқиды».




Суреттермен жүмыс істейді.


Саусақтарын «өрмекші»етіп парта бетіне «өрмелетеді».

Екі алақандарын жазып,«сүрақ» қояды.

Жазу жүмысын орын-

дайды.

Рефлексифті түзетушілік

. Қорыту

Сүрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты қорытады.

Тақырып бойынша сүрақтарга жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек

дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін.

Игерді

дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтудағы артикуляциялық ерекшеліктерді.

Біледі

дауысты, дауыссыз дыбыстарды естігеніне сәйкес қызыл, көк ойынтасты көрсетуді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2019
6909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12