400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта. Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы:Көңілді қыс және қысқы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
балаабақша тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балапан » ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің констпектісі №20

Күні: 27.01.2020

Тәрбиеші: Сабиева Э.К

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы:Көңілді қыс және қысқы ойындар

Мақсаты:Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Міндеті: Қыс туралы әңгімелей білуге үйрету.

Білімділігі: Қысқы ойындар түрлерін атап бере білуге үйрету.

Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелігі: Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндір, көрсету.

Билингвальдық компонент: Қыс-Зима. Ойын-Игра

К/құралдар: Қысқы мезгілі туралы суреттер

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне тұрып,

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, Қайырлы!

Балалар орындайды

Ұйымдастыру

шылық ізденушілік







Жұмбақ шешу.

Қолыменен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.

-Аяз жылдың қай мезгілінде болады?

-Аяз қандай болады?

-Аязды күні ойнауға бола ма?

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Дұрыс айтасындар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді.Бірақ біз қыстан қорықпаймыз , денемізді шынықтырамыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз.

-Бүгін бізге аққала қонаққа келіпті.

Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.-Сәлемесіңдерме ме балалар!

Менсендермен бірге ойнайындеп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық.

Қыздырайық денені,

Кел балалар, кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымыздан тұрып-ақ.

Жүгірейік бір уақ бір екі үш,

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс,

Аяқты алға созайық.

Тік көтеріп қозғайық!

«Қысқы ойындар» тақырыбына әңгіме не ертегі құрастыру.

Тірек сұрақтар:

1.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?

2.Ақ қоян не істеді?

3.Хоккей ойнау үшін қандай құралдар керек?

4.Кірпі сыртқа не алып шықты?

Дәптермен жұмыс

Қысқы ойынға қажетті құралдарды салу.


Шана.




Сұрақтарға жауап береді







Әңгімені мұқият тыңдап, білетін әңгімелеріне араласады.






Қимыл жасап көрсетеді







Әңгіме, ертегі құрастырады






Ойынға қажетті құралдарды салады

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау.

Ойын:« Кім жылдам».

Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

Қыста не жаман?

Қыста қалай киіну керек?

Жақсы қатысқан балаларды мақтау.

Ойынды ойнап сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қысқы ойындар түрлерін білу керек

Болу керек: Қыс ерекшеліктері туралы түсініктері болу керек

Үйрену керек: Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға үйрену керек














Valeo жиынтығын қолдана отырып, әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту




















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі