Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта Ересек топ Ғарышқа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек топ балаларымен

ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: «Дене тәрбиесі»

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Негізгі қимыл түрлері: Гимнастикалық орындық үстінен тепе-теңдік сақтап жүру. Таға астынан еңбектеп өту.

Мақсаты:

Білімділік: Балалардыгимнастикалық орындық үстінен тепе-теңдік сақтап жүруге, таға астынан еңбектеп өтуге үйрету.

Түзете-дамытушылық: Гимнастикалық орындық үстімен және еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық, төзімділік сияқты қасиеттерді дамыту.

Тәрбиелік: Балалар бір-біріне көмектесуге, тапсырмаларды реттілікпен, кезектесіп орындауға тәрбиелеу. Танып білуге баулу.

Құрал-жабдықтар: Гимнастикалық орындық, таға, бала санына сәйкес доптар, шығыршықтар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды саппен залға кіруге, саппен жүру, жүгіруге, аяққа арналған жаттығуларды орындауға: бақайдың ұшымен, өкшемен, тізені көтеріп, табанның сыртқы және ішкі жағымен, қос аяқпен секіріп, жартылай отырып, еңбектеп жүруге шақыру.

Педагог балаларды екі сапқа тұрғызып сәлемдеседі.

Педагог: - Балалар, бүгін таңертең маған пошта таратушы хат тастап кетті. Хатты кім жазды деп қарасам, оны бөгде планеталықтар (инопланетян) жіберген екен. Олар ғарышқа мықты, шыныққан балаларды шақырыпты. Оларға бір көмек қажет сияқты.Ал, балалар, біз сендермен ғарышқа саяхатқа барамыз ба?

Балалар саппен залға кіріп, саппен бақайдың ұшымен, өкшемен, табанның қырымен, ішкі жағымен жүру жаттығуларын орындайды.




Бір саптан екі сапқа бөлініп, екі қатарда арақашықтықты сақтап тұрады.






Балалар ғарышқа саяхат жасауға қуана келіседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог: -Балалар, біз алдымен ғарышқа шығуға дайындалып алуымыз қажет. Денемізді шынықтырып алайық.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.қ. Қол белде, аяқ арасы қосулы

Ор. мойынды оңға-солға кезек бұру.

Б.қ. Қол иыққа бүгулі, аяқ бірге

Ор. Қолды жоғары созып, аяқтың ұшына көтерілу.

Б.қ. Қол дене бойымен, аяқ бірге

Ор. бір орында адымдау.

Б.қ. Қол белде, аяқ бірге

Ор. екі аяқпен секіру, екі аяқта кезек секіру.

Дем алып, дем шығару.

Түзету жаттығулары:«Біз серуендейміз», «Түзу жолмен жүреміз».

Педагог: -Балалар, ал біз дайын болған сияқтымыз, сендер білесіңдер ме, ғарышта ауа болмайды, ғарышкерлер арнайы киім-скафандр киеді. Бізде скафандр киіп алайық.

-Ғарышқа қалай барамыз?

-Олай болса өзімізге зымыран құрастырып алайық. Ол зымыранмен басқа ғаламшарға ұшып барамыз.

Балаларға теледидардан ғарыш әлемі жайында видео көрсетіледі.

Педагог ғаламшарлармен таныстырады.

Залға музыка әуенімен бөгде планета иесі кіреді. Ол:

-Сәлеметсіңдерме, балалар, біздің ғаламшарға қош келдіңдер! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Менің хатым сендерге жеткен сияқты. Маған сендердің көмектерің қажет. Мен зертханада жұмыс істеймін, тастарды зерттеймін. Бірақ ол тастарды алу оңай емес, мына жанартау отынан және туннельден өту керек. Сендер маған тастарды алуға көмектесесіңдер ме?

Негізгі үйренетін қимылдар:

- Гимнастикалық орындық үстінен тепе-теңдік сақтап жүру.

-Таға астынан еңбектеп өту.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ғаламшарлар» .

Тыныс алу жаттығуы: «Үрлегіш және доп».

Кейіпкер: -Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Маған көмектескендеріңе рахмет. Мен сендерге мына жұлдызшаларды сыйлық етіп ұсынғым келіп тұр. Қабыл алыңдар. Жер планетасына аман-есен оралыңдар! Сау болыңдар!

Педагог: -Балалар, олай болса біз Жер ғаламшарына оралайық. Өзіміздің зымыранымызға отырып алайық.

Балалар жалпы дамыту жатығуларын белсене орындайды.





















Балалар ғарышқа зымыранмен ұшып баратындарын хабарлайды.


Балалар таяқшалардан еденге зымыран құрастырып алады.

Әр команда өздері құрастырған зымыранға отырып басқа ғаламшарға ұшады.

Видео көрсетілімді тамашалайды.


Кейіпкерге қуанады, оның өтінішін тыңдап көмектесуді ұйғарады.











Балалар негізгі қимылдарды орындайды.





Кейіпкер ұсынған ойынды қызығушылықпен ойнайды.







Балалар кейіпкер сыйлығына қуанады.


Балалар зымыранға мініп, қолдарын екі жанға созып,көздерін жұмып тұрады. Баяу музыка қойылады.

Рефлексивті-түзетушілік

Педагог:-Балалар, міне біз келдік. Ортаға шеңбер бойымен тұра қалайық.

Қорытындылау сұрақтары:

-Балалар, бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Біз қайда саяхатқа барып келдік? Бізге кім кездесті? Қандай көмек қажет болды? Қандай ойын ойнадық?

Педагог:-Балалар, Жер планетасы қандай әдемі! Ендеше осы Жер-анамызға өз тілегімізді айтайықшы.

Дене шынықтыру нұсқаушысы белсене қатысқан балаларды мадақтайды.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Алған әсерлерімен бөліседі.


Балалар сұрақтарға белсене жауап береді. Алған әсерлерімен бөліседі.




Балалар Жер планетасына тілектерін айтады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1088
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12