400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Телефонсыз бір күн қазіргі таңда мүмкін бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
телефонсыз бір күн мүмкін бе?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Телефонсыз бір күн қазіргі таңда

мүмкін бе?

Қазіргі қоғамда телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгігі таңда телефонсыз өмір сүру мүмкін емес сияқты көрінеді. Таң атқаннан ұйқыға жатқанға дейін қолымыздан телефон түспейді. Тіпті ояна салысымен бірден телефонға үңілеміз,әлеуметтік желілерде отырамыз,хат алмасамыз,тіпті оқуымызды да телефон арқылы басқарамыз. Адамдар ақпарат пен байланысқа үйреніп қалғаны сонша,телефонсыз қалса,өзін біртүрлі сезініп жалғыз қалғандай күй кешеді. Бірақ бір күнге болсын осы құрылғыдан бас тартып,өмірдің шынайы сәттерін сезінуге бола ма?

Телефонсыз өмір сүру қиын көрінгенімен,біздің ата-бабаларымыз осы құрылғысыз-ақ өмір сүрді. Олар хабар алмасу үшін хат жазды,жаңалықтарды газеттен оқыды,ал бос уақытын отбасына,еңбек пен шығармашылыққа арнады. Үлкендер жастарына өмірлік тәжірибесімен бөлісіп,шежіре айтып,ұрпақтан ұрпаққа құнды мұра қалдырды. Ал қазірше? бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің өзі телефонға үңіліп,бір-бірімен әңгіме дүкен құрмайды. Достармен кездескенде де бәрі экранға телміреп отырады. Телефонсыз бір күн өткізіп өзіңізді сынап көруге,жаңа нәрселерді байқап көруге тамаша мүмкіндік. Телефонсыз бір күн нестеуге болады?

1)Табиғатқа серуендеу-телефонсыз өткен күн табиғатпен сырласуға тамаша мүмкіндік.Саябаққа,тауға немесе өзен жағасына барып серуендеп,айналаңызды тамашалаңыз.

2)Ата-анаңызбен,бауырларыңызбен немесе достарыңызбен шынайы сөйлесіңіз. Көбінесе телефонға үңіліп,жақындарымызға жеткілікті көңіл бөлмейміз. Телефонсыз күні кешкі асты бірге ішіп,қызықты әңгіме-дүкен құруға,отбасылық ойындар ойнауға немесе естеліктермен бөлісуге болады.

3)Кітап оқу-қызықты көркем шығарма немесе мотивациялық кітап оқу ой өрісіңізді кеңейтіп,жаңа әсер сыйлайды.

4)Спортпен айналасу жаттығу жасау,жүгіріп қайту,йогамен айналысу немесе велосипед тебу физикалық белсенділік көңіл күйіңізді көтеріп,энергия сыйлайды.

Менің ойымша телефонсыз бір күн өмір сүруге болады. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы оңсыз өмір сүрді,ал біз бір күн өмір сүре алмаймызба.Әрине қазіргі қоғамда телефон маңызды рөл атқарады,бірақ ол бізді шынайы өмірден алыстатпау керек. Егер телефонды қойып,айналамызға қарасақ,табиғаттың әдемілігін,адамдардың жылы қарым-қатынасын,күнделікті өмірдің ұсақ,маңызды сәттерін көбірек сезіне аламыз.

Телефонсыз бір күн өткізу-өзіндік сынақ әрі үлкен мүмкіндік деп қабылда. Бұл бізге шынайы қарым-қатынас орнатуға,жанымыздағы адамдарға көбірек көңіл бөлуге,шығармашылық қабілетімізді дамытып,жан дүниемізді таңдауға мүмкінщік береді. Экранға телміреп отырып табиғаттың сұлулығын,кітаптың қызығын,қарапайым әңгімелердің мәнін ұмытып кетеміз. Сонымен телефонсыз өмір сүру мүлдем мүмкін емес деген ой қате. Егер бір күнге телефондарымыздаң бас тартып,өмірдің басқа қырларына көңіл бөлсек,өзімізді еркін сезініп,ішкі тыныштыққа қол жеткіземіз.Сондықтан әр адам телефонсыз уақыт өткізіп шынайы өмірге назар аударуы керек. Телефон-тек құрал,ал нағыз өмір біздің қоршаған ортада,жақындарымыздың қасында. Телефонсыз бір күн жүру арқылы сіз әлемді жаңа қырынан көріп,өмірдің шынайы рахатын сезіне аласыз.



ТҰРСЫНҚАН Томирис

Алматы қаласы Кенен Әзербаев атындағы орта мектеп

11 “Ә”сынып оқушысы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі