Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Темекі денсаулық дұшпаны сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық өмірінің қас дұшпаны темекі туралы шағын мәлімет келтіру. Білімдеріін нығайту. Адам өміріне қауіпті дерттің күшін жою үшін сол туралы мәлімет азда болса көмек ретінде жасөспірімдерге насихат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:“ Темекі- денсаулық дұшпаны



Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, студенттерді саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, «Денсаулық» сөзжұмбағы

ТүріАшық тәрбие сағаты

Әдіс-тәсілдерітүсіндіру, сұрақ- жауап, сахналық көрініс.


Сабақ барысы:
I. "Ой қорыту"кезеңі.

II.“Сөзжұмбақ шешу

ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны

ІV. «Бәйге» ойыны

V. “Уланбасын өмірің көрініс

VI. Тренинг: «Қолшатыр»

VII. Қорытынды.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар. Төмендегі статистикалық мәліметтерге көңіл аударыңыздар.

  1. Дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі шегеді.

  2. Темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн. адам қайтыс болады.

  3. Қазақстан бойынша 3,2 млн. яғни 33 пайыз адам темекі тартады.

  4. Темекі зардабынан жылына 25 000 адам қайтыс болады.

  5. Темекі түтінінің улылығы автомобиль шығаратын газдан 4 есе, тұрмыстық газдан 250 есе артық..

  6. Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?

Темекі, шылым, анаша, насывай.

Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда Саламатты Қазақстан атты жүрдек жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.

1-аялдама: «Кел танысайық» Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:

Сұрақтар:

1.Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).

2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).

3.Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)

4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).

5.Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?

Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!



Сендер білесіңдер ме?

Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.



2 - аялдамаОй жұмбақты шешу. «Денсаулық» сөзжұмбағы 

1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан(кеуде) 
2)
Тыныс алу мүшесі(көмей
3) Темекінің құрамындағы улы зат(никотин
4) Никотиннің түсі қандай(сарғыш) 

5) Тыныс алу мүшесі(ауатамыр) 
6)
Никтоин қандай зат(улы) 
7)
Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады(смола) 
8)
Тыныс алудың бастапқы мүшесі(мұрын
9) Ырыс алды .... (ынтымақ)

МұғалімБұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын 

«Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.

3-аялдама: «Мені жалғастыр»

Денсаулық – (зор байлық)

Жарлының байлығы – (денінің саулығы)

Жан ауырса тән азады(Қайғы басса- жан азады)

Дені саудың – (жаны сау)

Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)

Мұғалім: «Арақ арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

4-аялдама: «Бәйге» ойыны

1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2.Темекіні тастауға болама?

3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)

4. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүредіОл не ? ( темекі)

5.Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,

Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )

5– аялдамаКелесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін  «Екі пәледен аулақ »көріністі ұсынамыз.

(Екі бала ойнап жүр)

Рыспек: - Мұрат, екеуміз дос емеспіз бе?
Сымбат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?

Сымбат: -Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Рыспек: - Оны қайдан алғансың?..

Сымбат: -Әкемнен алдым (риза болып)
Рыспек: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.

Сымбат: -Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?
Рыспек: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.

Сымбат: -Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Рыспек- Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал. Одан да ойынымызды жалғастырайық.

(
Осы кезде бөлмеге темекі, насыбай кіреді)

Студенттер: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?

Темекі:

Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Насыбай:

Шығу тегін тышқан деген қарадан,

Мекен жайым Ластық деген қаладан.

Міндетім - тек денсаулықты кірлерту,

Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...


Арайлым:

О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды екеуін.

Қандай пәле таратқан?!

О,адамдар,санаң бар,

Екі пәлеге қараңдар.

Екеуі де үлкен жау

Бүкіл әлем алаңдар!

Екеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

Мұғалім: -Демек , студенттер, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?

-Дұрыс,темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда 7-15ж. қысқа келеді.

Мұғалім: Ой жылдамдығына арналады. Денсаулық сөзінің әр әрпіне салауатты өмір салтын бейнелейтін сөздерді ойластыру қажет.

Д- дұрыс дем алу.

Еерінбеу керек.

Н- ниеттену.

С- спортпен айналысу.

А- ағзаны шынықтыру.

Ууақытты дұрыс ұйымдастыру.

Л- лайықты өмір сүру.

Ыынта-ықылас жетелейді.

Қ- қозғалыс ағзаны шынықтырады.

Барлық әріптер бірге:

Темекі жойылсын!

Насыбай құрысын!

Дені сау ұрпақтың

Ұрпағы көбейсін!

6. Бекіту: Тренинг: «Қолшатыр»

-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.



7. Қорытынды.

Мұғалім: Қазақстан- 2030” ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни, болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иегерлері дені сау , терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті ел қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз үлес қосуымыз керек. Әлем темекіге қарсы күресуде. Мысалы , Швейцарияда жыл сайын “Темекі тартпайтын күн” аталып өтеді. Францияның кейбір фирмаларында шылым шегуді тастаған қызметкерге арнайы сыйлық төлейді. Бұл сабақтан сіздер көп мағлұмат алды деп ойлаймын. Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану - әрқайсымыздың міндетіміз.

Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау жарлы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
1545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12