Материалдар / Темірдің жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, алдын алу

Темірдің жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Темір элементін жан-жақты зерттеу арқылы оның адам ағзасы үшін маңызы туралы білімдерін кеңейту Темір жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдын алу туралы мағлұмат беру жаңа тақырып туралы туралы алған білім, білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету
Авторы:
19 Желтоқсан 2024
135
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

ДОІЖО_______________

Педагогтің аты-жөні

Сағидан Ақмерей Әлібекқызы

Күні:

17.12.2024ж

Сынып:7а,7б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Темірдің жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, алдын алу

Сабақтың мақсаты

Темір элементін жан-жақты зерттеу арқылы оның адам ағзасы үшін маңызы туралы білімдерін кеңейту

Темір жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдын алу туралы мағлұмат беру

жаңа тақырып туралы туралы алған білім, білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру

Үй тапсырмасы:

Темірдіңадам ағзасындағы биологиялық ролі жайында қосымша ақпарат

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы


Темір тапшылығының белгілері:

  • адам тез шаршайды, тоңады

  • жүктеме кезінде ентігу

  • тері бозарып, қабыршақтанады

  • шаш түседі

Темір тапшылығының ерекше белгілері:

  • тырнақ ішке қарай майысып өседі

  • жеуге болмайтын тағамдарға құштарлық (бор, әк және т.б.)

  • күйдіріп ауру және ауырсынумен қатар тілдің қабынуы

  • езуде жарықтар пайда болуы, қабынуы

Темір деңгейі сыни деңгейге дейін төмендеген кезде жұту бұзылыстары пайда болуы мүмкін және адам есінен тануы мүмкін.

Балаларда темірдің жетіспеушілігінен даму тежеледі.

Темір жетіспеушілігінің дамуын болдырмау үшін рационға тиісті тағамдарды, қажет болған жағдайда, арнайы биологиялық белсенді қоспаларды қосуға болады.

Темірдің ең жақсы көздері: қызыл ет және субөнімдер (бауыр, жүрек), аз мөлшерде жұмыртқа, бұршақ дақылдары (жасымық, бұршақ), асқабақ және күнжіт тұқымдары, тұтас дәндер (қарақұмық), кептірілген жемістер (алма, алмұрт, қара өрік), және көк шөптің кейбір түрлері – тимьян, ақжелкен, дала салаттары.

Тағамдағы темір гем (ет және басқа жануарлар көздерінен) және гем емес (өсімдік тағамдарынан) болып бөлінеді.

Гемдік темір тез сіңіріледі, ал гемдік емес темірдің сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді.

Темірдің сіңуін тағаммен бірге тұтынылатын аскорбин қышқылы жақсартады.

Темірдің сіңуін тежейді - фитин қышқылы, оксалаттар, таниндер және кофеин.

Ағзада темірдің шамадан тыс жиналуы токсиндік әсер етеді. Темірдің артық дозасы бос радикалдардың өндірісін ынталандырады, дененің антиоксиданттық жүйесін тежейді және бұл атеросклероздың дамуына ықпал етуі мүмкін, сондықтан дені сау адамдарға темір препараттарын қолдану ұсынылмайды.






Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Формати

вті бағалау.




ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.





Дескриптор:

-Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

-Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

-Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.




Қосымша №1

Оқылым, жазылым тапсырмалары.






Соңы

Бекіту тапсырмасы

Темір жетіспеушілігінің жетіспеушілігінің салдары

Постер қорғау








Тірек сөздермен жұмыс жасау.

ҚБ: Мадақтама сөздер


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

кері байланыс.


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.

Кері байланыс

Кері байланыс тақтайша

сы.
















































Қосымша №1


ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Анемия - бұл қанның көлем бірлігінде гемоглобин мөлшерінің төмендеуі және эритроциттер санының азаюы, бұл тіндерде оттегінің тапшылығына әкеледі /гипокси деп аталады.


Гемоглобин (темір + ақуыз) оттегімен байланысып эритроциттер арқылы оны тіндерге тасымалдайды. Бұнда гемоглобин оттегін қалдырып көмірқышқыл газын алады. Осылайша ағза тіндеріде газалмасу процессі жүреді.


Осы функцияны орындау үшін қажетті кез-келген компоненттердің жетіспеушілігімен денеде анемия дамиды.


Ең жиі кездесетін анемия темір жетіспеушілікті болып табылады, сонымен қатар В12 немесе фолий тапшылықты (олар эритроциттердің синтезі кажетті), темірді қорға жінайтын ақуыздың жетіспеу түріде кездеседі, гемолитикалық анемия - қызыл қан жасушаларының патологиялық деструкциясы және т.б. анемия түрлері бар.


Темір тапшылықты анемияның себептері:

темірге деген қажеттіліктің жоғарылауы жағдайы жиі әйел адамдарда кездеседі, маселен – жүктілік кезенінде, омыраумен емізуде

қыз-келіншектерде айсайынғы қан жоғалту

дененің белсенді өсуі мен дамуы (нарестелерде, 5 жаскадейінгі балаларда)

ауыр физикалық жүктеме кезінде темірді шамадан тыс шығындау

тамақтану жетіспеушілігі

Патологиялық себептер келесімен байланысты болуы мүмкін:

тұқым қуалайтын аурулармен,

асқазан-ішек жолдарының әр түрлі ауруларына байланысты темір сіңірілуінің төмендеуі (ферментопатия, жіңішке ішектің аурулары онын ішінде хирургиялық операциялары)

бүйрекпен бауырдын белкок-синтезінің қызметтерінің бұзылуы

жасырын қан кету

тағыда басқа себептерімен

Анемияның себебін нақты анықтау оның әріқарай дұрыс емдеуі үшін өте маңызды аспект болып табылады!

АНЕМИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ


Жалпы белгілері

терінің, еріннің және шырышты қабаттардың бозаруы

әлсіздік, шаршаудың жоғарылауы, ұйқышылдық

бас айналу, құлақтың шуылы,

көз алдында жыпылықтайтын «шыбындар» ұшу,

ентігу, жүрек қағу, пульстің жиі болуы және т.б.

Есіңізде болсын! Бұл белгілердің болмауы анемияның болуын жоққа шығармайды, себебі жеңіл және орташа формалары жасырын болуы мүмкүн).

Ерекше клиникалық көріністері

терінің құрғақтығы, жарықтар пайда болуы

тырнақтармен шаштардың сынғыштығы

ауыз бұрыштарындағы жаралар мен жарықтар,

бұлшықет әлсіздігі

бор, тіс пастасы, известь, шикі дәнді дақылдар жеуге, сондай-ақ белгілі бір иістерге (ацетон, лак, бензин) тәуелділік түріндегі дәмді бұрмалау.

АНЕМИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ:

1. Дұрыс тамақтану:

темірге бай - бауыр, ет, балық, анар, алма, қызылша, сұлы мен қарақұмық жармаларын жиі тұтыну

В12 дәрумен көзі - ет, құс еті, ішкі өнімдер, теңіз өнімдері, сүт, ірімшік, жұмыртқа

фолий қышқылы - жасыл жапырақты көкөністер, брокколи, бұршақ дақылдары, апельсин, банан, өрік т.б.

С дәрумен көзі - итмұрын, қарақат, таңқурай, бүлдірген, қырыққабат, болгар бұрышы т.б.

2. Зиянды әдеттерден арылу (темекі шегу және алкогольді ішімдіктерден бас тарту).

3. Дене белсенділігін жоғарлату (күніне 30 минуттен кем емес денешынықтыру).

4. Уақытылы профилактикалық медициналық тексеруден өту (қан анализін тапсырумен).



Балалар темір тапшылығы анемиясының алдын алу


Анемия — қан көлемінің бірлігінде эритроциттер санының азаюы және гемоглобин деңгейінің төмендеуі сияқты белгілері тән болатын ағза жағдайы.

Балалар темір тапшылығы анемиясымен жер шарындағы балалардың жартысына дерлігі ауырады.

Жүкті әйелдер арасында темір тапшылығы анемиясы 21-80%-да, ал жасырын темір дефициті одан да жиі 49-99% жағдайда кездеседі. Егер құрсақтағы нәресте анасынан темірді аз мөлшерде алатын болса, онда оның постнаталды өмірінің ең алғашқы мерзімінде экзогенді темірге деген тапшылығы күрт ұлғаяды. Шала туған балалардың 100%-ға жуығы дерлік темір тапшылығы анемиясына шалдығады. Сонымен қатар уақытында туған балаларда анемия туған кездегі дене салмағына байланысты пайда болуы мүмкін. Дене салмағы 3 кг төмен балалардың 50%-да анемия дамиды.

Балалар өмірінің алғашқы екі жылында алиментарлық темір тапшылығы дамиды. Осы жағдайды анемиямен ауыратын 1000 бала мысалында зерттеген кезде балалардың 51,3%-ы теңгерімсіз жасанды түрде, 30,3%-ы – аралас түрде тамақтанатыны, 86,8%-ы 4-тен астам рет суық тиіп ауырғаны анықталды.

Омырау сүті мен сиыр сүті өсіп келе жатқан ағзаны темірмен толық қанағаттандыра алмайды. Темірге деген мұқтаждығын толықтыру үшін бала тәулігіне 15 литрге жуық сүт ішуі тиіс. Ауыр темір тапшылығы анемиясының туындауының жиі кездесетін себептерінің бірі – ол балаға тәулігіне 1-1,5 л сүт немесе айран ғана беру, бір немесе бірнеше ай балаға басқа тамақ бермеу. Мұндай әрекет балалар ағзасында темір тапшылығын тудырады. Сол себептен баланы барлық азық-түлік түрімен, оның ішінде темірден тұратын азықпен теңгерімді түрде тамақтандыру қажет.

Алиментарлық темір тапшылығы жоғары жастағы балалардың дамуында да маңызды рөль атқарады. Көбінесе балалар сүтпен және нан тағамдарымен тамақтанады, ал ет өнімдері, көкөніс пен жемістер шектеулі түрде пайдаланылады. Балалар анемиясының көбеюінің себебі акселерацияға, туған кезде балалардың бойы мен салмағының жоғары болуына, сонымен қатар дене салмағының ерте кезде ұлғаюына, яғни, темірге деген мұқтаждықтың өсуіне, осылайша темірдің эндогенді қорын тез арада пайдалануына байланысты болуы мүмкін. Темірге деген жоғары тапшылық балаларда препубертатты және пубертатты жаста пайда болады (темір тапшылығы ағзаға түсетін темір мөлшерінен асып түскен кездегі бала бойының тез өсуі тұсында).

Темір тапшылығы анемиясының дамуының басқа себептері қан жоғалтуға байланысты болады. Қан жоғалту ішекті паразиттік құрттар зақымдаған кезде, асқазан-ішек аурулары, ішектің сіңіру қабілетінің бұзылуы, созылмалы іріңді инфекциялар туындағанда пайда болуы мүмкін.

Темір тапшылығы анемиясының дамуы ағзаға қандай қауіп төндіреді? Темір тапшылығы анемиясы кезінде ағза тіндеріне өттегі жетіспейді, темірдің жетіспеушілігінен кейбір ферменттердің белсенділігі бұзылады. Басқа анемия түрлеріне қарағанда темір тапшылығы анемиясы кезінде гипоксия туындайды, өйткені, темір тапшылығы ағзада гемоглобиннен тіндерге өттегіні беруді қалыпқа келтіретін компенсаторлық тетіктерді іске қосады. Гипоксия бала ағзасының барлық өсу қызметіне әсер етеді. Нәтижесінде жүрек бұлшықеті, бауыр, ішек қызметі күйзеледі, жасушалық иммунитет бұзылады.

Темір тапшылығы анемиясының негізгі белгілері (анемиялық, сидеропеникалық). Тері жамылғысы мен шырышты қабықтардың бозаруы. Тәбеттің болмауы, қалыптан тыс әуестенушіліктің туындауы (еттен бас тарту, бор, ізбес, топырақ, саз жеуді қалау), ащы иістерге құмарлық (керосин, бензин, ацетон). Тері мен оның туындыларының трофикалық өзгерістері – тырнақ, шаш. Шаш сынғыш, күңгірт, «талшық» тәріздес болады, шаш түседі. Тырнақ сынғыш, жайпақ, ортасында латералды және соңғы жақтары көмкерілген, қасық пішінді болады.

Темір тапшылығы орталық нерв жүйесіне әсер етеді – эмоциялық тонус және көңіл-күй түседі, әрекет өзгереді: жылауықтық, ашуланшықтық, қыңырлық туындайды. Қоршаған ортаға, сабаққа қызығушылық жоғалады.

Темір тапшылығы кезінде энтеропатияның пайда болуы ішектің сіңіру қабілетінің, жұтудың бұзылуын, жүректің айнуын, құсу, дәреттің бұзылуын тудырады.


Темір тапшылығы анемиясы ауруының алдын алу.


Балалар темір тапшылығы анемиясының алды алу антенаталды түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерге темір препараты жүктіліктің екінші жартысында аз мөлшерде және ұзақ мерзімге беріледі. Сондай-ақ емізу кезінде де сол мөлшерде қолданылады.


Балалар темір тапшылығы анемиясының даму қауіпі бар тобына кіретін балаларды анықтау қажет. Ең алдымен бұл шала туған, дене салмағы 3 кг төмен, сондай-ақ дене салмағы 4 кг астам, көп балалы жүктіліктен туған, терісінде және шырышты қабаттарында аллергиясы, ішек және тыныс алу мүшелері аурулары бар балалар болады. Мұндай балаларды 6 айынан темір препаратымен емдеу қажет.


Жоғары жасқа келгенде тамақтану режімін сақтау және дұрыс тамақтану керек екендігін есте сақтау жөн.


Ата-аналар балаларда сидеропеникалық белгілердің – тері мен оның туындыларының трофикалық өзгерістеріне, диспептикалық бұзылыстардың – дәм сезудің бұзылуына, жүрек айну, құсу және т.б. пайда болуына сақ болуы тиіс.

Темір тапшылығы анемиясының (ТТА) белгілері туындаған кезде уақытында дәрігерге жүгініп, білікті көмек алу қажет.







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі