Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теңдеу және оларды шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика сыры

Сабақ № 21 Сыныбы:________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оларды шешу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Теңдеу ұғымын танып біледі. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:түсіндіру, сұрақ – жауап, ой-қозғау.

Көрнекілігі: сызба, қима сандар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық

Сәлем, алтын күнім менің,
Сәлем, аспан көгілдір!
Сәлем, жақын досым менің,
Қуанышты күн бүгін!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Кері есептер.

Болғаны – 80 кг

Сатылғаны – ? кг

Қалғаны – 50 кг

ә Болғаны – ? кг

Сатылғаны – 30кг

Қалғаны - 50 кг

ІІІ. Жаңа сабақ

- Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Олай болса, мына суретке назар аударайық:
- Бұл не? - Таразы.
- Ол қайда қолданылады, не үшін?
- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.
Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:
- Бұл таразы. Таразының сол жағында 15 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?
- Бұл теңдеу. 15 +х=30
- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?
Ол үшін не істейміз?
15+х=30
х=30 - 15
х=15
---------------
15+15 =30
30=30
Ә) Топпен жұмыс Тақтада орындалады:
1 топ: 2 топ: 3 топ: 4 топ: 5 топ:
35+х=100 х -30=60 70 - х =25 х+12=35 х+28=78
80-х=20 5+х=75 х+12=50 95 - х =25 85 - х =25

Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.
№2. Есептейік, дәлелдейік, тексерейік:
Оқушыларға баған түрінде орындату.

1 топ: 2 топ: 3 топ: 4 топ: 5 топ:
78+10 -------------- 80 - 57 --------- 95 – 83---------50 + 38 ----------- 73 - 61
46+44 ------------ 98 - 35 ----------- 50 + 17---------50 + 18 ----------- 93 - 33
57+29 ----------- 99 - 89 --------- 95 - 65---------38 + 38 ----------- 64 - 44
70+19 ----------- 50 - 38 ----------- 73 - 63---------80 - 40 ----------- 88 - 53
№3. Теңдеу құр және оларды шеш:
1 топ:
х пен 10-ның қосындысы 60-қа тең
2 топ:
х пен 15-тің айырмасы 5-ке тең
3 топ:

8 бен х-тің қосындысы 48-ге тең

4 топ:

40 пен х-тің айырмасы 30-ға тең

5 топ:

х пен 25-тің қосындысы 40-қа тең
III. «Еске түсір!»
Периметр табу деген не?
- Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметр деп аталады.

1 топ:
Берілген тік төртбұрышты дәптеріңе сыз. Периметрін тап.
2 топ:
Берілген шаршы дәптеріңе сыз. Периметрін тап.
3 топ:

Берілген үшбұрышты дәптеріңе сыз.Периметрін тап.

4 топ:

Берілген төртбұрышты дәптеріңе сыз. Периметрін тап.

5 топ:

Берілген көп бұрышты дәптеріңе сыз. Периметрін тап.

IV. Қорытындылау
- Есепті мазмұнына бойынша теңдеулер құр.
V.Рефлексия:

- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Ертегі ұнады ма?
VІ.Үйге тапсырма: Теңдеулерді шешу.
VІІ.Бағалау.




Тексерілід:__________ М.Б.Алдиярова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12