жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Теңдеу, оны шешу тәсілдері
|
Сабақ тақырыбы |
Теңдеу және оны шешу тәсілдері (математикалық кафе) |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым және күрделі теңдеулерді шешу , қозғалысқа берілген есептерге кері есеп шығаруды үйрету |
|||
|
Бағалау критерилері |
Күрделірек теңдеулерді рет-ретімен орындай отырып, шеше алады. |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 4 минут 4 минут |
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Үй тапсырмасын тексеру 103-104 бет № 8 Теңдеу жайлы естеріне түсіру. Өткен сабақ тақырыбы мен мақсатына шолу жасау мақсатында ауызша қарапайым теңдеулер есептеу. Бүгін біз сендермен математикалық кафеге барайық. Өзін-өзінді ұстау ережесін еске аламыз. Олай болса, үстел номерін таңдап алайық. Теңдеудің түбірін тап х*6=300 1-топ 350-а=280 2-топ 415+в=455 3-топ 120:с=6 4-топ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Бағалау критерийлерін шығару |
«Сен маған, мен саған» өзара тексеру 50- құдалар 70-көршілер 40-ағайындар 20-достар «Табыс сатысы» арқылы өз деңгейін көрсету |
||
|
Сабақ ортасы 12 минут 3 минут 2 минут 10 минут |
Мақсаты: өткен білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту. Теңдеудің қандай түрлері бар? Теңдеудің түбірі дегеніміз не? Күрделі теңдеуді шешу үшін қандай алгоритм орындалады? Оқушылар сұрақтарға жауап береді, түзетулер мен ұсыныстар арқылы толықтырулар енгізіледі. Ал енді өзімізіге ас мәзірін таңдаймыз Мақсаты: күрделі теңдеулерді шешуге дағдылану 104- бет №1 бесбармақ әкелінді Теңдеуді түсіндіре отырып шешімін тап. Балалар, бұл қандай теңдеу? Неліктен? Берілген теңдеуде қай амал бірінші орындалады? Неліктен? Ұжыммен теңдеуді түсіндіре отырып шығарады, кері байланыс жасалады. №2 104- бет 1-2 топтар сорпа ұсыну «Ішіне-сыртына» стратегиясы №3 105-бет 3-4 топтар салаттар беру Сергіту сәті «Дастарқан» әні №6 әр балаға даяршы пиццаны бөліп береді Тәтті шай ретінде № 7 есеп, кері есеп құрастыру Жылдамдық деген не? Уақыт ше? Қашықтықты қалай табамыз? Әр топ өз атына лайық бір мақал табады, оның ішінде сан болуы тиіс. Сол сан теңдеу түбірі болу керек . Мақсаты: күрделі теңдеулерді шешуге дағдылану «Плюс - минус» бойынша өзін-өзі бағалайды |
күрделірек теңдеулерді шешу Теңдеудің алгоритмі 1. Оң жағындағы амалды орында
2 жай теңдеуге айналдыр 3. Сол жағын озгеріссіз жаз 104- бет №1 Теңдеуді шеш. Қима қағаздар Кесенің артында дұрыс жауап жазылған, тексеру жұмысы Жұмыс дәптері Ережелерді еске алу |
||
|
Сабақтың соңы Рефлексия 3 минут |
Сен бүгін не үйрендің? Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? Қай тапсырма сені қызықтырды? Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ? Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың? Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың? |
«Жетістік жолы» стратегиясы бойынша сабаққа қорытынды жасау |
||
|
Үй тапсырмасы 2 минут |
Үйде 105-бет №5, №8, №9 кез-келген бір тапсырманы орындау |
|||
Асылған ет (бешбармақ) қазақ халқының басты тағамы. Қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады
Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сыныптар апталығы
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Ашық сабақ
Математика
Исенова Г.Е.
2018-2019 оқу жылы
Теңдеудің алгоритмі
Оң жағындағы амалды орында
Күрделі теңдеуді
жай теңдеуге айналдыр
Сол жағын озгеріссіз жаз
Біл емін
Білмеймін
Түсінемін
Қолдана аламын
Біреуді үйрете
аламын
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген