Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Теңдеуді шешу
Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
11 Қаңтар 2019
419
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Теңдеуді шешу | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.1 Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу | |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, теңдеуді шешедіКейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |
Бағалау критерийі | 1.Теңдік, теңсіздік, теңдеуді ажыратады 2. Теңдеу құрастырады және оны шешеді3 .Әріптердің мәнін табады4. Сандық сәуленің көмегімен теңдеудегі белгісізді табады5. Теңдеуді ажыратады | |
Дескриптор | 1.Сұрақтарға дұрыс жауап береді 2 .Теңдеуді құрады және шешуін дұрыс табады 3. Әріптердің мәнін дұрыс табады 4. Сандық сәуленің көмегімен теңдеудегі белгісізді табады 5. Сәйкес келетін балық пен шелекті бірдей түспен бояды 6. Теңдеуді ажырата алады | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек, сауат ашу, жаратылыстану | |
АКТ қолдану дағдылары | Интер белсенді тақта | |
Тілдік құзыреттілік | Теңдеу-уравнение-equation | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басыынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут | Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру«Сәлемдесу» тренингіОртаға шығып оқушыларға сәлемдесу түрлерін айтамын оқушылар ыммен көрсетеді: | Тренинг Қима қағаздар, стикерлер, А4 форматты қағаз, маркерлер |
ТыңдалымАйтылымЖазылымСабақтың ортасы8 минут | Алдыңғы оқу. Қазір барлық пәннен «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімін өтіп жатқанымызды айтып өтемін.-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?- деген сұрақ қоямын.Оқушылар өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беремін.Қорыта келгенде «Орамал тастамақ» ұлттық ойынын ойнай отырып алдыңғы оқуды еске түсіреміз. Мен орамалды бір сұрақ қойып бір оқушыға лақтырамын. Ол оқушы жауабын айтып маған қайта лақтырады. Осылай бірнеше оқушыға лақтырып ойынды жалғастырамыз.Дескриптор:1.Алдыңғы оқуды еске түсіреді 2.Сұрақтарға дұрыс жауап бередіҚБ: «От шашу»Жаңа оқу-Теңдеу дегеніміз не? Оқушылар өз ойларын айтады.Үш тілділік: теңдеу-уравнение-equation үш тілде хормен айтып өтемізОлай болса оқушылар біз бүгін желкенді қайық құрастырып алтын балық аулап көреміз. Орыстың «Балықшы мен алтын балық» атты ұлттық ертегісін білетіндерің барма?Ендеше әр тапсырманы орындаған сайын желкенді қайықтың бөліктерін құрастырып отырасыңдар.Және әр жауап берген оқушыны балдық жүйемен «Бағалау парағына» белгілеп отыратындығымды айтып өтемін.Оқулықпен жұмыс Тақтамен жұмыс. «Жұмбақ қобдиша» әдісі Суретке қарап теңдеу құрастырады және оны шешедіДескриптор: 1.Суретке қарап дұрыс теңдеу құрастырады. 2. Теңдеудің шешуін табадыҚБ: «От шашу»«Аквариум» әдісі бойынша әріптердің мәнін табады.Жеке жұмыс. Оқушылар бір-бірден шығып аквариумнан қармақпен балық аулайды. Балықта жазылған теңдеулердегі белгісізді табады. Соңында біздің қарамағымызғада «Алтын балық» іліктіДескриптор: 1.Әріптердің мәнін дұрыс табадыҚБ: «Басбармақ» әдісі | Таныстырылым, оқулықпен , дәптермен жұмыс Аквариум, балықтар, қармақ |
Сергіту сәті2 минут | Интербелсенді тақтадан «Алтын балық» мультфильмін көрсетемін | Интербелсенді тақта |
ОқылымЖазылымАяқталуы16 минут Қызықты тапсырма8 минут | Топтық жұмыс. «Конвейер» әдісі.Сандық сәуленің көмегімен теңдеудегі белгісізді табады.Ламинатталған параққа теңдеу жазылған. Теңдеудің әр жолын әр оқушы жазады, қаламсапты конвейер сияқты айналдырып отырады. Жәнеде белгісізді сандық сәуледе сызбасын сызып көрсетеді.Дескриптор: 1.Сандық сәуленің көмегімен белгісізді табады 2.Сызбасын сызып көрсетедіҚБ: «От шашу»Ұжымдық жұмыс. «Лото» ойыны. «Еркін жазу» әдісі. Дәптермен жұмыс. | Ламинатталған парақ, маркер |
Сабақтың соңы2 минут | РефлексияСабақты қорыту мақсатында «Кір жаю» әдісін қолданамын. Оқушыларға сұрақ қоямын: | Бас бармақтар,қошемет, мадақтау, мақтау, қағаздан қиылған киімдердің үлгісі. Желкенді қайық, түрлі-түсті қаламдар,стикерлер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Көмек қажет ететін оқушыларға көмек көрсетемін, бағыт-бағдар беремін.Үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар беремін.Қабілеті жоғары оқушыларға тест тапсырмаларын таратамын. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1 «Акваруим» әдісі. Осы әдісті қолданғанда оқушылардың бойынан ерекше белсенділік, сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті. 2: Топтық жұмыс «Конвейер» әдісі өте табысты болды. Оқушылар таласып , белсенді, ынтымақтастықпен теңдеуді шешті. Менің байқағаным оқушылар аз уақыттың ішінде ұжымдық, топтық жұмысқа бейімделе бастағаны. Бұл мен үшін үлкен жетістік, табыс.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Оқушыларға жеке көңіл бөліп, және әр сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білсең сабақта үлкен жетістіктерге жететініңе көзім жетті. Оқушылар белсенді сабаққа қатысып отырды. Алға ілгерлеу байқалады. Дегенмен, көмек қажет ететін оқушылар әлі бар. Оларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырдым. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)