Материалдар / ТЕҢДЕУ.ТЕҢДЕУДІҢ ТҮБІРІ.ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТЕҢДЕУ.ТЕҢДЕУДІҢ ТҮБІРІ.ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып математика пәнінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2018
933
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар» КММ-нің

математика пәні мұғалімі Рахимова Жұлдыз Қадесқызы

І-деңгей мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Натурал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: «Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

Сабақ: 9-шы

Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова Ж.Қ.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтыңтақырыбы

Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеулерді шешу

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

5.2.2.1. Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу.

5.2.2.2. Теңдеулердің шығарылуының дұрыстығын тексеру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Теңдеу, оның жалпы түрі мен анықтамасын біледі. Қарапайым теңдеуді шешуді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:Мәтінді есептке теңдеу құра біледі. Белгісіз көбейткішті, азайтқышты, қосылғышты, бөлінгішті таба алады.

Кейбір оқушылар: Сурет бойынша берілген есептерге теңдеу құрастыра алады.Берілген теңдеу бойынша есеп мазмұнын құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Теңдеудің анықтамасын және оның жалпы түрін біледі.

  • Теңдеуді шешіп,түбірін таба алады.

  • Мәтінді есепке теңдеу құра алады.

  • Берілген теңдеуге есеп құрастыра алады


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: теңдеу, теңдеуді шешу, теңдеудің түбірін, оларды ажыратып айта алады.Есептерді талқылайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірінің пікірлерін тыңдап, ортақ шешім шығаруға дағдыланады.

Пәнаралық байланыс

физика, сызу

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Санды өрнектер және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Психологиялық ахуал. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»(Конфуций). Олай болса сабақ барысында әр оқушы жақсы жолмен жұмыс жасайды.


«Санамақ» әдісі бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу. Бағалау парақтарын үлестіру.


2.«Миға шабуыл» стратегиясы:

1.Санды өрнек деген не?

2.Өрнектің мәні деп нені айтады?

3.Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?

4.Әріптің мәні деп нені айтады?

5.Коэффициент деген не?

7.Көбейтудің қасиеттері?




Слайд

3






Бағалау парағы






Слайд №4

Сабақтың ортасы


Білу

3 мин






Түсіну

2мин





Қолдану


10 мин











Талдау


12 мин





































Жинақтау


10 мин

3.«Жаңа білімге көпір салу» әдісі арқылы «теңдеу» ұғымын қалыптастыру. Математикалық жұмбақ:

Бір сан ойла, оған 1 ді қос та, 2 ге көбейт, оған 14 ті қос

Қандай сан шықты? Яғни ойлаған санын айту оқушыға.

Осы жұмбақты өрнекпен жазып көрейікші. Біздің ойлаған санымыз белгісіз болып тұр.

(х+1)*2+14=20 x=2 теңдеудің түбірі –ойлаған сан

Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды.

Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу.

Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні.


4.« Джигсо » әдісі. Есептер шығару.

Топтық жұмыс.Теңдеулерді шешіңдер

Әр топтың бірлері: №413 1),2),3),4), есептері

Екіншілері:№414 5),6),7), 8), есептері

Үшіншілері: №415 1),2),3),4) есептері

Төртіншілері: №416 1),2) №417,№418

Бесіншілері: №432 1),2),3),4) есептері

Дескриптор

Белгісіз қосылғышты таба алады 1 бал

Белгісіз азайғышты таба алады 1 бал

Белгісіз бөлінгішті таба алады 1 бал

Белгісіз көбейткішті таба алады 1 бал

Есепке теңдеу құрып, шешімін таба алады 1 бал


5.« Ойлан, жұптас, бөліс » топтық жұмыс

I-топ.№421- 1, 5, №422- 3, №428- 3, №429-4


II-топ. №421- 3,4 №422- 1, №428 -1, №429- 3


ІІІ- топ №421- 2 №422-2, 5, №428-2, №429-1


ІҮ-топ №421-6 , №422-4,6, №429 -2,

Дескриптор

Теңдеуді шешеді,түбірін таба алады 1 бал

Теңдеу бойынша есеп құрастыра алады 1бал

Сызба бойынша теңдеу құра алады 1 бал


6. «Кім жылдам ?» Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары /барлық оқушыға/


1. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік:

А. әріпті өрнек В. санды өрнек С. теңдеу Д. теңдеудің шешімі

2. Теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету:

А. теңдеудің түбірі В. теңдеудің шешімі С. теңдеуді шешу Д. қосылғышты табу

3. Теңдеуді шеш: . (х + 97) : 28 = 4 А. 5 В. 20 С. 14 Д. 15

4.Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Дүкендегі орам матадан 16 м мата сатылды.Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап ,8 көйлек тігілді. Дүкендегі орам мата алғашқыда неше метр болған?

А.36 м В.40 м С.42 м Д.41 м

5. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймадағы ұннан 165 т ұн сатылған соң, қалған ұнды әрқайсысына 3 тоннадан 14 машинаға тиеді.Қоймада алғашқыда неше тонна ұн болған?

А.200 т В.216 т С.205 т Д.207 т


Дескриптор

Теңдеу анықтамасын біледі 1 бал

Теңдеуді шешу дегенді түсінеді 1 бал

Есепке теңдеу құра алады 1 бал

Теңдеудің шешімін таба алады 1 бал


Жауаптары: 1 С. 2 С. 3Д. 4В. 5Д.

Слайд

5













Оқулық












оқулық











































Слайд №6



Сабақтың соңы

3 мин.







Үйге тапсырма. №416 98 бет,№432 101 бет

Кері байланыс. «Бес саусақ»

оқулық




қолдың сызбасы таратпа қағаз






Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар қиналатын оқушыларға қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсетеді.

Дескриптор арқылы топты және жеке баланы бағалау, қалыптастырушы бағалауды әрбір тапсырмадан кейін жүргізіп отыру: «жақсы», «өте жақсы», «дұрыс», «жарайсың». «Бес саусақ» арқылы өзін-өзі бағалау.

АКТ қолднған кезінде техника қауіпсіздігін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!