400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Теңізге саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

«Теңізге саяхат»

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?!

Балалар: Сәлеметсіз бе?!

-Шеңберге тұрып; Доэдекадр арқылы бір-бірімізбен амандасып алайық!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

Көктем айында неше ай бар?

-Наурыз, Сәуір, Мамыр

Жарайсыңдар балалар! Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

-Бүгін күн жылы болып тұр.

Балалар бүгінгі ауа-райы ,Теңізге саяхатқа шығуға керемет мүмкіндік. Менің теңізге саяхатқа шыққым келіп тұр, менімен бірге саяхатқа шығасыздар ма?

-Иә

Балалар теңізге саяхатқа су көлігі кемемен шығамыз?

Олай болса мен капитан боламын, сендер жолаушы боласыздар, келістік пе?

-Иә

Жолаушылар кемеге жайғасайық, қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз! Теңізде көптеген су жануарлары бар. Теңіз терең, кемеден төмен қарап үңіліп қарауға болмайды.

Капитан: Теңізге саяхатқа шығуға дайынбыз ба?

-Иә

Кеттік ендеше (Дабыл дауысы шығады) жолаушылар кемеміз орнынан жылжымай тұр, кемеміз қозғалуы үшін тапсырма орындауымыз керек. Тапсырма орындай аламыз ба? (пернетақта)

-Иә

Теңізде қандай жануарлар өмір сүреді айтайықшы?

-Балық, шаян, итбалық т.б

Жарайсыздар!

Балық сусыз өмір сүре алама?

-Жоқ.

Кемені басқаратын маманды кім дейміз?

-Капитан.

(Дабыл дауысы шығады) жолаушылар, мұнымен тапсырмалар бітпеген сияқты. Топтық жұмыс: келесі «Теңізде мекендейтін жануарларды таап» тапсырманы орындайық.

Кемеміз орнынан қозғалады, толқын күшейеді, қарама қарсы бағытқа қозғалады, солай Аралға да келеміз. Жолаушылар кемеден түсеміз.

Серуен: Әуенмен қимылдар жасап жүру, тастардан айналып, секіру арқылы кедергілерден өту. Келе жатып, сандық тауып алады.

Жолаушылар сандықты ашып қарайықшы, ішінде не бар екен? Сандықтың ішінде түрлі түсті балықтардың суреттері бар екен, бір бірден ұнағанын алайықшы. Ендеше қолымыздағы суреттер арқылы үстел үстіне жайғасайық.

Жеке жұмыс: «Сары балық» үстелі: Құм терамиясына балықты мүсіндейді. «Көк балық» үстелі: Балықты ракушкамен әсемдеп жапсыру. «Қызыл балық» үстелі: аквариумдағы балықтың суретін салу.

Жарайсыңдар жолаушылар, тапсырманы өте жақсы орындадыңыздар! Мен үшін өте қызықты, естен кетпейтін саяхат болды. Ендеше кемемізге отырып, қауыпсіздік шарасын сақтап бөбекжайымызға оралайық.

Қорытынды: «Бақа әдісі» Балалар біз қайда саяхатқа шықтық? Саяхатқа немен шықтық? Саяхатта не тауып алдық? Қандай тапсырмалар орындадық? Сіздерге саяхатқа шыққан ұнады ма? Жарайсыңдар ақылды балалар! Сандықтың ішінде сендерге, тапсырманы өте жақсы орындағандарыңыз үшін «Теңіз саяхатынан» естелік «Алтын балық» тәттілері. Сендердің армандарыңыз әрдайым тез орындалсын!

















































Мен «Айналайын»бөбекжайының» тәрбиешісі Кашкинбаева Гүлназ Жанабайқызы . Сіздерге бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетімді ұсынамын





МКҚК «Айналайын»бөбекжайы»





Shape1

«Аналар-аяулылар, ардақтылар!»

































«Бәйшешек» орта тобы



Тәрбиешілері:Кашкинбаева Г.

Шонгаева А.

2024ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі