Терроризм - адамзатқа төнген қауіп
Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлкетті күйретуге ықпал еткен бірден – бір жаһандық мәселе десем артық айтқаным емес. Бұл қандай жағдайдан туындайды? Расымен де терроризм бір күнде пайда бола салған жоқ. Ол қай заманда да түрлі пішінде бар болатын. Терроризм – саяси немесе әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамның өзіне, көпшілікке тіпті мемлекетке қысым жасау, оларды қорқыту мақсатында жасалатын қасақана қылмыс. Бұл жағдай көбіне басқа ағымның жетегіне кетіп, діни сенімді бетке ұстап, алданып, арбалып жүрген еліміздің азаматтарының қаперіндегі басты ой. Елімізде тіпті шет елдерде де осы мәселе басты проблема көзіне айналып отыр. Ал осы проблеманың шешілу жолы әлі де табылар емес.
Еріккеннің ермегі әлде жәй елді дүрліктіру мақсатында ма?
Қаңтар айының жиырма алтыншы жұлдызында Ақтөбе қаласында әлде кім мектептерге барып, ойран саламыз, оқушыларды атамыз деп дүрбелең салып, әлемуттік желілерге оқыс қылықтарын жариялаған болатын. Тіпті күдіктілер оқушыларды қынадай қырамыз деп қыр көрсеткен. Тыныш жатқан тұрғындарға топалаң тудырған “Telegram” арнасындағы ақпарат болды. Алайда сотқа дейінгі тергеу шаралары ұйымдастырылып, осының барлығы 18 жастағы шет ел азаматының қылығы екендегі айқындалған болатын. Елге бос үрей тудырудағы басты мәселе неде екенін әлі ешкім ашып айта қоймады.
Дәл осы жағдайға ұқсас Ақтөбе қаласында тағы бір адам шошырлық террористік жағдай орын алған еді. 2016 жылдың 5 маусым күні бір топ террористер басып кіріп, қанды шайқас ұйымдастырған болатын. Осыған орай өңір басшысының тапсырмасы бойынша Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драмма театрында қоғамымыздағы азғырушы топтардың арбауына түсіп, адасқандарды тура жолға салу мақсатында “Есігімді қаққан кім” қойылымы қойылған болатын. Ондағы басты рөлді сомдаушы болып өзім ойнаған болатынмын. Оқиға қазақ отбасындағы тіршілік көзінен басталады. Немере бағып отырған қария мен ақ жаулықты ана, асыр салып ойнап жүрген балалар. Қызы мен күйеу баласы білімді азаматтар бола тұра теріс жолға түседі, үстеріне қара жамылып алып, Серияға атаннады. Біраз уақыттан кейін атасы мен әжесіне бауыр басқан кішкентай қыздарын да ертегі етеді. Қойылымның соңы қайғылы. Қара жамылып, Серияға аттанған жұп атыста оққа ұшады. Кішкентай қызды жиһаттарда оқытатын мектепке әкетеді. Ал елде қалған кәрі ана қайғыдан көз жұмады. Алматыдағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драмма театрының қоюшы режиссеры Нұрлан Жұбаниязов спектакльді сахналамас бұрын, дін танушы, имам, теологтардың көмегіне жүгінгенін айтады.
Терроризмді болдырмау немесе оған қарсы тұра білу де шарт екенін негізге ала отырып, міндетті түрде сақтықта жүру керектігін хабарлағым келіп отыр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Терроризм - адамзатқа төнген қауіп
Терроризм - адамзатқа төнген қауіп
Терроризм - адамзатқа төнген қауіп
Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлкетті күйретуге ықпал еткен бірден – бір жаһандық мәселе десем артық айтқаным емес. Бұл қандай жағдайдан туындайды? Расымен де терроризм бір күнде пайда бола салған жоқ. Ол қай заманда да түрлі пішінде бар болатын. Терроризм – саяси немесе әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамның өзіне, көпшілікке тіпті мемлекетке қысым жасау, оларды қорқыту мақсатында жасалатын қасақана қылмыс. Бұл жағдай көбіне басқа ағымның жетегіне кетіп, діни сенімді бетке ұстап, алданып, арбалып жүрген еліміздің азаматтарының қаперіндегі басты ой. Елімізде тіпті шет елдерде де осы мәселе басты проблема көзіне айналып отыр. Ал осы проблеманың шешілу жолы әлі де табылар емес.
Еріккеннің ермегі әлде жәй елді дүрліктіру мақсатында ма?
Қаңтар айының жиырма алтыншы жұлдызында Ақтөбе қаласында әлде кім мектептерге барып, ойран саламыз, оқушыларды атамыз деп дүрбелең салып, әлемуттік желілерге оқыс қылықтарын жариялаған болатын. Тіпті күдіктілер оқушыларды қынадай қырамыз деп қыр көрсеткен. Тыныш жатқан тұрғындарға топалаң тудырған “Telegram” арнасындағы ақпарат болды. Алайда сотқа дейінгі тергеу шаралары ұйымдастырылып, осының барлығы 18 жастағы шет ел азаматының қылығы екендегі айқындалған болатын. Елге бос үрей тудырудағы басты мәселе неде екенін әлі ешкім ашып айта қоймады.
Дәл осы жағдайға ұқсас Ақтөбе қаласында тағы бір адам шошырлық террористік жағдай орын алған еді. 2016 жылдың 5 маусым күні бір топ террористер басып кіріп, қанды шайқас ұйымдастырған болатын. Осыған орай өңір басшысының тапсырмасы бойынша Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драмма театрында қоғамымыздағы азғырушы топтардың арбауына түсіп, адасқандарды тура жолға салу мақсатында “Есігімді қаққан кім” қойылымы қойылған болатын. Ондағы басты рөлді сомдаушы болып өзім ойнаған болатынмын. Оқиға қазақ отбасындағы тіршілік көзінен басталады. Немере бағып отырған қария мен ақ жаулықты ана, асыр салып ойнап жүрген балалар. Қызы мен күйеу баласы білімді азаматтар бола тұра теріс жолға түседі, үстеріне қара жамылып алып, Серияға атаннады. Біраз уақыттан кейін атасы мен әжесіне бауыр басқан кішкентай қыздарын да ертегі етеді. Қойылымның соңы қайғылы. Қара жамылып, Серияға аттанған жұп атыста оққа ұшады. Кішкентай қызды жиһаттарда оқытатын мектепке әкетеді. Ал елде қалған кәрі ана қайғыдан көз жұмады. Алматыдағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драмма театрының қоюшы режиссеры Нұрлан Жұбаниязов спектакльді сахналамас бұрын, дін танушы, имам, теологтардың көмегіне жүгінгенін айтады.
Терроризмді болдырмау немесе оған қарсы тұра білу де шарт екенін негізге ала отырып, міндетті түрде сақтықта жүру керектігін хабарлағым келіп отыр.
шағым қалдыра аласыз













