Тест 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қақақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:  
А) Қоқан  
В) Қытай  
С) Жоңғария  
D) Ресей  
Е) Иран  
Дұрыс жауап: С

1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:  
А) Сәмеке  
В) Әбілқайыр  
С) Қайып  
D) Әбілмәмбет  
Е) Абылай  
Дұрыс жауап: С

Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:  
А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту  
В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу  
С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату  
D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату  
Е) Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету  
Дұрыс жауап: D

1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:  
А) Қарақұм  
В) Ұлытау  
С) Ордабасы  
D) Сарыарқа  
Е) Түркістан  
Дұрыс жауап: А

1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:  
А) Қазақ феодалдарының өз ара қырқысы  
В) Қазан, Хиуа хандықтарының қазақ жеріне шабуылы  
С) Цин императоры Кансидың өлімі  
D) Қазақтардың қарақалпақтар мен өзбектерге қарсы күресте әлсіреуі  
Е) Цин империясының қазақ жеріне шабуылы  
Дұрыс жауап: С

Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»:  
А) XVII ғ. 40 жылдары  
В) XVIII ғ. ортасы  
С) XVIII ғ. 20 жылдары  
D) XVIII ғ. 30 жылдары  
Е) XVIII ғ. 40 жылдары  
Дұрыс жауап: С

Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:  
А) 1723 жылы  
В) 1724 жылы  
С) 1726 жылы  
D) 1727 жылы  
Е) 1729 жылы  
Дұрыс жауап: А

Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті:  
А) Ходжентке  
В) Самарқанға  
С) Тобыл маңына  
D) Жайық бойына  
Е) Ырғыз бойына  
Дұрыс жауап: В

Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған:  
А) Сырдария маңы  
В) Шығыс Түркістан  
С) Ташкент  
D) Қаратау маңы  
Е) Жетісу  
Дұрыс жауап: Е

Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі:  
А) 1618жылы  
В) 1690жылы  
С) 1713жылы  
D) 1726жылы  
Е) 1729жылы  
Дұрыс жауап: D

Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған:  
А) Қабанбай  
В) Бөгенбай  
С) Райымбек  
D) Әбілқайыр  
Е) Абылай  
Дұрыс жауап: D

Аңырақай шайқасы болды:  
А) 1719-1920 жылдары.  
В) 1723-1725 жылдары.  
С) 1726-1727 жылдары.  
D) 1729-1730 жылдары.  
Е) 1740-1741 жылдары.  
Дұрыс жауап: D

1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:  
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді  
В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді  
С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді  
D) Жетісу өңірі толық азат етілді  
Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді  
Дұрыс жауап: А

1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:  
А) Аңырақай  
В) «Қалмақ қырылған»  
С) Аякөз шайқасы  
D) Орбұлақ шайқасы  
Е) Ойрантөбе  
Дұрыс жауап: В

Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры:  
А) Жоламан  
В) Бөгенбай  
С) Исатай  
D) Амангелді  
Е) Сырым  
Дұрыс жауап: В

Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:  
А) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет  
В) Сәмеке мен Әбілқайыр  
С) Сәмеке мен Әбілмәмбет  
D) Батыр мен Тақыр  
Е) Әбілқайыр мен Батыр  
Дұрыс жауап: В

Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы:  
А) 1712 жылы  
В) 1715 жылы  
С) 1718жылы  
D) 1720жылы  
Е) 1723жылы  
Дұрыс жауап: С

Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:  
А) 1711-1712жылы  
В) 1714-1715жылы  
С) 1718-1719жылы  
D) 1720-1721жылы  
Е) 1724-1725жылы  
Дұрыс жауап: Е

Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі:  
А) Ресей көмегін алу қолайлы болды  
В) Жоңғарларды жақтатуға қолайлы болды  
С) Азық-түлік алуға қолайлы болды  
D) Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды  
Е) Әлсіреген жағдайда шегінуге ыңғайлы болды  
Дұрыс жауап: D

Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында  
А) Жүздік негізде  
В) Әскердің түрі бойынша  
С) Жүйесіз  
D) Әскердің санына қарай  
Е) Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды  
Дұрыс жауап: Е

Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:  
А) 1726жылы  
В) 1729жылы  
С) 1731жылы  
D) 1733жылы  
Е) 1735жылы  
Дұрыс жауап: С

Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:  
А) IПетр  
В) Анна Иоанновна  
С) Елизавета Петровна  
D) I Павел  
Е) I Александр  
Дұрыс жауап: В

XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:  
А) Батыр сұлтан  
В) Тәуке хан  
С) Абылай хан  
D) Әбілқайыр хан  
Е) Сәмеке хан  
Дұрыс жауап: D

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:  
А) Төле ұлы,Ақбайұлы  
В) Ғабитұлы,Жанжігітұлы  
С) Бөгенбай батыр,Баян батыр  
D) Құндағұлұлы,Қоштайұлы  
Е) Аманұлы,Темірұлы  
Дұрыс жауап: D

1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:  
А) 29 старшын  
В) 28 старшын  
С) 25 старшын  
D) 20 старшын  
Е)21 старшын  
Дұрыс жауап: А

Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:  
А) Т.Чебуков  
В) В.Степанов  
С) В.Татищев  
D) М.Гагарин  
Е) А.Тевкелев  
Дұрыс жауап: Е

1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс  
А) Жәміш  
В) Ор  
С) Өскемен  
D) Железинск  
Е) Коряков  
Дұрыс жауап: В

Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:  
А) Қарсыластарының сағын сындыру  
В) Мал шаруашылығын дамыту  
С) Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру  
D) Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету  
Е) Отырықшылықты дамыту  
Дұрыс жауап: С

1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы :  
А) И.Кириллов  
В) В.Татищев  
С) А.Тевкелев  
D) Зернов  
Е) В.Степанов  
Дұрыс жауап: В

Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:  
А) Әбілпайыз  
В) Қайып  
С) Әбілмәмбет  
D) Барақ сұлтан  
Е) Нәдір шах  
Дұрыс жауап: D

Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын:  
А) 1731-1734 жылдары  
В) 1735-1737 жылдары  
С) 1737-1738 жылдары  
D) 1738-1739 жылдары  
Е) 1739-1740 жылдары пайдаланды.  
Дұрыс жауап: В

1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:  
А) Хиуа хандығы  
В) Қытай  
С) Жоңғария  
D) Иран  
Е) Ресей  
Дұрыс жауап: D

Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды?  
А) 1730-1731 жыл  
В) 1737-1738 жыл  
С) 1741-1742 жыл  
D) 1743-1744 жыл  
Е) 1748-1749 жыл  
Дұрыс жауап: С

Орынбор қаласының салынуы  
А) 1734 жылы  
В) 1736 жылы  
С) 1743 жылы  
D) 1747 жылы  
Е) 1749 жылы  
Дұрыс жауап: С

1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:  
А) Жоңғар шабуылына тосқауыл қою  
В) Қазақ жерін Қытайдан қорғау  
С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу  
D) Қазақ өлкесінде қала мәдениетін дамыту  
Е) Орта Азия шапқыншылығынан қорғау  
Дұрыс жауап: С

1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы  
А) Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына мал өткізуге тиым салу туралы  
В) Орта жүзде әскери бекіністер салу туралы  
С) Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы  
D) Айшуақ сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту  
Е) Жантөре сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту  
Дұрыс жауап: С

1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан:  
А) Батыр сұлтан  
В) Қайып сұлтан  
С) Барақ сұлтан  
D) Нұралы хан  
Е) Шерғазы  
Дұрыс жауап: В

XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп  
А) Горькая шебі  
В) Ертіс шебі  
С) Колыван шебі  
D) Орынбор шебі  
Е) Омбы шебі  
Дұрыс жауап: С



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі