Тест 8 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен 8 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құрастырған: Мурынбаева Б.Т.


Қазақ әдебиеті

8 сынып

І тоқсан

1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.

А) «Манас» жыры

В) «Ер Тарғын» жыры

С) «Алпамыс батыр» жыры

D) «Қобыланды батыр» жыры


2. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.

А) Мұсылмандық жолы

В) Құдайға құлшылық ету

С) Ғылым-білім

D) Сопылық ілімнің негізі


3. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –

А) Тәкаппар болма

В) Мал табуға асықпа

С) Ұмытшақ болма

D) Дүние-мүлікті сатпа


4. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?

А) Талпынып салдым егінді,

Ішсін деп әркім тегінді.

В) Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке.

С) Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін.

D) Араз болсаң алты ауыз,

Еліңе кірген әреке.


5. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?

А) Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,

Сен - жібексің, мен - жүнмін,

С) Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа.

D) Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің.

ауабын жасыру

6.Үзіндіні кім және қандай жағдайға айтқанын көрсет.

«Хан ием... өміріңше асқар тауың құламасын, көлеңкелі дарағың солып, қуармасын. Ақ сақалды әкеңнің барар жері жұмақ болсын, ақ шашты анаңның жүрген жері саялы тау болсын. Сені құдай ұлыңнан, туғандарыңнан айырмасын. Көзіңді жұмғанша құдай сені ақ дініңнен айырмасын!»


А.Баяндаушының тыңдаушыға берген батасы

В.Бамсы-Байрақтың тойында Қорқыт Атаның Баяндүр ханға берген батасы

С.Жорыққа аттанар сәтте Қорқыт атаның ханға берген батасы

Д.Қорқыт Атаның Бамсы-Байрақ туғанда Байбөріге берген батасы



Жауабын жасыру

7.Қай үзіндіде автор бейнесі көрінеді?

Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді.

Менің атымның озып шыққаны есіңде жоқ па? Екеуміз садақ атысан түскенде сенің ұшып бара жатқан оғыңды атып түсірген жоқ па едім?

Сен таңертең биік тау басына ақ шатыр тігуші едің, жылқыңның бәрі жүйрік еді. Жасауылдарың әділетті еді.

«О, көпестер, маған сыйлық бергілерің келсе су айғырын, анау садақ пен шоқпарды беріңдер», – деді бала.

Көпестер оған: «Ол – Байбөрінің баласы, аты Бамсы болса керек», – деді.



8.«Даналық кітабы» жинағындағы дастандар жанры қалай жазылған? Тақырыптар тобын анықта.

А.Дастандар халықты ақиқат жолындағы күреске үндеу мақсатында жазылған

В.Дастандар халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде жазылған

С.Дастандар сопылық тақырыбын негізгі арқау ете отырып, халық фольклоры үлгісімен жазылған

Д.Көркем шығарма

9. Терминге сәйкес келетін анықтаманы көрсет.

Тура мінездеу – ...

А.кейіпкер айналасындағы бір нәрсені не әрекеттерді суреттеу арқылы кейіпкердің мінезін ашады

В.әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу

С.кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай сол қалпында суреттейді

Д.Барлығы дұрыс


10. Қай жауап көнерген сөз бола алмайды?

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз?!

Күдеріден бау тағып,

Ақ кіреуке киер ме екеміз?

А.Ақ кіреуке

В.Күдері

С.Күрең

Д. бау


11. Заттың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытып, түбір тұлғада келетін көріктеу құралы –...

А.эпитет

В.теңеу

С.метафора

Д. Синекдоха

12. Ақтамберді Сарыұлы. «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы

автордың бейнесіне лайық қатарды көрсет.

А.Батыр, дана, көреген, жыршы

В.Батыр, зергер, садақшы

С.Батыр, жомарт, қолбасшы, шешен

Д. Барлығы дұрыс


13. Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет»толғауындағы көркемдегіш құралдың түрін атаңыз.

Араз болсаң алты ауыз,

Еліңе кірген әреке.

А.психологиялық параллелизм

В.перифраз

С.сатира

Д.ирония


14. Қандай көркемдегіш құрал?

Талпынып салдым егінді,

Ішсін деп әркім тегіңді.

А.ирония

В.перифраз

С.сатира

Д.психологиялық параллелизм



15. Қандай көркемдегіш құрал?

Бар арманым, айтайын,

Батырларша жорықта,

Өлмедім оқтан, қайтейін..

А.психологиялық параллелизм

В.ирония

С.перифраз

Д.сатира


16. Ақтамберді жырау осындай көркемдегіш құралды неліктен пайдаланған?

Араз болсаң алты ауыз.

А.Қалып қойған ұғымды түсіндіру үшін

В.Татуласу ұғымын асқақтату үшін

С.Араздасу ұғымын келеке ету үшін

Д.Жауласу ұғымын перифраздау үшін


17. Ақтамберді жырау осындай көркемдегіш құралды неліктен пайдаланған?

Бар арманым, айтайын:

Батырларша жорықта,

Өлмедім оқтан, қайтейін

А.батырларша ұғымын параллель қою үшін

В.құрметті өлім ұғымын алмастыру үшін

С.арман мен батыр ұғымдарын шендестіру үшін

Д.оқ пен батыр ұғымдарын салыстыру үшін

18. Ақтамберді жырау осындай көркемдегіш құралды неліктен пайдаланған?

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке.

А.масқара, ұят ұғымдарын алмастыру үшін

В.береке мен келеке ұғымдарын салыстыру үшін

С.келеке ұғымын күлкімен шендестіру үшін

Д.татулықтың негізгі ой екенін көрсету үшін


19. Берілген анықтамаға сәйкес келетін терминді анықта.

Өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелі құрал.

А.Эллипсис

В.Гротеск

С.Сатира

Д.Ирония


20. Қандай көркемдік құрал бар екенін тап.

Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас,

Күңге қамқа тон кигізсең де, ханым болмас,

Жапалақ-жапалақ қар жауса да, жазға бармас.

А.Перифраз

В.Гротеск

С.Психологиялық параллелизм

Д.Ирония



Қазақ әдебиеті 8-сынып ІІ тоқсан

1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз.

А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау

В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту

С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу

D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету


2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған?

Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.

Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,

Біз түгілі осыларды да алған қоныс.

А) Үш қиян

В) Сарыарқа

С) Әттең, қапы дүние-ай

D) Қазтуған


3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды?

А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі

В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы

С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы

D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы


4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды?

А) Екі жастың елден қашуымен

В) Жастарды өлтіру шешімімен

С) Еңлік пен Кебектің өлімімен

D) Ақынның түйінді ойымен


5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді?

А) ел жақсыларын

В) орыс ақындарын

С) ағартушы Ыбырайды

D) кемеңгер Абайды






6. Үзіндіден көркемдегіш құралды анықта.

Мен қауіп еткеннен айтамын:

Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін ...

А.Эпитет

В.Метафора

С.Теңеу

Д. Метонимия


7. «Сарыарқа» толғауында кездесетін жер-су атауларын тап.

А.Жем, Сағыз, Қобда,Торғай

В.Қостанай, Торғай, Жем, Сағыз

С.Жем, Сағыз, Есіл, Торғай

Д. Есіл, Торғай


8. «Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» және «Сарыарқа» толғаулары қандай идеяға негізделгенін анықта.

А.Өткенге деген өкініш

В.Туған жерге деген мұң-зары

С.Құтсыз қонысты тастау

Д.Би-болыстардың қанауы



9. Автор «Үш қиян» мен «Сарыарқада» жеті жұрт көшкен жұрт тарихын қайта-қайта ауызға алып, оқырманға нені еске салатынын тап.

А.Болашаққа деген сенім

В.Өткеннің қатесін қайталамау

С.Би-болыстардың әрекеті

Д.Ел үшін күрес



10. Қырғыз ақыны Қатаған сөзінен не байқауға болатынын көрсет.

Келіп қапсың байқамай,

Өлетұғын жеріңе.

Қазулы тұрған көріңе,

Көрсетейін көзіңе.

Ажал айдап келген соң,

Саған өлім тегін-ді.


А.Жамандық тілеу

В.Достыққа шақыру

С.Өзін мақтау

Д.Сес көрсету


11. Сюжеттегі тартыстың кезеңі, оқиғаның алғаш шиеленісе бастаған кезеңі қалай аталатынын анықта.

А.Оқиғаның дамуы

В.Оқиғаның шешімі

С.Оқиғаның шиеленісуі

Д.Оқиғаның шарықтау шегі



12. Термин мен анықтаманы сәйкестендір.

Адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі бұл ...

А.Оқиғаның шешімі

В.Оқиғаның байланысуы

С.Оқиғаның шиеленісуі

Д.Оқиғаның шарықтау шегі



13. Тобықтының биі, ақылды, әділ би, дала заңына бағынып, қатал үкім шығарушы.

А.Көбей

В.Нысан абыз

С.Кеңгірбай

Д. Кебек

14. Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастан үзіндінің идеясына сәйкес келетін мақал-мәтелді көрсет.

Сол үйге кіріп келсе «кеш жарық» деп,

Жатпақ түгіл болған жоқ тамағын жеп.

Ол кезде шай болмайды, сусыны – құрт,

Ұсынды қарсақ жон қып езіп әкеп.

А.Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес.

В.Құтты қонаққа — тәтті тамақ.

С.Дастарқанда нан жоқ —

Д.Тамақта мән жоқ.


15. Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін кімге арналғанын белгіле.

А.өзіне

В.жастарға

С.көпшілікке

Д.Абайға



16. Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде кімді ұстаз тұтқанын анықта.

А.Әл-Фарабиді

В.Шығыс ақындарын

С.Абайды

Д.Әкесін



17. Әдеби сын дегеніміз – ...

А.бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді.

В.көркем шығармаға эстетикалық баға береді.

С.әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді.

Д.барлық жауап дұрыс.


18. Кебекті суреттеудегі көркемдегіш құралдарды анықта.

Он бесінде Кебектің аты шықты,

Атты, жаяу – бәріне бірдей мықты.

Көзі өткір, қараторы жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.

А.теңеу

В.эпитет

С.метафора

Д.әсірелеу



19. Кебектің Нысан абызға қойған шартын көрсет.

А.Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт.

В.Алар ақың бар болса, мойныма арт.

С.Ай, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт!

Д.Балыңа не түссе де жасырмай айт.



20. Еңліктің сөзінің мағынасын аш.

Кер кеткен кеселдіге душар болдым,

Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

Оң қолының бармағы тағы шолақ,

Бармақсыз қол ұстауға қандай олақ.

Нышаны жоқ бет-аузында сақал, мұрттан,

Бұрын да естуші едім жайын сырттан.

Еңлік атастырылған жігітін өзінің теңі емес деп есептейді.

А.Еңлік оны жақтырмайды.

В.Өзін одан құтқаруды сұрайды.

С.Кебекке сырын ақтарады.

Д.Барлық жауап дұрыс.









Қазақ әдебиеті 8-сынып ІІІ тоқсан


1. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?

А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді.

В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды.

С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.

D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.


2. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?

А) Текебай

В) Қабылбек

С) Момыш

D) Үбиан


3. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз.

А) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш

В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді

С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады

D) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор


4. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз.

А) Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің.

В) Бота көз сахарада қына терген,

Кім екен жапан түзде сені көрген?

Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,

Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!

С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самалы,

Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?

D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды,

Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды.

Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды,

Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.

5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.

А) Бала мен ананың шарасыздығы

В) Ананың аққуларды атуы

С) Жетімкөлдің аққусыз қалуы

D) Ауру баланың өлімі

6.Сәрсенбайдың кім екенін анықта.

А.Ауыл молдасы

В.Балаларды оқытуға келген мұғалім

С.Жамалдың нағашысы

Д.Жамалдың әкесі


7. Сәрсенбайдың баласына Ғазиз деп ат қоюының себебін көрсет.

А.Бала оқытуға келген жас молданың құрметіне қойды

В.Арғы аталарының бірінің атымен атағысы келді

С.Жамалдың қалауымен осылай атады

Д.Әйелі Шолпанның өтінішімен солай атады


8.Жамалдың Жұманнан таяқ жегеннен кейін қандай оймен үйінен қашып шыққанын анықта.

А.Ғалидың нағашыларынан көмек сұрау үшін аттанды

В.Қаладағы Фатихолла байдың қызметін жасап, соны паналауды ойлады

С.Ғалиға деген сағынышын басу үшін зиратына баруды ойлады

Д.Ата-анасынан көмек сұрау үшін еліне аттанды


9. аҒали мен Жамалдың ойын-сауықта танысқаннан кейінгі оқиғаны анықта.

А.Ғали Жамалға сезімін білдіреді

В.Ғали Жамалды алып қашады

С.Екеуі қолдарына домбыра алып айтысады

Д.Екеуі жеке кездесіп, Жамал Ғалиға басындағы қайғысын айтады



10. Үзінді шығарманың қай бөлігінен екенін анықта.

Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті — менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен.

А.Шығарманың басы

В.Пролог

С.Шығарманың соңы

Д.Шығарманың ортасы


11.Шығармада қыз ұзату мен үйленуге байланысты қандай салт-дәстүрді жан-жақты сипаттағанын тап.

А.сыңсу

В.жар-жар

С.беташар

Д.барлық жауап дұрыс


12. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасында Май мерекесіне орай өткізілген ұлттық ойын.

А.көкпар

В.алтыбақан

С.жамбы ату

Д.аударыспақ


13.«Ұшқан ұя» шығармасының идеясын анықта.

А.елдік намысты қайрау

В.ұлттық тәрбиені насихаттау

С.отаншылдыққа тәрбиелеу

Д.барлық жауап дұрыс


14.«Әпке» драмасының оқиғасы қалай басталатынын көрсет.

А.Сұлтанның туған күніндегі кикілжіңнен

В.Кішкентай Ермектің досына ренжуінен

С.Тимурдың үйлену туралы жаңалығынан

Д.Қабен мен Қамажайдың кездесуінен



15.аПікір қай кейіпкердің сөйлеу стилін танытанын тап.

«Отбасы – кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Отбасы басшысының бойында ұстамдылық, көрегендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша, отбасы басшысы нәзік дипломат болғаны да жөн».

А.Көрші әйел

В.Тимурдың досы Сұлтан

С.Қамажайдың аспирант інісі Омар

Д.Нәзиланың құрбысы Гауһар


16.Жақша ішінде бөлек берілген сөйлемдерге тән термин атауын анықта.

(Сахна төрінен Қамажай мен Қабеннің тұлғалары көрінеді. Қараңғыдан шығып, олар бері жақындайды).

А.пьеса

В.монолог

С.ремарка

Д.диалог

уабын жасыру

17.Шығарманың қалай аяқталатынын тап.

А.Қамажайдың туған күніне жайылған дастарқанмен.

В.Ермектің мектепке баруымен.

С.Камила мен Қамажайдың ренжісуімен.

Д.Қамажайдың жұмысқа шығуымен.

уабын жасыру

18.Шығармадағы Тимурдың достары арқылы автордың айтпақ болған ойын анықта.

А.жастардың ана тілге, ұлттық салт-дәстүрге немқұрайлы қарауы

В.заман ағымына қарай қалыптасып келе жатқан жастар бейнесі

С.албырт шақта жіберілетін қателіктер

Д.барлық жауап дұрыс


Жауабын жасыру

19.«Аққулар ұйықтағанда» шығармасы эпикалық жанрдың қай түріне жататынын көрсет.

А.оқиғалы өлең

В.дастан

С.сюжетсіз поэма

Д.сюжетті поэма

Жауабын жасыру

20.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының композициялық құрылымын анықта.

А.прологті, үш бөлімді, эпилогті қамтиды

В.прологтан бөлек екі тарауға бөлінген

С.үш бөлімнен, эпилогтен құралған

Д.төрт бөлімге бөлінген
























Қазақ әдебиеті 8-сынып ІҮ тоқсан


1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.

А) Жапанда жалғыз нардың кезігуі

В) «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі

С) Күйшілердің жолдағы әңгімесі

Д) Қыздың әкесіне қолқа салуы


2. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты белгілеңіз.

А) Пролог, жанама мінездеу

В) Эпилог, тура мінездеу

С) Эпилог, жанама мінездеу

Д) Пролог, тура мінездеу


3. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасының идеясы не?

А) Айдағы жасырынбақ

В) Жер тазалығын сақтау

С) Ай табиғатын зерттеу

Д) Көлеңке қоюлығын анықтау


4. «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесін анықтаңыз.


А) Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі

Ә) Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі

Б) Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі

В) Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі



5. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс, бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім ....................................... толы.» Көп нүктенің орнына тиістісін қойыңыз.


А) кек пен қасіретке

В) мұң мен шерге

С) қиял мен шындыққа

Д) ыза мен жек көрушілікке



6.Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесініңүзіндісінде қандай құндылық дәріптелгенін анықта.

Жер бізге қара аспанға іліп қойған шар тәрізденіп көрініп тұрды. Алғашқы кезде оған қарай беретінбіз, бірақ кейіннен көзіміз үйреніп кетті.

А.адамгершілік

В.шешендік

С.батырлық

Д.эстетикалық


7. Ж. Сахиев «Дабыл» әңгімесінің идеясын анықта.

А.ежелгі таңбаларды дәріптеу

В.мамандыққа адалдық

С.туған жер қасиеті

Д.барлық жауап дұрыс


8. Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінде

Сартай мен Мергеннің көлеңкенің құпиясы жайлы баяндауынан кейінгі оқиғаны анықта.

А.сұрақтарына нақты жауап таба алмау

В.ай бетін зерттеушілерден мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізу

С.сол жағдайды үшеуінің бірдей бақылауы

Д.әкесінің жағдайдың себебін түсіндіруі


9. Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінде

Сартай мен Мергеннің Айда серуендеп жүріп не үшін үрейленгенін анықта.

А.алдарынан шыққан беймәлім нысанның түрінен шошыды

В.үйлеріне қайтар жолды таба алмай қалды

С.бір-бірінен адасып қаламыз ба деп қорықты

Д.ойламаған жерден жауған жаңбырдың астында қалды


10. Ж. Сахиев «Дабыл» шығармадағы көне жазу табылған тас Қазақстанның қай өңірінде болғандығын анықта.

А.Тараз маңында

В.Талас өзенінің бойында

С.оқиға орны көрсетілмеген

Д.Ақтау жерінде


11. Ж. Сахиев «Дабыл» әңгімесінде «Біз сіздерді асыға күтеміз, аспан адамдары!» деген тасқа қашалып жазылған жазу қандай таңбамен жазылғанын тап.

А.Талас жазуымен

В.кириллицамен

С.атын алфавитімен

Д.араб таңбасымен


12. Перифразға тән қатарды анықта.

А.Перифраз заттың, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді

В.Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады

С.Перифраз ойдың мағыналық экспрессивтігін, әсерлілігін күшейтеді

Д.Барлық жауап дұрыс


13. «Дабыл» әңгімесінің үзіндідегі тұрақты тіркестің мағынасын анықта.

Ал енді былай шығып, бой жазсақ қайтеді ет піскенше.

Мына тау табиғатын тамашалайық.

А.серуендесек

В.ойлансақ

С.сырлассақ

Д.әңгімелессек


14. Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі Қарауылдың адамдары Ләйләні көргенде не айтатынын анықта.

А.сезімі бүтін, ақылы дұрыс қыз

В.адамдар қол-аяғының саулығына, он екі мүшесінің амандығына шүкір етсін деп жаратқан

С.көпке қиған бақыттың өзіне зар болған сормаңдай

Д.мәңгі бақи бала кейіпте қалған бейбақ


15. Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі

Ләйләнің неліктен қолдары мен аяқтарына ешкімнің көзі түспесе екен деп зар қағатынын анықтап көрсет.

А.қолдары тым үлкен әрі егде тартқан, аяқтары жетілмей қалғандықтан

В.oң қолының саусақтары мен сол аяғының башпайлары үсіп кеткендіктен

С.оң қолы білектен төмен, сол аяғы тізеден төмен кесілгендіктен

Д.қолы мен аяқтары қисық өскендіктен


16. Ләйлә мен Айдың бір-бірін қимай жатуының себебін анықта.

Ай да, қыз да бір-бірімен ажыраса алмай, бірін-бірі қимай ұзақ аймаласты. Жарық Ай Ләйлә-қызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет Айды түн қойнына қимаған.

А.Ләйлә аудан басшыларына еріп, аулынан кететін болған соң, терең сайдағы Айды енді көре алмайтындығын біледі

В.Ләйлә өзінің денесінен әл кетіп жатқанын, өмірден өтетінін сезіп жатты

С.Аймен сырласып жүргенінің ақылға қонымсыз дүние екендігін түсінді

Д.Енді Құмармен сырласатын болғандықтан, аймен біржола қоштасты



17. Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің идеясы

А.Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

В.Экологияның зардаптарын көрсету.

С.Адамдардың қатігездігін әшкерелеу.

Д.Ауыл өмірін насихаттау.


18. Ләйләнің не себепті тек Аймен ғана сырласатынын анықта.

А.Ләйләнің ауыл адамдарымен сөйлескісі келмегендіктен.

В.Ләйләні ауыл тұрғындары мүгедек деп елемегендіктен.

С.Ләйләнің бар мұң-зарын, қайғы-қасіретін ешкім түсінбегендіктен.

Д.Барлық жауап дұрыс.


19. Ләйләнің неліктен Қатираның алдында жыламағанын анықта.

Қатираның ащы тілі сумаңдап, Ләйләнің бала жүрегін қып-қызыл қан-жоса етіп тілгілеп, пара-парасын шығарып, түтіп жатыр, түтіп жатыр. Бұрын осындайда жанына тиер сөзді естігенде шыр-пыр болып, зар қағып, жылап еңірейтін қыз бұл жолы бедірейіп қатқан қалпы өңі қуарып, Қатирадан көзін алмады.

А.оның сәлден соң ашуы қайтатынын біледі

В.осы жолы өзінің қателігін мойындады

С.оның өзіне қол көтеретінін сезеді

Д.оның алдында өзін мүсәпір көрсеткісі келмеді


20. Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгіме үзіндідегі көркемдік құралды анықта.

Жан тапсырған төсектегі қыз суретін ұзақ аймалаған Ай биіктеп, жылжып кетті.

А.эпитет

В.метафора

С.теңеу

Д.метонимия






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі