400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестаталушы педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-нұсқа

1. Сындарлы оқытудың мақсаты:

а) алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді

пайдалану

b) Басқалардың ойлау үдерісі туралы ойлау

c) Пәнді оқу және өткенді қайталау

d ) Өткен тапсырмаларға ой жүгірту

e) Білуін қамтамасыз етуге дағдыландыру, ой өрісін дамыту

2. Когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан басымдыққа ие болған жылдары мен зерттеушінің аты-жөні:

a) 1958 жылдары Говард Гарднер

b) 1960 жылдары Жан Пиажен

c) 2006 жылдары Хельга Хайс

d ) 1968 жылдары Авраам Маслоу

e) 1976 жылдары Флейвелл

3. Авраам Маслоу 1968 жылы зерттеген қажеттіліктер иерархиясын деңгейге бөліп қарастырған саны:

a) үш деңгейге бөліп қарастырды

b) сегіз деңгейге бөліп қарастырды

c) бес деңгейге бөліп қарастырды

d) он деңгейге бөліп қарастырды

e) екі деңгейге бөліп қарастырды

4. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан алынған» мәтінді оқыңыз:

2010ж. орта мектеп жасындағы оқушылардың он алты жеке тобының жазғы семестрі ішінде өздерінің көзқарастары бойынша «тиімді оқыту» не екенін анықтау үшін шағын топтарда сауал жасалды.

Атап айтқанда, «қызықты оқыту» деген сөз тіркесімен не айтқысы келетінін анықтауға тырыстық. Сабаққа қатысуды Дарема мектептеріндегі негізгі мектеп бөлімдерінің маманы арнайы оқу инспекторы жүзеге асырды.

Біздің әңгімеміз екі әртүрлі блок бойынша өткізілді.

Әңгімелесу шарасының екі блогын да Дарема білім беруді дамыту қызметінің мүшелері өткізді. Осындй сапарлардың мақсаты жалпы алғанда бөлімнің даму бағыттары мен әлеуеті туралы суммативтік және формативтік кері байланы салу болды. Оқу күні ішінде оқушылардың топтары белгілі бір пән бойынша оқыту туралы пікір алмасу үшін кездесіп отырды.

Жүргізілген зерттеудің негізіндегі қолданған әдісті анықтаңыз:

a) үш деңгейге қарастырылған сауалнамалар

b) басқалардан көшіріп жазу әдістерін, оқуға деген ынталарын

c) метакогнитивті стратегиялардың үйрету деңгейі

d) өздерінің пікірімен сәйкес келетін, сөз орамдарымен, сауал өткізген кісінің түсіндіргенімен емес, өздерінің пікірін қарастырғаны

e) оқуы туралы жүйелі пайымдаулар

5. Мұғалім қазақ тілі сабағында зат есімнен құралған сөз тіркестерін беріп, сөйлем құрауды ұсынды...

Мұнда ойлаудың қандай түрін дамытты:

a) Қолдану (білімді пайдалану)

b) Нақты ақпаратты пайдалану

c) метакогнитивті стратегиялар

d) Білім (өз білімдерін есте түсіру)

e) оқуы туралы жүйелі пайымдаулар

6. Бұл ғалым «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым – қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай – ақ білім берудің қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны өрбітті.

a)Выготский

b) Александр

c) Хетти

d) Роджерс

7. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілін кең таратқан ғалымды атаңыз....

a) Маслоу 1968

b) Блум 1956

c) Хетти 2009

d) Роджерс 1983

8. Оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтыққа берген Выготскийдің атауы

a) Өзекті даму

b) Жақын арадағы даму аймағы

c) Жақын арада даму емес аймағы

d) Жақын жердегі даму аймағы

9.......... – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

a)Сыни тұрғыдан ойлау

b) Сапа

c) Рефлективтік білім беру

d) Бағалау

10........... – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

a)Оқыту

b) ЖАДА

c) Метатаным

d) Бағалау

11. О'Малли оқудың 3 стратегиясын көрсеткен жыл -

a) 1985 ж

b) 1987 ж

c) 1970 ж

d) 1972 ж

e) 1965 ж

12. Ойлау дағдыларының деңейі – ойлау үшбұрышын 1956 жылы әзірлеген автор -

a) Макаро

b) Руни

c) Блум

d) Рубин

e) Гриффис

13. Маршрут картаның негізгі қағидалары:

a) дайындық, икемділік, жауапкершілік

b) дайындық, жауапкершілік

c) тапқырлық, икемділік, жауапкершілік, қолдану, бағалау

d) дайындық, тапқырлық, икемділік, жауапкершілік, рефлексия

e) түсіну, талдау, қолдану, рефлексия

14. «... 10 сыныптағы ең нашар оқушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол өзінің нашар оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты жасырғысы келеді. Өкінішке қарай, ақымақ болып көрінбеу үшін ол қолданатын стратегиялар сабағын жақсартуға кедергі келтіреді». ... оқушының сипаттамасы келтірілген

a) Салли

b) Ханна

c) Дайв

d) Сэм

e) Альма

15. Мазмұнды оқу дегеніміз не?

a) Мазмұнды оқу – бұл оқушыға тіл үйретудегі тиімділікті қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы.

b) Мазмұнды оқу – бұл оқу барысының әрбір қатысушысы үшін жайлы жағдай жасауды ең басты мәселе ретінде қоятын оқу түрі.

c) Мазмұнды оқу – бұл оқушылардың мәтінді оқуына және ережелерді дұрыс түсінуіне көмек көрсетуде ымды, визуалды белгілерді қолдану және өзге де көмек көрсету.

d) Мазмұнды оқу – бұл сіз нені оқып-үйренгеніңіз бен қалай оқып-үйренгеніңіз туралы ойлаудың арасындағы айырмашылық.

e) Мазмұнды оқу – бұл оқушыға мәтінді үйрету

16.Ванг және басқалар (2004) «Біз өзгермейтіндік» деген ұғым жоқ деп ойлаймыз, негізгі құзіреттер әрбір бала үшін жарамды.Сонымен қатар когнитивтік құзыреттер бала ұйымдастырушылық қызметке қатысатын белгілі бір мәдениеттерге, әлеуметтік және физикалық жағдайларға, сондай - ақ бала қабылдайтын талаптарға сәйкес-

a) мәдени – әлеуметтік

b) әлеуметтік – жағдайяттық

c) әлеуметтік – когнетивтік

d) әлеуметтік – эмоцияналдық

17. « Эксперементальды» оқыту немесе «жаңалық ашу жолымен оқыту» идеясын өмірге әкелген когнетивтік психолог әрі теоретик?

a) Роджерс

b) Джером Брунер

c) Блум

d) Флейвелл

18. Оқушының танымдық қабілеттері шегіндегі оқудағы кедергілердің үлгісі қалай аталады?

a) диспракция

b) метатаным

c) дислекция

d) интерактив

19. Төменде берілген стратегиялардың ішінен Гриффистің (1985 ж) стратегияларының ерекше түрінің бірін көрсетіңіз.

a) мақсатқа бағытталғандық

b) жақсы оқу

c) тәртіптілік

d) жақсы сөйлеу

20. Стенxауздың пікірінше, «қандай іс-әрекет басқалармен көңілді және жемісті өзара әрекет ету арқылы тәжірбиені байытуға» тиіс?

a) сөйлеу

b) ойлану

c) ойнау

d) оқу

21. Тулвингтің зерттеулері бойынша адамның оқиғаларды, белгілі бір тәжірибеден шығаратын ойларын, идеяларды, қағидаттар мен қағидаларды, тұжырымдамаларды есте сақтауға қатысатын жадының түрі:

a) қысқа мерзімді жады

b) рәсімдік жады

c) семантикалық жады

d) эпизодтық жады

e)жұмыс жадысы

22. Тұлғаның танымдық үдерісіне жатпайтын қасиет

a) зейін

b) қабілет

c) ойлау

d) ес

e) түйсіну

23.Оқушының оқу үдерісіндегі жасайтын әрекеті, ақыл- ой қабілеттілігі және физикалық мінез-құлқы Гриффис атап көрсеткен стратегияның 6 ерекшелігінің қайсысына жатады?

a) саналылық

b) мақсатқа бағытталғандық

c) таңдаушылдық

d) бақылау

e) белсенділік

f) тілді оқу

24. Қандай стратегияда орындалған іс-әрекет Марта Бронсон айқындаған өзін-өзі реттеудің 4 саласының бірі – эмоциялық реттеуге жатады?

a) Алға басуды бақылау және тиісті тәсілмен көмек іздеу.

b) Ересектердің көмегінсіз жеке ресурстарды таба алу;

c) Негізді шешім қабылдау және таңдау жасау;

d) Бірге және кезектесіп жұмыс істеу;

e) Өз мүмкіндігін білу;

25. Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасында оқушының белсенділігі жоғары болатын оқуға бағытталған іс-әрекетті табыңыз.

a) Оқытуды мұғалім басқарады.

b)Оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді.

c) Оқу материалы дәріс түрінде ұсынылады.

d) Оқушы белсенді серіктес болып табылады.

e)Оқушылар өздерін-өздері ынталандырады.

26.Кәсіби тұтастық дегеніміз не?

a) тұғырлық теорилық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуы;

b) бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер;

c) ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалу әдістемесі.

d) Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдік құндылықтарын ұстануы;

27. Когнитивті ойлауды дамыту теориясын зерттеген педагог.

a) Выготский

b) Флейвелл

c) Пиаже

d) Маслоу

28. Білім алуда қандай бағалау аса пайдалы

a) жиынтық

b) формативтік

c) ресми

d) биресми

29. 5 «А» сыныбының оқушысы Маратқа тапсырма берілді. Оқушыға «алмұрт» деген сөз айтылады, ол затты көзді жұмып тұрып, қайда тұрғанын, бөлмедегі заттарға шолу жасап, барлық заттарды қайталап шықты. Ол көзін ашқаннан кейін де мұғалім заттарды қайтадан сұрады. Мұғалім бұл тапсырма арқылы оқушының қандай қабілетіне назар аударды.

a) зияткерлік ақыл ой

b) когнитивті

c) сөйлеу

d) уәж

30.Мадидің анасы күнделікті жұмыстан шаршап келеді. Ол өзінің ұлына: «Сен, тыныш отырсаң, мен саған құрастыратын ойыншық сатып беремін», - дейді. Анасы кешке жұмыстан келгенде, Мади анасынан «Құрастыратын лото ойынын алып келдіңіз бе?»,- деп сұрайды. Анасы ұмытып кетеді. Екі күн өтті анасы әлі ол ойыншықты баласына алып берген жоқ. Балаға жалған уәдемен алдап келеді. Өзін – өзі сыйлауда Бандураның өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін факторларының бірі:

a) Пішіндеу - «Жанама тәжірибе»

b) Тәжірибе - Қол жеткізілген нәтиже

c) Физиологиялық факторлар

d) Әлеуметтік сенім


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
1758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі