400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест "XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен алғашқы дайындаған материалымды 9-сынып оқушыларына арнап отырмын.Бұл тек қана 9-сынып оқушыларына ғана емес,11-сынып оқушыларына да өте қолжетімді деген ойдамын.Олай айтуымның себебі дәл осы тақырыптар бойынша ҰБТ-ға дайындық барысында да бірнеше сұрақтар кездесіп жатыр және осы сұрақтар бойынша оқушылар арасында қателесу де басым екенін мойындау керек.Міне,сол үшін де оқушыларға кішкентай болсын көмегім тисін деген мақсатпен бұл материалды дайындап отырмын.Бұл тесттің бірден-бір тиімді тұсы, бала бұл сұрақтар тізбегін оқи отыра, бірден жауабын жаттап отыратын болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы(тест)

Жыраулар поэзиясы:Елдің тыныштығын армандап,халықтың мақсат-мұратын жырлаған жыраулар қазақ тарихында үлкен орын алады.Олардың көбі өз заманындағы хандардың кеңесшісі болған.Олар өз жырларында халықты бірлікке,ел болуға шақырған.

Жыраулардың шығармашылығана тән ортақ сипат-философиялық терең афоризм,шешендік сөз байлығы.

1.Өз заманының ақылгөйі-Асан қайғы өмір сүрді?

А)XI

B)XV

C)X

D)XIII

E)XVІ

Нақты жауабы:В

2.Өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған, «Қырымның қырық батыры»жырының авторы?

А)Мұрын жырау

B)Марғасқа жырау

C)Бұқар жырау

D)Қазтуған жырау

E)Ақтамберді жырау

Нақты жауабы:А

3.«Алаң да алаң, алаң жұрт»жырының авторы?

А)Шалкиіз жырау

B)Жиембет жырау

C)Үмбетей жырау

D)Қазтуған жырау

E)Асан қайғы

Нақты жауабы:Д

4.17 жасында Бұлантыдағы соғысқа қатысқан,қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан қорғаған белді батырлардың бірі,жырау?

А)Кетбұға жырау

B)Шалкиіз жырау

C)Ақтамберді жырау

D)Доспамбет жырау

E)Бұқар жырау

Нақты жауабы:С

5.«Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?!»деп өзінің туған жеріне өлең жолдарын арнаған жырау?

А)Доспамбет жырау

B)Жиемет жырау

C)Қожаберген жырау

D)Марғасқа жырау

E)Ақтамберді жырау

Нақты жауабы:А

6.М.Әуезов:«Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп,алғашқы рет халық қамын ойлап,күңіренген қария .?. »

А)Шал ақын

B)Марғасқа

C)Доспамбет

D)Шалкиіз

E)Асан қайғы

Нақты жауабы:Е

7. «Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан

Бозбаламен күліп-ойнап,

Қымыз ішер күн қайда?!» Доспамбет жыраудың қай өлеңінен алынған үзінді?

А) «Боз үстінде от жаққан»

B) «Белгілі биік көк сеңгір»

C) «Көлде жүрген қоңыр қаз»

D) «Басыңа біткен күніңіз»

E) «Айналайын,Ақ Жайық»

Нақты жауабы:Е

8.Астрахань қаласында дүниеге келген жырау?

А)Доспамбет жырау

B)Бұқар жырау

C)Сыпыра жырау

D)Марғасқа жырау

E)Қазтуған жырау

Нақты жауабы:Е

9.Үмбетей жыраудың әкесінің есімі?

А)Бортоғашұлы

B)Тілеуұлы

С)Құлекеұлы

D) Толыбайұлы

E)Қалқаманұлы

Нақты жауабы:В

10)Шал ақынның тұңғыш өлеңі ?

А) «Боз үстінде от жаққан»

B) «Саясы жоқ бәйтерек»

C) «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

D) «Басыңа біткен күніңіз»

E)«Арғымақ ат кімде жоқ»

Нақты жауабы:С





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
3842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі