ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды автокөліктерді және тракторларды қалай диагностикалауын танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазахстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)






«Келісілген»

Колледж әдіскері

________ А.Б. Куандыкова

«____»____________2025 ж.

«Бекітілген»

Оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарымен

________А.З. Касенова

«____»____________2025 ж.





КМ 01. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету

«Авмобильдер мен тракторлар»

пәні бойынша

Ашық сабақ


Тақырыбы: ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ





Дайындаған: Бәкенов Б.

Автомобильді механикалық пәндер (циклды) комиссиямен құпталады

Комиссия төрағасы _______Исаев Ж.А.

Хаттама № « »______2025ж.









Семей қаласы 2024/2025 оқу жылы

«Абай облысы Білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)


Сабақ жоспары



ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ

(сабақтар тақырыбы)



Дайындаған оқутышы:

Бәкенов Б.


«__28__» ______05_______ 20_25_ года


1. Негізгі ақпарат

Курс, топ: 2 курс 21 ДМк

Сабақтың түрі: Аралас

2. Сабақтың мақсаты:

- білімділік: білім алушыларды автокөліктерді және тракторларды қалай диагностикалауын танысу.

- дамытушылық: ой-өрісін дамытуға, жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, ақпарат көзімен жұмыс істей алуына, алған білімдерін топтастыра алуына мүмкіндік жасау

- тәрбиелік: саналы түрде тәртіпті және мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға жағдайды қамтамасыз ету, жұмыс барысында тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жағдайларды жасау, оқу барысында керекті дербес дағдыларға үйрету, сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, ұжымда жұмыс істей алуға үйрету..-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

3. Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық проекторы, презентация

Пәндер байланысы: Жол құрлыс машиналары, Жол-құрылыс машиналарының агрегаттарына, тораптарына және бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету

Қолданылатың технология: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясы, ойын түрі.

Сабақ типі: Зертханалық жұмыс

Сабақ көрнекіліктері: оқулық, аспаптар, презентация.


Әдебиеттер:

1. Автокөліктермен тракторлар, Роговцев В.Л.

2. Автомобильдің құрлысы және пайдаланылуы, П. Жүнісбеков.

3. Автокөлік құрлымы А.Ордабаев,А.Серіков







Сабақ құрылымы:

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

І

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

ІІ

Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру

1 мин

III

Үй жұмысын тексеру

13 мин

ІV

Жаңа тақырыпты түсіндіру

30 мин

V

Тапсырмаларды орындау

10 мин

Бекіту

10 мин

VІІ

Үй тапсырмасы

1 мин

VІІІ

Сабақ қорытындысын шығару

1 мин

ІХ

Рефлексия

3 мин


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, сабаққа қатысушыларды тексеру, киім үлгісін тексеру, журнал толтыру, топқа бөлу. Студенттер кірген кезде үстелден 2 түс тұрады сол бойынша таңдап түс бойынша отырады.


ІІ Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: білім алушыларды автокөліктерді және тракторларды қалай диагностикалауын таныстыру.

III Үй жұмысын тексеру:

Ең алдымен өткен тақырыпқа байланысты ребус ойынын ойнаймыз.





































ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ

Құрылыста қолданылатын тиегіштер - әртүрлі жүктерді (сусымалы, кесек, дара, пакеттелген, ұзын өлшемді т.с.с.) тиеп -түсіруге, оларды жақын аралыққа жылжытуға, жинақтау және қосалқы жұмыстарды орындауға арналған өздігінен жүретін әмбебап машиналар. Тиегіштердің әмбебаптығы жедел ажыратылатын алмастырмалы атау тізімі жоғары жұмыс органдарымен - сыйымдылығы мен типі әртүрлі шөміштер; ашалы, жақты және жинақтағыш қармауыштар; аспалы қопсытқыштар, бұрғылар т.с. сияқтылармен қамтамасыздануында.

Бір шөмішті, ашалы тиегіштерді периодты әсерлі, ал көп шөміштілерді үздіксіз әсерлі тиегіштер дейді. Бір шөмішті және ашалы тиегіштер жұмыс органын тиеу, тасымалдау және түсіру (босату) жұмыстарын циклды түрде әрқайсысын жеке және бірінен кейін бірін тізбектеп орындайды. Ал көп шөмішті тиегіштерде жұмыс органын толтыру, жүктен арылу жұмыстары бір уақытта, қатарлас және үздіксіз өтеді.

Бір шөмішті тиегіш.

Бір шөмішті тиегіштерді негізінен үйілген, майда кесек, дара жүктерді тиеп-түсіру, жылжыту және қоймалау үшін, сонымен қатар, жатып қалмаған I, II және III категориялы табиғи топырақтарды экскавациялау мен өзі түсіргіштерге тиеу (немесе үйіндіге төгу) үшін пайдаланады. Мұндай тиегіштердің негізгі жұмыс органы - шөміш. Бір шөмішті тиегіштерді жүру құрылғысына қарай-шынжыртабанды (тракторлар негізінде), пневмодоңғалақты (арнаулы шасси мен тартқыштар негізінде) және жартылай шынжыртабанды; жұмыс органын жүктен босату тәсіліне қарай - жартылай бұрылысты, алғы шепті, аспалы және құрама тиеу жабдықтарымен қамтылған деп айырады.

Алғы шепті тиегіштер шынжыртабанды, доңғалақты шассиде және тракторларда негізделеді де, шөмішті машинаның алдыңғы жағынан кез-келген нүктеде берілген биіктікте төгілуін қамтамасыз етеді. Доңғалақты тиегіштердің қозғау жабдығы, әдетте, барлық төрт доңғалағы жетекші, ал тірек қаңқасы қатаң немесе топсалы қосылысқан болады.

Қаңқасы топсалы қосылысқан тиегіштер (43-сурет) жоғары мобильді, маневрлі, сондықтан қысылшаң тар жерде ұтымды қолданылады. Тиегіштің жұмысшы жабдықтарының үлгілік жинағына - порталды қаңқаға 7 топсалы қосылысқан «П» пішінді жебе 4, оны көтеруші (машинаның әр жағына бірден) қосарланған екі гидроцилиндр 6, шөміш 1, оны басқаруға арналған екі күйентеден 3, бұру тартқыштарынан 2 және шөмішті бұратын екі гидроцилиндрден 5 тұратын, топсалы-иінтіректі механизм жатады. Топсалы-иінтіректі механизм топыраққа (тиелінуші затқа) енген шөмішті толтыруды, босатуды және бұруды (артқа лақтыруды), сонымен қатар, жебені көтеріп-түсірген қалпында ілгерілемелі жылжуын қамтамасыз етеді. Асылған жабдықтар гидроцилиндрлері базалы трактордың гидравликалық жүйесінен жетек алады.

43-сурет. Алғышепті тиегіш


Жартылай бұрылмалы тиегіш (44-сурет) шөмішті және басқа да жұмысшы органдарды алға және машина ось бойынан екі жаққа (әр жағына 900 -тан аса) жүктен арылуды қамтамасыз етеді. Мұндай тиегіш арнаулы пневмодоңғалақты екі белдігі де жетекші шассиден, бұрылмалы платформаға жинақталған тиегіш жабдықтан тұрады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің қуат көзі ретінде, артқы басқару белдігінің үстіне орналасқан дизель 2 (44, а-сурет) қолданылады. Бұрылмалы платформа 9 шарикті (немесе аунақшалы) тіреуіш-бұрылу дөңгелегі 10 арқылы жүру механизмінің қаңқасына 1 сүйенеді де, тиегіштің қаңқа бүйірлеріне бекітілген екі гидроцилиндрдің әсерімен вертикаль ось маңайында 1800-қа бұрылады. Гидроцилиндрлердің соташықтары өзара, бұрылмалы платформаның жұлдызшасын орап өтетін, аунақшалы шынжыр арқылы байланысқан (44, б-сурет).

Бұрылмалы платформада ауысымды жұмысшы органымен 7 жебе 5 және тең салмақ 3 орналасқан. Жебенің көтерілуі мен түсуі гидроцилиндрмен 8 орындалады. Ауысымды жұмысшы орган жебенің және топсалы-иінтіректі механизмнің 6 алдыңғы басына орналасқан. Шөміш толтырылғанда және босағандағы оның жебеге қарағанда бұрылуы (вертикаль жазықтықта) гидроцилиндрдің 4 әсерімен қозғалатын топсалы-иінтіректі механизм 6 арқылы жасалады. Жебені көтеріп түсірген сәтте сол механизм арқылы шөміш ілгерілемелі қозғалады. Жебені және ауысымды жұмысшы органды басқаратын гидравликалық жүйе қуат алу білігімен қосылған сорғыдан жұмыс атқарады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің жұмысшы циклы алғы шепті тиегіштікінен айырмашылығы - шөмішті босатып жүкті түсіру үшін машинаның қозғалуының қажеті жоқ. Жүкті машинаның қай жағына болмасын түсіруге болады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің бұл ерекшелігі жұмыс циклының ұзақтығын алғы шепті тиегішке қарағанда 30...40 % кемітуге және тиеу жұмыстарын таршылық алаңда атқаруға мүмкіндік береді.




44 - сурет . Жартылай бұрылмалы бір шөмішті тиегіш


Бір шөмішті тиегіштердің ауысымды жұмысшы органдары мен аспалы жабдықтары 45-суретте берілген.



Көп шөмішті тиегіштерді сусымалы және майда кесекті жүктерді (құмды, малта тасты, қиыршық тасты, қожды) көлік жабдықтарына тиеуге, сонымен қатар, оларды іргетас ойықтарын т.с.с. көмуге қолданады. Жүру органдары пневмодоңғалақты немесе шынжыртабанды болады, заттарды роторымен, тырмалаушы дискісімен немесе табанымен, көп шөмішті конвейердің шнектерімен өндіреді. Құрылыста шөмішті конвейерлі және тырмалаушы шнекпен жабдықталған пневмодоңғалақты тиегіштер көп тараған (47-сурет). Оның көлбеу орналасқан шынжыр-шөмішті конвейерден 4, тырмалаушы бұрамалы (шнекті) қоректендіргіштен 3, таспалы конвейерден 5 тұратын тиегіш жабдықтары арнаулы өзі жүретін пневмодоңғалақты шассиге жинақталған. Материалды қоректендіргішке жақсы жеткізу үшін иірліктің арты қайырмамен 2 көмкерілген. Тиелуші зат қайырма күрекпен қармалып, бұрама қоректендіргішпен үздіксіз жүретін шөміштерге беріледі, олар жүкті жоғары көтеріп таспалы конвейердің

қабылдаушы құрылғысына түсіреді де, конвейер заттарды одан ары тиеу










Сұрақ

Жауап

Жартылай бұрылмалы тиегіш (44-сурет) шөмішті және басқа да жұмысшы органдарды алға және машина ось бойынан екі жаққа (әр жағына 900 -тан аса) жүктен арылуды қамтамасыз етеді. Мұндай тиегіш арнаулы пневмодоңғалақты екі белдігі де жетекші шассиден, бұрылмалы платформаға жинақталған тиегіш жабдықтан тұрады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің қуат көзі ретінде, артқы басқару белдігінің үстіне орналасқан дизель 2 (44, а-сурет) қолданылады.


Бұрылмалы платформада ауысымды жұмысшы органымен жебе және тең салмақ орналасқан. Жебенің көтерілуі мен түсуі гидроцилиндрмен орындалады. Ауысымды жұмысшы орган жебенің және топсалы-иінтіректі механизмнің алдыңғы басына орналасқан. Шөміш толтырылғанда және босағандағы оның жебеге қарағанда бұрылуы (вертикаль жазықтықта) гидроцилиндрдің әсерімен қозғалатын топсалы-иінтіректі механизм арқылы жасалады.


Көп шөмішті тиегіштерді сусымалы және майда кесекті жүктерді (құмды, малта тасты, қиыршық тасты, қожды) көлік жабдықтарына тиеуге, сонымен қатар, оларды іргетас ойықтарын т.с.с. көмуге қолданады.


Құрылыста қолданылатын тиегіштер - әртүрлі жүктерді (сусымалы, кесек, дара, пакеттелген, ұзын өлшемді т.с.с.) тиеп -түсіруге, оларды жақын аралыққа жылжытуға, жинақтау және қосалқы жұмыстарды орындауға арналған өздігінен жүретін әмбебап машиналар. Тиегіштердің әмбебаптығы жедел ажыратылатын алмастырмалы атау тізімі жоғары жұмыс органдарымен - сыйымдылығы мен типі әртүрлі шөміштер; ашалы, жақты және жинақтағыш қармауыштар; аспалы қопсытқыштар, бұрғылар т.с. сияқтылармен қамтамасыздануында.


Бір шөмішті, ашалы тиегіштерді периодты әсерлі, ал көп шөміштілерді үздіксіз әсерлі тиегіштер дейді. Бір шөмішті және ашалы тиегіштер жұмыс органын тиеу, тасымалдау және түсіру (босату) жұмыстарын циклды түрде әрқайсысын жеке және бірінен кейін бірін тізбектеп орындайды. Ал көп шөмішті тиегіштерде жұмыс органын толтыру, жүктен арылу жұмыстары бір уақытта, қатарлас және үздіксіз өтеді.


Бір шөмішті тиегіштерді негізінен үйілген, майда кесек, дара жүктерді тиеп-түсіру, жылжыту және қоймалау үшін, сонымен қатар, жатып қалмаған I, II және III категориялы табиғи топырақтарды экскавациялау мен өзі түсіргіштерге тиеу (немесе үйіндіге төгу) үшін пайдаланады.


Алғы шепті тиегіштер шынжыртабанды, доңғалақты шассиде және тракторларда негізделеді де, шөмішті машинаның алдыңғы жағынан кез-келген нүктеде берілген биіктікте төгілуін қамтамасыз етеді. Доңғалақты тиегіштердің қозғау жабдығы, әдетте, барлық төрт доңғалағы жетекші, ал тірек қаңқасы қатаң немесе топсалы қосылысқан болады.


2002 жылы ИСО комитеттері ИСО 19011 «Сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта аудиті бойынша жетекші нұсқаулар» стандартын дайындады және енгізді




















VI Бекіту: Басқару жүйелерінің жұмыс жасау принципі тақырыбы бойынша асықтар ойынын ойнау,сұрақтарға жауап беру.

  1. Құрылыста қолданылатын тиегіштер?

  2. Бір шөмішті жұмыссы ?

  3. Бір шөмішті тиегіш қандай құрлыста қолданылады?

  4. Жартылай бұрылмалы тиегіш?

  5. Көп шөмішті тиегіштерді?

  6. Алғы шепті тиегіштер?

VIІ Үй тапсырмасы:

Конспектіні мазмұндау.


VІІI Сабақ қорытындысын шығару

Пәннің жалпы мақсаттарын қайталау, оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді атап өту.



ІХ Рефлексия

Осы сүреттер бойынша тандау жасау қажет:




Пән оқытушысының қолы: _______________________Бәкенов Б.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2025
43
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі