Маңғыстау облыстық білім басқармасының
Маңғыстау ауданы білім бөлімінің
«Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Тиімді саралау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бір қадам»
Автордың тегі, аты, әкесінің аты: Изтурганова Дарига Жаксылыковна,
Шындыбаева Гүлжайнат Шындыбайқызы
Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны: Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы, с.Шетпе
Т.Ерниязов көшесі
2-33-49
Автордың мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, с.Шетпе
Шетпе-1, 59/2 үй
Байланыс телефоны: +7 (702) 168-81-87
+7 (708) 369–96-39
e-mail: darikow89@gmail.com
Аңдатпа
Осы жобаның мақсаты – С деңгейлі оқушының өзіне сенімділігін арттыру арқылы оның білім деңгейін В деңгейіне көтеру. Бұл мақсатқа тиімді саралау әдістері арқылы қол жеткізу жоспарланған. Оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай тапсырмалар ұсынылып, әрбір оқушының белсенділігі мен өзіне деген сенімі жоғарылайды. Жоба нәтижесінде оқушылардың топта жұмыс жасау дағдылары жетіледі, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мен коммуникация орнату жүзеге асады. Горизанталды жоспарлау арқылы мұғалімдер арасында сабақтар үйлесімді өткізіліп, педагогикалық жұмыстар жеңілдетіледі.
Аннотация
Цель данного проекта – повысить уверенность учащихся уровня С и перевести их на уровень В. Для достижения этой цели используются эффективные методы дифференциации. Для каждого ученика подбираются задания, соответствующие их индивидуальным потребностям и способностям, что способствует повышению их уверенности в себе и активности. В результате проекта улучшатся навыки работы в группе, будет налажено общение между учителями, а также организовано горизонтальное планирование, что облегчит работу педагогов.
Annotation
The goal of this project is to increase the self-confidence of students at level C and raise them to level B. This will be achieved through effective differentiation methods. Tasks are tailored to meet the individual needs and abilities of students, boosting their confidence and participation. As a result, students will improve their teamwork skills, communication between teachers will be enhanced, and horizontal planning will be implemented to streamline the teaching process for educators.
Кіріспе
«Ұстаз болу – өз уақытың аямау,
өзгенің бақытын аялау»
Ж.Ж. Руссо
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігіне байланысты, олардың даму деңгейіне сай оқу бағдарламаларын ұсыну маңызды. Кейбір оқушылар жаңа тақырыпты тез меңгерсе, кейбіреулері қосымша түсіндіруді қажет етеді. Осы тұрғыда, оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен білім деңгейін арттыру үшін тиімді саралау әдістерін қолдану қажет. С деңгейлі оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру арқылы оларды В деңгейіне көтеру — білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын маңызды бағыт болып табылады. Үлгерімі төмен оқушылардың білім алуына әсер ететін факторлар әртүрлі: оқу материалының күрделілігі, мотивацияның төмендігі, әлеуметтік жағдай, психологиялық мәселелер және т.б. Осы бағдарлама үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған саралау әдістерін тиімді пайдалану жолдарын ұсынады.
Бағдарламаның мақсаты:
-
Үлгерімі төмен оқушылардың оқу мотивациясын арттыру;
-
Саралау әдістері арқылы оқытудың тиімділігін жоғарылату;
-
Оқушылардың өзіндік оқу дағдыларын қалыптастыру;
-
Танымдық белсенділікті арттыру арқылы пәнге деген қызығушылықты күшейту.
Міндеттері:
-
Саралау әдістерін жүйелі түрде қолдану;
-
Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау;
-
Қызықты және интерактивті оқыту әдістерін енгізу;
-
Оқушылардың өзін-өзі бағалау және рефлексия жасау дағдыларын дамыту;
-
Жарыс элементтері арқылы ынталандыруды күшейту.
Күтілетін нәтижелер:
-
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
-
Оқу үлгерімі жақсарады;
-
Өзіндік білім алу дағдылары дамиды;
-
Сабаққа белсенді қатысу деңгейі жоғарылайды;
-
Оқушылардың ынтымақтастығы нығаяды.
Өзектілігі:
С
деңгейлі оқушылардың білімін В деңгейіне көтеру, олардың өзіне
деген сенімділігін арттыру қазіргі білім беру жүйесінің басты
талаптарының бірі болып табылады. Бұл бағытта тиімді саралау
әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылату
және олардың әлеуметтік дағдыларындамытумаңызды.
Жаңашылдығы: Жоба аясында оқушылардың жеке
қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар ұсыну және топта жұмыс жасау
дағдыларын дамыту арқылы білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер арасында горизонталды
жоспарлау әдісін енгізу сабақтардың үйлесімділігі мен сапасын
арттыруға жол ашады.
Негізгі бөлім
Бұл бағдарлама үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, үлгерімін саралау арқылы жақсартуға, олардың білім алуға деген ынтасын күшейтуге және әлеуметтік жағдайдың оқу процесіне тигізетін әсерін ескеруге негізделген. Бағдарлама аясында алдымен үлгерімі төмен оқушылар анықталады. Бұл процесс бірнеше әдістер арқылы жүзеге асады: бағалау нәтижелерін саралау, сабақтағы белсенділікті бақылау, мұғалімнің жеке бақылауы, оқушының әлеуметтік жағдайын зерттеу және ата-аналармен байланыс орнату. Үлгерімнің төмендеуіне тек академиялық қиындықтар ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және психологиялық факторлар да әсер ететінін ескере отырып, әр оқушының жеке жағдайы зерттеледі. Оқушыларды анықтағаннан кейін, оларды қолдау мақсатында саралау әдістері қолданылады. Бұл әдістер оқу мазмұнын, тапсырмалар деңгейін, оқыту үдерісін және бағалау түрлерін әр оқушының қажеттілігіне қарай бейімдеуді қамтиды. Мысалы, материалды жеңілдетіп беру, оқушының қарқынына қарай тапсырмалар әзірлеу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты тәсілдер қолданылады.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – оқушыларды жарыс элементтері арқылы ынталандыру. Олар үшін білім беру процесін қызықты әрі тартымды ету мақсатында викториналар, командалық жарыстар, шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылады. Мұндай әдістер оқушылардың ынтасын арттырып, олардың сабаққа белсенді қатысуына ықпал етеді. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға ерекше назар аударылады. Оларға мектеп тарапынан қосымша қолдау көрсету, тегін сабақтар ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету сияқты көмектер қарастырылады. Ата-аналармен байланыс орнатып, оқушының үйдегі оқу жағдайын жақсарту жолдары қарастырылады.
Саралау – оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, оқыту әдістерін бейімдеу үдерісі
Саралау әдістері арқылы оқушылардың өзіне сенімділігін арттыру үшін оқуда қиындық келтірген оқушылар үшін 2023-2024 оқу жылына арналып арнайы жоспар құрып, жоба жасақталды. Қыркүйек айындағы «кіру» тестінің нәтижесі және сабақ процесі кезінде қиындық тудырған 6-сынып оқушыларын саралап алып, зерттеу жұмыстары басталды. Оқушыларға өткен тараулары бойынша арнайы тапсырмалар дайындалды. Сараланып алынған оқушылармен жұмыс жасаудың тиімділігі білім бәйгесінің екінші сатысында-ақ оң көрініс тапты. Оқушылар басқа сыныпта оқитын өзі қатарлас сыныптастарынан алға озуға ұмтылып, сыныбының және өзінің абыройы үшін алғашқылардың қатарынан болуға бар күштерін салды. Білім алушылар қатысатын кез-келген дода, олимпиадаларға оқуда үздік оқушылар ғана қатысатыны баршамызға мәлім. Үлгерімі төмен оқушылардың да сондай жарыстарға қатысқысы келетіні, бірақ өзіне деген сенімділі жоқтығынан алға басып шыға алмайтын. Ал бұл жобамыз осындай оқушыларды қолдауда таптырмас мүмкіндік болды. Ескере кететін бір жағдай оқушыларды жарысқа тарту барысында олардың ар ождандарына нұқсан келтірмеу. Келесі кезеңдерде оқушылардың көзінен ұшқын білініп жарысқа деген қызығушылықтары арта түсті. Оқушылардың мұғалімдермен байланысы айтарлықтай жақсара түсті.
Саралау әдісі оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар беру арқылы олардың оқу деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы өз күштеріне сенімділік артып, оқу процесіне белсенді қатыса бастайды. Саралау әдісін қолдану, С деңгейлі оқушыларға оңтайлы тапсырмалар ұсыну олардың білімін В деңгейіне көтеруге септігін тигізеді. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімін арттырып, оқу мотивацияларын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Саралау – оқыту үдерісінде әр оқушының жеке қабілеті мен оқу деңгейін ескере отырып, тиімді оқыту стратегияларын қолдану әдісі. Бұл тәсіл оқушылардың пәнді игеруін жеңілдетіп, олардың қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға ықпал етеді. Саралау әдістерін дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушылардың қажеттіліктеріне сай тапсырмалар ұсынып, олардың өз деңгейінде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді.
1. Мазмұн бойынша саралау
Мазмұн бойынша саралау кезінде оқушылардың білім деңгейін ескеріп, тапсырмаларды бейімдеу маңызды рөл атқарады. Бұл әдіс - оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес тапсырмалар дайындауды көздейді. Яғни, кейбір оқушыларға қарапайым сұрақтар берілсе, басқалары күрделі аналитикалық тапсырмаларды орындайды.Оқыту материалдары жеңілден күрделіге қарай құрылып, біртіндеп тереңдетіледі. Бұл оқушының түсіну деңгейіне сәйкес оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда оқушыларға қосымша материалдар ұсынылады. Бұл олардың білімін толықтыруға және жаңа ақпаратты игеруіне көмектеседі.
2. Үдеріс бойынша саралау
Үдеріс бойынша саралау оқушылардың оқу қарқынын, жұмыс жасау стилін және қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту әдістерін икемдеуге бағытталады: Кейбір оқушылар жылдам меңгерсе, басқаларына көбірек уақыт қажет болады. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды әр оқушының жұмыс қарқынына қарай ұсынуы керек. Жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға болады. Жұптық және топтық жұмыстар ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың бір-біріне көмектесуіне жағдай жасайды. Практикалық және шығармашылық тапсырмаларды түрлендіру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады. Ойын элементтері, жобалық жұмыстар және тәжірибелік сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянады.
3. Нәтиже бойынша саралау
Нәтиже бойынша саралау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда әртүрлі тәсілдерді қолдануға негізделеді: оқушылардың оқу нәтижелеріне байланысты әртүрлі бағалау әдістері пайдаланылады. Мысалы, кейбір оқушылар тест тапсырмаларын жақсы орындай алса, басқалары эссе немесе жоба қорғау арқылы өз білімін көрсете алады. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын дамыту оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Олар өздерінің және сыныптастарының жұмысына сыни көзбен қарап, кері байланыс беру арқылы білімдерін жетілдіреді. Кері байланыс жүйесін енгізу арқылы мұғалім оқушылардың қандай қиындықтарға тап болғанын анықтап, қажетті қолдау көрсете алады.
4. Қолдау деңгейі бойынша саралау
Оқушылардың оқу процесінде әртүрлі деңгейдегі қолдауды қажет ететінін ескере отырып, мұғалімдер сараланған әдістерді қолданады. Мұғалімнің қолдауы қажет оқушыларға жеке нұсқаулар беріледі. Кейбір оқушыларға қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сабақ барысында қосымша уақыт беріледі. Көмекші материалдар, сызбалар, үлгі жауаптар ұсынылады. Көрнекі құралдар мен визуалды материалдар оқушылардың жаңа ақпаратты жеңіл қабылдауына ықпал етеді. Оқушыларға бағыт-бағдар беретін құралдарды пайдалану олардың оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды. Мұндай құралдар оқушылардың өзіндік білім алуын дамытуға көмектеседі.
Бағдарламаны жүзеге асыру төрт кезеңнен тұрады:
-
Диагностикалық кезең – оқушылардың білім деңгейін, оқу мотивациясын және әлеуметтік жағдайын зерттеу.
-
Жоспарлау кезеңі – саралау әдістерін сабақ жоспарына енгізу, оқушыларды топтарға бөлу, бағалау критерийлерін дайындау.
-
Іске асыру кезеңі – сабақ барысында саралау әдістері мен жарыстарды қолдану.
-
Қорытынды кезең – бағдарламаның тиімділігін бағалау, оқушылардың жетістіктерін саралау, болашақта жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бағдарламаны жүзеге асыру жоспары
|
№ |
Кезеңдер |
Бағыттар |
Мазмұны |
Мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Диагностикалық кезең |
Оқушыларды анықтау |
✅ Бағалау нәтижелерін саралау |
1-2 апта |
Пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі, |
|
Жеке оқу траекториясын жасау |
✅ Оқушылардың пәндік үлгеріміне талдау
жасау |
3-4 апта |
Пән мұғалімдері, әдіскер, |
||
|
|
Жоспарлау кезеңі |
Саралау әдістерін таңдау |
✅ Саралау әдістерін таңдау және сабақ жоспарына енгізу ✅ Әр
пән бойынша жеке консультациялар жүргізу |
5-6 апта |
Пән мұғалімдері, әдіскер, мектеп әкімшілігі |
|
Ата-аналармен жұмыс |
✅ Ата-аналарға арналған жиналыс
өткізу |
7-8 апта |
Сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналар комитеті |
||
|
3 |
Іске асыру кезеңі |
Сабақ барысында саралау әдістерін қолдану |
✅
Деңгейлік тапсырмалар
енгізу ✅ Пәнаралық байланысты күшейту |
Үнемі |
Пән мұғалімдері |
|
Жарыстар өткізу және мотивацияны арттыру |
✅
Пәндік турнирлер
ұйымдастыру ✅ "Өзгеріске 100 күн"
– оқушылардың сабаққа деген көзқарасының өзгеруін
бағалау жобасын
ұйымдастыру |
8 - 28 апта |
Пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі |
||
|
Психологиялық қолдау |
✅ Оқушылармен мотивациялық тренингтер
өткізу |
8 - 28 апта |
Психолог, сынып жетекшісі |
||
|
4 |
Қорытынды кезең |
Оқу жетістіктерін талдау |
✅ Оқушылардың бастапқы және соңғы нәтижелерін
салыстыру |
29 - 31 апта |
Пән мұғалімдері, әдіскер |
|
Оқу жетістіктерін көрсету іс-шаралары |
✅ "Өзгеріске 100 күн" қорытынды шарасын
өткізу |
32 – 33 апта |
Мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, сынып жетекші |
||
|
Болашаққа ұсыныстар әзірлеу |
✅ Бағдарлама нәтижелерін мектеп деңгейінде
талқылау |
34 апта |
Әдіскер, мектеп әкімшілігі |
Оқушыларды саралап, білім беруде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер:
-
«Сынып/иә» әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушылардың назарын сабаққа бұру үшін, зейінін шоғырландыру үшін қолданылады. Мұғалім «Сынып» дегенде, барлық оқушы бір мезетте, хормен «Иә» деп жауап қатып, тапсырмаларға назар аударады.
-
«Вай-фай» әдісі. Әдетте, оқушыларға тапсырма береміз, сол тапсырмаға сай уақыт бергенде «Апай, мен болып қалдым». «Қазір» деген жауапты көп аламыз, ол өзінің де, өзгенің де уақытын алып, жоспарланған сабақтың жүйесін бұзуға әкеледі. Осындай жағдай орын алмас үшін, оқушыларды тайм-менеджментке бағындыру үшін «Вай-фай» әдісін қолданамын. Тапсырма аяқталғаннан кейін, мұғалім «Вай-фай» деп дауыстап айтады, оқушылар 3 секунд ішінде қаламдарын қойып, оң қолдарын жоғары көтереді. Бұл тек уақытта бағыну емес, қимыл-қозғалысқа да бағытталған әдіс.
-
Ұшу/қону әдісі. Бұл әдіс өтілген тапсырмаларды немесе өтілген жаңа тақырыпты бекітуде сыныптан жылдам сұрау үшін қолданылады. Оқушыларға иә/жоқ жауаптардан тұратын сұрақтар қойылады, 3 секунд ішінде жауап дұрыс болса орнынан тұрып, егер жауап бұрыс болса, орнында отырып қалып жауап береді. Мұғалім орнынан тез тұрған оқушыларды аңдап тұрып, кімнің қаншалықты тақырыпты білгендіктерін біледі.
-
«Айналмалы уақыт» әдісі. Топтық жұмыста қолданатын тиімді әдістерімнің бірі. Оқушыларға тақырыпты болжау үшін, білім кеңестігін кеңейту үшін сұрақ беріп, ойлануға уақыт беремін. Әр оқушы өз жауаптарымен кезекпен-кезек бөлісіп, бір –бірін айнала отырып тыңдайды. Топтағы оқушылар толық қамтылады. Мұғалім жұмыс тобындағы оқушыларды ақырын тыңдай отырып, бақылайды.
-
«Дейін/кейін» әдісі. Жаңа тақырыпты меңгертуге қолданылатын әдіс. Оқушыларға тақырыпқа байланысты кестеге салып, тұжырымдама беріледі. Оқушылар алдымен дейін бөліктерін өз беттерімен, бұрын естіген мәліметтері бойынша белгі соғып толтырады. Одан соң, тақырып бойынша бейнеролик, мәтін беріліп, сол бойынша кестенің кейін бөлігін толтырады да, өз ойларымен бөлісіп, талдайды. Бұл әдіс жаңа тақырыптың оқушылардың миында ұзақ мерзімді жадында сақталуына көмектеседі.
-
«Сағаттық дос» әдісі. Бұл әдіс оқушылардың өзара қарым-қатынасын дамытуға және бірлескен жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс оқушыларды әртүрлі серіктестермен жұмыс істеуге ынталандырады және олардың коммуникативтік дағдыларын дамытады.
-
«Үстел үстіндегі ой» әдісі. Топтық жұмыста кері байланысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, өз идеяларын еркін жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырып немесе сұрақ ұсынады. Әр оқушы өз ойын қағазға немесе стикерге жазады. Барлық жазбалар үстел үстіне қойылып, топ мүшелері оларды оқып шығып, пікірталас жүргізеді. Топ ортақ шешімге келіп, өз тұжырымдарын сынып алдында қорғайды.
-
«Сезім картасы» әдісі. Оқушылардың эмоциялық интеллектін дамытуға және олардың ішкі сезімдерін білуге, шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін түсінуге көмектесетін тиімді тәсіл. Мұғалім оқушыларға шығарма бойынша сұрақтар береді. Әр оқушы осы жағдайға байланысты қандай эмоция сезінетінін айқындайды (мысалы, қуаныш, қорқыныш, таңдану, сенімсіздік). Арнайы дайындалған эмоциялар картасына оқушылар өздерінің сезімдерін белгілейді. Оқушылар өз ойларын бөлісіп, не үшін осындай эмоция сезінгенін түсіндіреді.
-
«Әдебиет шеңбері» әдісі. Әдеби шығармаларды терең талдауға және оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған тәсіл. Оқушылар топ ішінде өз позицияларына бөлінеді. Шығарма желісі бойынша сұрақтар құрастырады, шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігімен бөліседі, тақырыпты өмірмен байланыстырады, автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
-
Фанфикшн әдісі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдістердің бірі. Бұл әдіс белгілі бір әдеби шығарма немесе тарихи оқиға негізінде жаңа әңгіме, балама оқиға желісі немесе қосымша көріністер құруды қамтиды. Оқушылар белгілі бір шығарманы немесе оқиғаны негізге алады. Олар сол оқиғаға өз қиялынан қосымша бөлімдер, жаңа кейіпкерлер немесе басқа да өзгерістер енгізеді. Кейіпкерлердің мінез-құлқын өзгерту, олардың жаңа шешімдер қабылдауын қарастыру арқылы дамытады. Бастапқы оқиғаның басқа нұсқада аяқталуын жасауға мүмкіндік береді. Оқушылар автордың стилін сақтай отырып, өз мәтіндерін құрастырады.
-
Ақын ізімен өлең құрастыр" әдісі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, поэзияны тереңірек түсінуге көмектесетін әдіс. Оқушылар белгілі бір ақынның өлеңін оқып, оның тақырыбын, стилін, ырғақтық құрылымын талдайды. Мұғалім оқушыларға өлең жолдарының басын немесе белгілі бір құрылымды ұсынады. Оқушылар берілген стиль мен мазмұнға сүйене отырып, өз өлеңдерін жазады. Жазылған өлеңдер оқылып, пікір алмасу ұйымдастырылады.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, саралау әдістерін қолдану – білім сапасын арттырудың маңызды құралы. Әр оқушының қабілетіне, оқу қарқынына және қажеттіліктеріне сәйкес оқыту әдістерін икемдеу арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға болады. Бұл бағдарламада үлгерімі төмен оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуына жағдай жасау, оларды өз бетінше білім алуға бағыттау және оқуға деген ынтасын арттыру басты мақсат етіп алып отырмыз.
Қорыта келе, әрбір білім ордасы жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығарса, ал әрбір ұстаз – өз жұмысын адамгершілікпен,өз ісін біліп және шын көңілмен атқарса, сонда біз өзімізге лайықты болашақ пен өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз ете аламыз.С деңгейлі оқушылардың өзіне сенімділігін арттырып, оларды В деңгейіне көтеру — білім беру жүйесінің маңызды міндеті. Бұл мақсатқа жету үшін саралау әдістерін қолдану, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, мұғалімдер арасындағы коммуникацияны күшейту және горизонталды жоспарлау әдісін енгізу қажет. Бұл әдістер оқушылардың білім деңгейін арттыруға, олардың оқу мотивациясын жоғарылатуға және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді. Жоба аясында атқарылатын жұмыстар білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың даму деңгейін көтеруге және оқу сапасын жақсартуға ықпал ете аламыз.
ҰСЫНЫСТАР
Оқушылардың үлгерімін арттыру және саралау әдістерін тиімді пайдалану үшін төмендегі ұсыныстарды ескерген жөн:
1. Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау және жеке жұмыс жүргізу
- Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін жүйелі диагностикалық жұмыстар (тест, бақылау жұмыстары, сауалнама) жүргізу.
- Үлгерімі төмен оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, олардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтау.
- Әр оқушының мықты және әлсіз жақтарын ескеріп, жеке оқыту стратегиясын әзірлеу.
2. Саралау әдістерін жүйелі қолдану
- Сабақ жоспарына міндетті түрде мазмұн, үдеріс, нәтиже және қолдау деңгейі бойынша саралау әдістерін енгізу.
- Оқушылардың қажеттілігіне қарай оқу тапсырмаларының күрделілігін икемдеп, жеңілден күрделіге қарай бағыттау.
- Жеке, жұптық және топтық жұмыстарды теңдей ұйымдастырып, ынтымақтастық пен өзара қолдауды дамыту.
3. Оқытуда жарыс элементтерін қолдану
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін оқу процесіне викториналар, логикалық ойындар, квесттер енгізу.
- Жарыс нәтижелерін бағалау үшін марапаттау жүйесін қолдану (мадақтамалар, сертификаттар, ынталандыру сыйлықтары).
- Әрбір оқушының жетістігін атап өтіп, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыру.
4. Бағалау жүйесін жетілдіру
- Формативті бағалауды жиі қолданып, оқушыларға үнемі кері байланыс беру.
- Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістерін енгізу арқылы оқушылардың жауапкершілігін арттыру.
- Портфолио әдісін қолдану арқылы оқушының жеке даму траекториясын бақылау.
5. Мұғалімдер арасындағы көлденең жоспарлауды ұйымдастыру
- Пән мұғалімдері арасында саралау әдістері бойынша тәжірибе алмасу, әдістемелік отырыстар өткізу.
- Оқу бағдарламасын тиімді жоспарлау үшін мұғалімдердің пәндер бойынша бірлесе жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
- Әртүрлі пәндерде саралау әдістерін қолдану тәжірибесін зерттеу және ортақ стратегия құру.
6. Оқу мотивациясын арттыру
- Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығына сай әдістерді пайдалану (жоғарыда көрсетілген)
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жоба жасау, зерттеу жұмыстары, тәжірибелік тапсырмалар беру.
- Оқушыларға өз жетістіктерін сезіну үшін оларды үнемі қолдау және көтермелеу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тиімді саралау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бір қадам»

шағым қалдыра аласыз